188
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие
туралы тағылымдық мұралары
заттар жатады. Олардың көпшілігі
адам ағзасының қалыпты тіршілігіне,
белгілі мөлшерде ғана денсаулығына
қажет. Бірақ ол заттар қажетті мөл-
шерден асса не азайса, аурудың пайда
болуына себепші болады. Мысалы,
тамақтың құрамындағы йод жеткілік-
сіз болғанда, Базед ауруының пайда
болуы
немесе таулы жердегі ауада
оттегі аз болғандықтан, биіктік ауруы
не ауада көмірқышқыл газы, хлор,
т.б. көбейгенде, адамның улануына
соқтырады.
Физикалық әсерлерге температу-
ра, ылғал, ауа қозғалысы, атмосфер-
лік қысым, күн радиациясы, шу, элек-
тромагнит, т.б. жатады. Бұлардың да
көпшілігі ағзаның өмір сүруіне қа-
жет. Ал қажетті мөлшерден тыс жағ-
дайда адамға жағымсыз әсер етеді.
Мысалы,
шамадан тыс жоғары тем-
пература күннің ағзаға артық өтуі,
қатты айқай-шудың есту қабілетін
төмендетуі, тіпті саңырау болып қа-
луға жеткізеді, т.с.с.
Ағзаға
биологиялық әсер ететін
ауру туғызатын микробтар, вирус тар,
құрттар, т.б. бар. Олар түрлі жол-
дармен денеге өтсе, жұқпалы, пара-
зиттік ауруларды тудыраты ны белгі-
лі.
Психогендік әсерлерге сөз арқылы
немесе ұжымдық қарым-қатынас
нәтижесінде туындайтын түрлі жағ-
дайлар жатады. Олар адамның жаны
жайлы болса – жағымды, ал сүйек-
тен өтер сөз қорқыныш, ашу, қайғы,
реніш болса, мұның бәрі жағымсыз
эмоциялар тудырып, ағзаны түр-
лі өзгеріске ұшыратады. Ал
еңбек,
үй-тұрмыс және саяси-экономикалық
жағдайлар – қоғамдық әсер. Ғылыми-
зерттеулер арқылы кейбір аурулар-
дың халыққа көп таралуы қоғамдық
әсердің ықпалынан екені танылып
отыр.Экономикалық-әлеуметтік жа-
ғынан қамтамасыз етілмеген от-
басыларында,
жұмысшы-шаруалар
арасында туберкулез, нервтік-психи-
калық аурулар көп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: