Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет91/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   195
кітап тарбие туралы

АХМЕТ 
БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 
ШЫҒАРМАЛАРЫ 
«Оқуға шақыру»
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн 
жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген 
аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір 
жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін 
сүйреп,


174
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың 
орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ дау-
сы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғыр-
лаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң 
орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау 
болған.
(Байтұрсынов А. 
Шығармалары: Өлеңдер, 
аудармалар, зерттеулер/ Құраст. 
Шәріпов Ә., Дәуітов С. – Алматы: 
Жазушы, 1989. – 320 б., 130-б.)
«Тілек батам»
Я, Құдайым аққа жақ,
Өзіңе аян: мен нақақ.
Аққа деген жолымның
Абыройын ашпай, жап.
Аят пенен хадисте
Адал ниет, ақ іске,
Жаңылмасам, жоқ еді
Жаза тартсын деген бап.
Мені ұстатып, айдатып,
Зағырданды қайнатып,
Масайрасып, мәз болып,
Қуанғанды өзің тап!
Аз күндікке алданып,
Аз нәрсеге жалданып,
Адасқанын Алаштың
Түзу жолға түсір, хақ!
Жақын жерден жау шығып,
Мақұл сөзден дау шығып,
Дұшпан ұстап қолымнан,
Иттер тістеп тонымнан,
Маған тосу болған шақ.
Тұтқын болып тарығып,
Жалғыз жатып зарығып,
Ашу қысып, ойды алып,
Өт жайылып, бойды алып,
Дерт жүрекке толған шақ.
Қатты айтты деп кектемей,
Сыйынғанды тек демей,
Он екі имам әулие,
Жиырма сегіз әнбие,
Қолда, өңшең аруақ!
Қара балуан Жәнібек!
Қаз дауысты Қазыбек!
Жетім қалған халқыңа,
Тұлға болып артыңа,
Кім тиянақ қазық ед?
Құнсыз болып еріміз,
Жесір болып жеріміз,
«Жан менікі» дей алмай,
«Мал менікі» дей алмай,
Ит пен құсқа азық ек.
Барын салып таласқа,
Арын сатып қалашқа,
«Жұрт болалық» деген жоқ,
Жұрт қайғысын жеген жоқ,
Іріп-шіріп, азып ек.
Мұны көріп көзіміз,
Бірігер деп сөзіміз,
Кен болар деп балшықты,
Көл болар деп шалшықты,
Біз үмітпен қазып ек.
Дәреті жоқ аяқтар,


175
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Қорсылдаған саяқтар
Былғамасын қасыңды,
Қасиетті басыңды! –
Дегеніміз болмаса,
Қазаққа не жазып ек?!
Байлаттырған қолымды,
Бөгеттірген жолымды,
Жақыным бар, жатым бар,
Хабарлана жатыңдар!
Мен сендерге жүгіндім,
Төресі әділ – қазы деп!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет