166
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Бұлардың емі,
халқыңа махаббат,
халық ғаламға шапқат, қайратты, тұр-
лаулы, ғадалат ісінің алды-артынан
байқарлық білімі, ғылымы болсын...
Ол білім, ғылымы құдаға мұқтади
1
болсын. Ғылым әуелі ғалами ғылымға
мұқтади болсын. Яғни, құдай тағала
бұл
ғаламды жаратты, ерінбеді, ке-
лісімменен, хикметпенен кәмәлатты
бір
жолға салып жасады, сіздердің
ісіңізде бір жақсылық бина
2
қылып,
арқа сүйерлік шеберлікпенен болсын.
Және
құдай тағала әрине жаратты,
бір түрлі пайдалы хикметі бар. Сенің
де ісіңнен бір зарар шығып кеткен-
дей болмай, көпке пайда боларлық
бір үміті бар іс болсын. Бұларсыз іс
іс емес.
Бәлки бұларсыз тағат тағат
3
емес.
(«Құнанбайұлы А.
Шығармаларының екі томдық
толық жинағы» кітабынан,
Т.2., 142-б.)
1
Мұқтади (араб т.) – еру, бағыну, құлшылық ету.
2
Бина (араб т.)
– негіз, тірек.
3
Тағат (араб т.) – тыңдау, тәртіп, құлшылық ету.
Әдебиеттер
1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – Алматы:
Ана тілі, 1994. – 192 б.
2. Құнанбайұлы А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.1: Өлеңдер мен
аудармалар. – Алматы: Жазушы, 2005. – 296 б.
3. Құнанбайұлы А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т. 2: Өлеңдер мен
аудармалар, поэмалар, қарасөздер. – Алматы: Жазушы, 2005. – 336 б.
Достарыңызбен бөлісу: