77
Тәжірибелік қолдану үшін процестер кестесі туралы толық
ақпаратты aux параметрлері бар ps шақырту арқылы алуға болады; оған
қоса барлық пайдаланушылардың (а) процестері туралы ақпараттар
шығарылады, дескрипторға және процес контекстіне кіретін
мәліметтер бөлігі (u), сонымен қатар терминал анықталмаған
процестер шығады (x):
Жоғарыда келтірілген мысалда ps aux команданы процестер туралы
келесі ақпаратты шығарады: процесті іске қосқан пайдаланушы аты
(USER), процес идентификаторы (PID), нақ осы уақытта процес алып
жатқан процессорлық уақыттың пайызы (%CPU), бос емес жад пайызы
(%MEM), процес алып жатқан жадының жалпы көлемі, килобайт
(VSZ), әруақытта процес алып жатқан және тек процес аяқталғанда
ғана босайтын жады көлемі (RSS), терминал файлы (TTY), процес күйі
(STAT), процестің старт уақыты (START), қолданылу үстіндегі
процессорлық уақыт саны (TIME), бағдарламаны іске қосудың толық
жолағы (COMMAND).
Жұмыс барысында процеске ОЖ ресурстарына — оперативті
жадыға, файлға, процессорлық уақытқа қолжетімділік ашылады.
Процестер мен қолжетімділікті басқару арасында ресурстарды
үлестіру үшін ресурстарға операциялық жүйе ядросының құрамына
кіретін міндеттерді жоспарлау қолданылады, сондай-ақ жадыны қорғау
мен файлдар мен құрылғыларды бұғаттау механизмі қолданылады.
Міндетті жоспарлаудың негізгі атқаратын қызметі — жүйеге
түсетін жүктемені процестер арасында баланста ұстау, процестердің
артықшылықтарына байланысты процессорлық уақытты бөлу.
Жадыны қорғау механизмі басқа процестермен бос емес оперативті
жадыға процес қолжетімділігіне рұқсат етпейді (ортақ жадыны
пайдаланатын процес аралық байланыстан басқа).
$ ps aux
USER
PID
%CPU
%MEM
VSZ
RSS
TTY
STAT
START
TIME
COMMAND
root
[3]
root
1
0.0
0.0
1324
388
?
S
Jul06
0:25
init
2
0.0
0.0
0
0
?
SW
Jul06
0:00
[eventd]
lp
594
0.0
0.0
2512
268
?
S
Jul06
0:00
lpd
nick
891
0.1
0.1
2341
562
/dev/tty1
S
Jul06
0:18
bash
|