ағындарды өлшеуде кең таралымға ие болды.
Тербелмелі гальванометр. Магниттік өрісі жылжымалы
электромагнитпен жəне тұрақты токпен құрылған магнитті
электрлік аспапты тербелмелі гальванометр деп атайды. Осындай
аспаптың жылжымайтын электр магнитіндегі
магнит өрісінде
созылуларға айнасы бар жылжымалы тұрақты магнит бекітілген.
Аспапты айнымалы ток тізбегіне қосқан кезде электр магниттің
өрісі қозады, ол жылжымалы магнит өрісімен өзара əрекеттесе
отырып оның тербелісін тудырады. Айнадан шағылған жарық
сəулесі шкалаға түсіп, ұзындығы электромагнит катушкасы
бойынша өтетін ток күшіне байланысты болатын жарқыраған
жолақ түзеді. Аспаптағы қарсы əрекет
етуші момент тұрақты
магнит өрісін түзеді.
Тербелмелі гальванометрлер өнеркəсіптік жиіліктің көпірлері
мен айнымалы токтың компенсаторларында нөлдік көрсеткіш
ретінде қолданылады.
Магнитті электрлік гальванометрлер əртүрлі шамаларды өлшеу
техникасында кеңінен таралған.
Гальванометрлер көмегімен
өлшеулер жоғары дəлдікпен жəне ең аз уақытпен орындалуы
мүмкін, егер аспаптың параметрлері келесі өлшеу шарттарына
сəйкес келсе:
• гальванометрдің сезімталдығы нақты қажеттіден аспауы тиіс,
себебі артық сезімталдық өлшеу процессін қиындатады;
• жеке тербелістер кезеңі қарапайымдарда минималдық жəне
баллистік гальванометрлерде максималдық болуы тиіс.
• критикалық кедергі тізбек кедергісінен 10...20%-дан
аспауы
тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: