аспаптың нұсқауыры максималдық (шексіз) бұрышқа орын
ауысатын болады. Көрсеткіштің ауытқуы өлшенетін мəнге сөзсіз
тəуелді
болғандықтан, аспаптың
жылжымалы бөлігінің
(көрсеткішін) орын ауысу бұрышын ұлғайта отырып өсетін қарсы
əрекет ететін момент қажет. Заманауи ұқсас аспаптарда қарсы
əрекет етуші момент екі тəсілмен түзіледі:
• спиральдық серіппелер немесе жіптер (кергіш жəне артпа)
көмегімен, олардың бір ұшы жылжымалы, ал екінші ұшы аспаптың
жылжымайтын бөліктеріне бекітіледі.
Мұндай құрылғының қарсы
əрекет етуші моменті серіппені (кергішті) бұру (бұрау) бұрышыны
пропорционалды болады:
мұнда
W —серіппенің геомериялық өлшемі мен материалына
байланысты шекті қарсы əрекет етуші момент;
• электромагниттік өрістің энергия есебінен (логометрлерде).
Бұл жағдайда қарсы əрекет етуші момен өсетін момент ретінде
құрылады.
Осылайша, өлшеуші механизмде
туындайтын айналдырушы
момент қарсы əрекет ететін серіппені бұрайды (бұрады) (немесе
электромагниттік өрістің энергиясын өзгертеді) жəне айналдырғыш
момент қарсы əрекет етушіге тең болғанға дейін жылжымалы
бөлікті ауыстырады:
Осындай тепе-теңдік нəтижесінде жылжымалы бөлік, нақтырақ
аспаптың көрсеткіші бекітілген күйге жетеді.
(13.1) жəне (13.2) өрнектерінен моменттердің мəндерін (13.3)
қойып,
өлшенетін
шама
мен
аспаптың
құрылымдық
параметрлерінің мəндерінен механизмнің жылжымалы бөлігінің
орын ауысу бұрышының тəуелділігін алуға боалды:
мұнда F (а) — механизмнің кинетикалық энергияның оның
жылжымалы
бөлігінің
орын
ауысу
бұрышының
өзгеруі
сипаттамасы.
Өлшенетін шама өзгерген кезде сəйкесінше айналдыратын
момент өзгереді, бұл тепе-теңдіктің бұзылуына əкеледі (13.4).
Сондықтан да аспаптың жылжымалы
бөлігі моменттердің
айырмашылығының əрекетімен тепе-теңдік моментіне дейін əртүрлі
жаққа орын ауыстыратын болады. Мұндай орын ауыстыру үшін
қажетті уақытты аспаптың жылжымалы бөлігін тыныштандыру
уақыты деп атайды, ал тыныштықты қамтамасыз ететін құрылғыны
- тыныштандырғыш деп аталады.
Электромеханикалық аспаптардың жылжымалы бөлігі тіректерде
айналатын оське бекітіледі. Сондықтан да жылжымалы
М
пр
= αW,
(13.2)
М
вр
= М
пр
.
(13.3)
),
(
F
W
y
n
(13.4)
233
бөліктің ауытқуына тірек пен ось арасында туындайтын үйкеліс
күші əсер етеді. Үйкелістің əсері өлшенетін
шама аздап өзгерген
кезде пайда болады, ол кезде айналдырғыш момент үйкеліс күшін
еңсеруге қабілетті болмайды жəне жылжымалы бөлік өзінің күйін
өзгертпейді. Үйкелістің артуымен аспаптың сезімталдығы азаяды.
Үйкеліс күші электромагниттік аспаптарда үйкеліс моментімен
анықталады, ол жылжымалы бөліктің салмағына жəне оны орнату
тəсіліне байланысты болады:
М
тр
=
k
тр
G
n
,
(13.5)
мұнда к
тр
— үйкеліс
коэффициенті; G — аспаптың жылжымалы
бөлігінің салмағы; n — жылжымалы бөлікті орнату тəсіліне тəуелді
сан, n = 1,3... 1,5.
Үлкен айналдырушы момент бірдей өлшенетін шамада
механизмді дамытқан сайын,
механизмның осьі мен тірегі
арасындағы үйкелістің əсері соншалықты аз болады.
Достарыңызбен бөлісу: