Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет7/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   145
сәулеттік материалтану

9
 
өзгереді.Ылғалтарқыштық 
материалдар 
табиғатына 
тәуелді 
болады.Олардың біреуі (сүрек) су молекуласын белсенді тартады – олар 
гидрофильді деп аталады. Басқалары (мысалы, битум) сумен дымданбайды 
– олар гидрофобты деп аталады. Материалға гидрофобтылық беру оның 
қасиетін арттырады. 
Ылғал беру – материалдардың қоршаған ауаға су беру қасиеті. Ол 
ауаның 60% ылғалдылығы мен 20°С температурасында материалмен 
тәулігіне берілетін су мөлшерімен анықталатын кебу жылдамдылығымен 
сипатталады. Су материал ылғалдылығы мен қоршаған ауа ылғалдылығы 
арасындағы теңдік орнамағанша, буланады.
Су өткізгіштік – материалдардың қысымда суды өткізу қабілеті. Ол Кф 
фильтрациясы коэффициентімен сипатталады, м/сағ. Су өткізгіштіктің 
қарсы сипаттамасы болып су өткізбеушілік саналады – материалдың 
қысымда суды өткізбеу қабілеті.Материалдың су өткізгіштігі оның 
кеуектілігі мен қуыс сипатына тәуелді болады. Онымен гидротехникалық 
құрылыс, тоннельдер, су резервуарын жасауда кездеседі. 
Суыққа төзімділік – материалдың сумен толықтырылған жағдайында 
көптеген алмакезек қатулар мен беріктік пен массаның азаюынсыз еруде
сонымен қатар, жарық, қабатталу, уатылу пайда болусыз төзу қабілеті. 
Бүліну су көлемі мұзға өтуде 9%-ға артуынан болады. Мұздың қуыс 
қабырғасына қысымы материалда созылу күштерін шақырады. Алмакезек 
қату мен еруге ұшырайтын фундаменттер, қабырғалар, шатырлар мен 
ғимараттың басқада бөліктерін тұрғызу үшін жоғары суыққа төзімді 
материалдар қолдану керек. 
Суыққа төзімділік белгісі ретінде суыққа төзімділік коэффициенті 
қызмет атқарады – материал беріктігінің R
мрз
сынағынан кейін R
нас
сумен 
толтырылған жағдайдағы беріктікке қатынасы
(1.8) 
Суыққа төзімділік коэффициенті 0-ден 1-ге дейін болады және материал 
құрылымына байланысты. К
мрз
> 0,75 материалдар суыққа төзімді. К
мрз

0,75 материалдар суыққа төзімсіз және фундаменттер, ғимарат іргесінде 
қолданылмайды.Қуысы жоқ тығыз материалдар немесе кішігірім ашық 
кеуектілік пен төмен су жұтқыш материалдар жоғары суыққа төзімділікке 
ие. 
.
мрз
мрз
нас
K
R
R





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет