8
Бос
зарядталған бөлшектердің электр өрісінің əсерінен
бағытталған қозғалысы
электр өтімділік тоғы деп аталады.
Әдетте электр тоғы оң зарядталған бөлшектердің қозғалысымен
бағыттас,
яғни
электрондардың
немесе
теріс
иондардың
қозғалысына қарама-қарсы деп есептеледі.
Электр тоғының қарқындылығы электр тоғының күші (немесе
тоқ) деп аталатын физикалық шамамен бағаланады.
Қандай да өткізгіштегі тоқ күші өткізгіштің көлденең қимасы
арқылы уақыт бірлігі ішінде өтетін зарядқа тең. Егер
Q — өткізгіш
қимасынан t
уақыт ішінде өткен заряд болса, онда тұрақты тоқ күші
I= Q/t.
Тұрақты тоқ электролиз кезінде кеңінен қолданылады.
(гальванопластика — оңай ажырайтын дəл металл көшірмелерді
алу), қала көлігінде (электропоездар,
трамвайлар, троллейбустар),
жарықтандырғыш
аспаптарда,
автоматика,
байланыс
құрылғыларында, өнеркəсіптік электроника жəне есептегіш
техника.
СИ жүйесінде заряд кулонмен (Кл), уақыт — секундпен (с), тоқ
күші — ампермен (А) белгіленеді. Тоқтың ірілеу бірлігі килоампер
(1 кА = 10
3
А), ал ұсақ бірлігі — миллиампер (1 мА = = 10
-3
А) мен
микроампер (1 мкА = 10
-6
А) болып табылады.
Практикада ондаған килоамперден микроампер үлестеріне
дейінгі тоқтар кездеседі. Ең таралған қыздыру шамдарының тоғы -
0,2…1,0 А, электр плитканың тоғы – 3…5 А, қуаты орташа электр
қозғалтқыштардың тоғы – 5…25 А.
Достарыңызбен бөлісу: