Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет2/97
Дата22.09.2022
өлшемі4.15 Mb.
#461154
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
44 Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық
«физика» П нінен 11-сынып жаратылыстану-математикалы ба ыт к нт, курсовой, 3D принтер, ИС-20 КМ08 Шолу коммуникация 76 сағат, ИС-19 КМ12 Операциялық жүйелер 52 сағат теория, ИС-20 КМ08 Өндірістік оқыту 144 сағат практика
Мезенцев К.Н. 
М442 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер: орта кəсіптік білім 
беру мекемелерінің студенттеріне арналған / К. Н. Мезенцев. — 5-ші 
бас., стер. — М. : «Академия» баспа орталығы, 2014. — 176 сб. 
ISBN 978-601-333-222-2 (каз.)
ISBN 978-5-4468-0710-9 
(рус.)
Жүйелік тəсілдеме тұрғысынан ақпараттық жүйелердің анализі мен 
синтезі мəселелері қарастырылған. IDEF0, IDEF1X, IDEF3 ақпараттық 
жүйелерді жобалаудың өнеркəсіптік əдістемелері туралы мəліметтер 
келтірілген. UML əмбебап модельдеу тілінің негізінде іске асырылған 
ақпараттық жүйелерді жобалаудың объектілік əдістемесін сипаттауға ерекше 
назар аударылған. Ақпараттық жүйелерді жобалау сапасын үздіксіз басқару 
əдістемесі жəне оларды енгізуден алынған экономикалық тиімділікті бағалау 
əдістері қарастырылған.
Орта кəсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған. 
Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар, қызметкерлер үшін 
пайдалы болуы мүмкін.
ӘОЖ 002.6(075.32)
КБЖ 32.973.202ші723 
© Мезенцев К.Н., 2010 
© «Академия» білім беру-баспа орталығы, 2010 
ISBN 978-5-4468-0710-9 (рус.) 
© Рəсімдеу. «Академия» баспа орталығы, 2010 
ISBN 978-601-333-222-2 (каз.)



КІРІСПЕ 
Қазіргі қоғамды инустрияландырудан кейінгі қоғамдеп атауға 
болады. 
Қазіргі 
болмысқаақпаратты 
жəне 
ақпараттық 
технологияларды адам іс-əрекетінің түрлі салаларында пайдалану 
тəн.
Ұйымдарды 
жəне 
жекелеген 
тұлғаларды 
ақпараттық 
ресурстармен қамтамасыз ету ақпараттық жүйелер көмегімен 
жүзеге асырылады. Осындай жүйелер автоматтық басқару жүйелері 
не автоматтық ақпараттық жүйелері ретінде іске асырылуы мүмкін.
Автоматтандырылған басқару жүйелері (АБЖ) белгілі бір 
шешімдерді қабылдау үшін, басқару объектісіне белгілі бір 
ықпалды қалыптастыру үшін пайдаланылады. 
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) жүйенің 
операторларына жəне оның пайдаланушыларына өндірістік қызмет 
үдерісінде пайдаланылатын белгілі бір деректерді береді. Осы 
оқулықта ААЖ қарастырылады. Есептеуіш техника саласында қол 
жеткізілген техникалық жақсарыстар арқасында осындай жүйелер
кең таралды.
Нақты уақыт өлшемі ішінде ауқымды деректер көлемін өңдейтін 
процесорлары бар дербес электрондық-есептеуіш машиналардың 
(ЭЕМ) пайда болуы ақпараттық ресурстарды жеке тұлғаларға да, 
ұйымдардың бөлімшелеріне де пайдалануға мүмкіндік берді. 
Желілік технологияларды дамыту желінің қашықтағы серверлерінде 
орналастырылған үлестірілген ақпараттық ресурстарды жəне 
үлестірілген есептерді пайдалануға мүмкіндік береді. 
Ақпараттық жүйелер күрделі жəне үлкен жүйелердің бір түрі 
болып табылады, сондықтан осындай жүйелердің анализі мен 
синтезін тек жүйелік тəсілдеме шеңберінде жүргізуге болады. 
Жүйелік тəсілдеме технологиясы: 

ақпараттық жүйенің құрылымын анықтауға;

жүйенің қажетті функцияларын белгілеуге;

жүйенің параметрлік анализі мен синтезін жүргізуге;
• 
ақпараттық 
деректер 
ағымының 
құрылымын 
жəне 
ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. 
Жүйелік тəсілдеме, сондай-ақ күрделі ақпараттық жүйелердің
анализі мен синтезін жүргізуге мүмкіндік береді. Кез келген күрделі 
ақпараттық жүйе жекелеген функционалдық қосалқы жүйелерден 



тұрады жəне үлкен жүйенің бөлігі болып табылады. Осындай жүйе 
сол үшін құрылған немесе сатып алынған ұйым болып табылады. 
Жүйелік тəсілдеме автоматтандырылған жүйелердің бірнеше 
ерекшеліктерін белгілеуді көздейді. 
Ақпараттық жүйе — бұл оның құрамына адам қатысатын 
жүйе. Адам ақпараттық жүйе құрамында жекелеген қосалқы жүйені 
құрады. Жалпы екі осындай қосалқы жүйені бөліп шығаруға 
болады:
1)
пайданалушылар —ақпараттық жүйелерді тұтынушылар;
2)
операторлар — осы жүйеге қызмет көрсететін жеке тұлғалар.
Ақпараттық жүйе жүйені белгілі бір функцияларын іске
асыратын жекелеген элементтерден тұрады. Элементтердің 
жиынтығы осы жүйенің құрылымын түзеді. Жекелеген элементтер 
жүйенің құрылымынан тыс жұмыс істей алмайды.
Дербес ЭЕМ саласындағы техникалық ілгерілеу ақпараттық 
жүйелерді жобалаудың автоматтандырылған технологияларын 
кеңінен енгізуге мүмкіндік берді. Осындай технологиялар 
жобалаудың CASE-жүйелері түрінде іске асырылады. CASE-
жобалау технологиялары: 

жаңа ақпараттық жүйлерді əзірлеуге;

бұрын құрылған немесе сатып алынған жүйелерді зерттеуге;

жүйені тапсырыс берушіге бергеннен кейін оған техникалық
қолдау көрсету үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйе құрамында оның негізгі элементі жүйенің пəн 
саласын ЭЕМ көмегімен өңдеуге жарайтын модель ретіндегі 
бейнесін білдіретін деректер ауқымы болып табылады. Ақпараттық 
жүйенің мақсатына байланысты осындай модель белгілі бір 
деректерді, құжаттарды, фактілерді жəне оларды өңдеу қағидаларын 
электрондық түрде ұсына алады.
Қазіргі уақытта пəн саласының модельдерін құрудың түрлі 
технологиялары əзірленген. Модельді құру Деректерді ЭЕМ 
көмегімен белгілі бір əдіснама бойынша өндеу технологиясымен 
тығыз байланысты.
Жүйенің функцияларын бағдарламалаудың жəне пəн саласын 
модельдеудің 
заманауи 
тəсілдемелерінің 
бірі 
объектілік 
технологияны пайдалану болып табылады. Осы технологияны іске 
асыру үшін С++, Jаvа, Objесt Pаsсаl сияқты жоғары деңгейдегі 
тілдер 
ұсынатын 
объектілік 
бағдарламалау 
құралдары 
қолданылады. Объектілік технология негізіндегі ақпараттық 
жүйелердің анализі мен синтезінің үдерісі UML əмбебап модельдеу 
тілі арқылы орындалады.
Объектілік технология постреляциялық типті деректер қорларын 



басқару жүйелерін (ДҚБЖ) құрған кезде кеңінен таралды.
Объекттілік парадигма ақпараттық жүйенің пəн саласында 
объектілерді белгілеу жəне олар арасында байланыстар орнату үшін
пайдаланылатын IDEFX1 əдіснамасында да өз көрінісін тапты. 
Объектілік əдіснамалармен бірге құрылымдық-функционалдық 
əдіснамалар кеңінен таралған. Осы əдіснамалар ұйымның бизнес-
үдерістерінің анализі мен синтезін орындауға мүмкіндік береді.
Құрылымдық-функционалдық əдіснама IDEF0 əдіснамасы түрінде 
пайдаланылады.
Ақпараттық жүйелерде өтетін үдерістер құрылымының анализі 
мен синтезі деректердің ағымдарын бағалау əдіснамасы жəне 
жұмыстар ағымының əдіснамасы сияқты түрлерінің көмегімен 
жүргізіледі. Жұмыстар ағымының анализі IDEF3 əдіснамасы 
шеңберінде жүзеге асырылады. Деректер ағымының анализі 
əдіснамасы не дербес, не жүйелік əдіснамалар құрамында 
пайдаланылады.
Жүйелік тəсілдеме ұйымдарға арналған ақпараттық жүйелерді 
əзірлеген кезде түрлі факторларды есепке алуды талап етеді. 
Ұйымның 
пəн 
саласын 
модельдеу 
жəне 
құрылымдық 
байланыстарын талдау үшін BAAN, Ora^ сияқты фирмалармен 
əзірлеушілерге 
ұсынылатын 
түрлі 
жүйелік 
əдіснамалар 
пайдаланылады. Жүйелік əдіснамаларға ұйымды модельдеуге жəне 
əзірленетін ақпараттық жүйенің функционалдық жəне құрылымдық 
ерекшеліктерін белгілеуге мүмкіндік беретін ARIS əдіснамасы 
жатады.
Жүйелік 
тəсілдеме, 
сондай-ақ 
ақпараттық 
жүйелерді 
пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтаған кезде жəне 
жүйе жұмысының сапасын бағалауға мүмкіндік беретін 
көрсеткіштерді есептеген кезде қолданылады.



1 - т а р а у


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет