Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет100/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

9.7.2. 
Сұйықтық деңгейлерін өлшеу 
Сұйықтықтың 
деңгейлері 
негізінен 
электростатикалық, 
индуктивтік жəне реостаттық түрлендіргіштермен өлшенеді. 
Сұйықтық деңгейлерін өлшеуге арналған аспаптар деңгей өлшегіш 
деген атауға ие болды. 
179 


9.14-сурет.
Электростатикалық түрлендіргіші бар деңгей өлшегіштің 
құрылымы мен тізбегінің құрылымдық сұлбасы 
Электростатикалық түрлендіргіші бар қарапайым деңгей 
өлшегіш (9.14-сурет) екі конденсатордан - деңгейін өлшейтін 
сұйықтыққа жүктелген жұмысшы C
p
жəне өтемдік С
к
, болады. 
Аспаптың өлшеуіштік тізбегі синусоидалық токтың көзі - 
трансформатор Т арқылы генератордан G қоректенеді. 
Трансформатордың екіншілік тізбегі жəне екі түрлендіргіш 
айнымалы токтың көпірін түзеді. Деңгей өлшеуіштің параметрлерін 
тұрақтандыру үшін өтемдік түрлендіргіш жұмысшы орта 
орналасқан ортаға орналасады. Сұйықтық деңгейін өзгерту 
жұмысшы түрлендіргіш параметрлерінің өзгеруін тудырады 
(сұйықтықта орналасқан конденсатор пластинасының ауданын 
өзгерту). Бұл ретте көпірлік сұлбаның тепе-теңдігі бұзылады. Көпір 
диагоналынан алынатын кернеу күшейткіш А арқылы деңгейді 
өлшеу бірліктерінде градусталған өлшегіш аспапқа Р келіп түседі. 
Электростатикалық түрлендіргіштердің параметрлері сұйықтықпен 
контактідегі электрод ауданына ғана тəуелді емес, сонымен қатар 
диэлектрлік қасиеттеріне де байланысты, түрлендіргіші бар көпірлік 
сұлба 
иінінде 
сұйықтықтан 
тыс 
орналастаны 
қосымша 
конденсаторлардан тұрады. 
Индуктивтік деңгей өлшегіште (9.15-сурет) трансформаторлық 
болаттан жинақталған түрлендіргіштің білігі 1 қалтқымен 2 
механикалық байланысты. Үстінде қалтқы бар сұйықтық деңгейін 
өзгеркен кездегі оның орын ауыстыруы дифференциалдық катушка 
3 өрісіне орналасқан біліктің күйінің өзгеруін тудырады. Білік күйін 
өзгерту 
трансформатордың 
екіншілік 
орамымен 
Т 
жəне 
дифференциалдық түрлендіргіш катушкасымен 3 түзілген көпірлік 
тізбектің тепе-теңдігін бұзады. Көпір диагоналіне қосылған 
өлшегіш аспап Р сұйықтық деңгейінің өзгеруіне пропорционалды 
кернеуді көрсетеді. 
Индуктивтік түрлендіргіштері бар деңгей өлшегіштердің 
ерекшелігі - білікшенің орын ауысына түрлендіргіштің толық 
кедергісі тəуелділігінің сызықты еместігі. Сызықтық еместік əсерін 
180 



9.15-сурет.
Дифференциалдық индуктивтік 
түрлендіргіші бар қалтқылы 
деңгей өлшеуіштің сұлбасы: 
1 - білік; 2 - қалтқы; 3 - 
дифференциалдық түрлендіргіш 
катушкасы. 
азайту үшін білікшенің орнын ауыстыру кем болуы тиіс. 
Индуктивтік түрлендіргіштері бар деңгей өлшегіштерде 
дабылдарды күшейту қажет емес. 
Жоғары дəлдіктегі сұйықтық деңгейлерін өлшеу үшін 
жылжымалы контактідері қалтқымен механикалық байланысқан 
реостаттық түрлендіргіштері бар аспаптар əзірленген. Мұндай 
деңгей өлшеуіштердің реостаттық түрлендіргіштері көпірлік 
сұлбаның екі иінінен тұрады. Көпірдің өлшегіштік диагоналіне 
бағушы реверсивтік электрлік қозғалтқыш қосылған. Қалтқы 
сұйықтыққа жанасқан сəтте деңгейді вольтметрмен өлшеуге 
(бақылауға) болады, бұл өлшеулер қателігін азайтуға мүмкіндік 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет