Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет9/97
Дата22.09.2022
өлшемі4.15 Mb.
#461154
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97
44 Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық
«физика» П нінен 11-сынып жаратылыстану-математикалы ба ыт к нт, курсовой, 3D принтер, ИС-20 КМ08 Шолу коммуникация 76 сағат, ИС-19 КМ12 Операциялық жүйелер 52 сағат теория, ИС-20 КМ08 Өндірістік оқыту 144 сағат практика
1.3. 
Автоматтандырылған 
ақпараттық 
басқару 
жүйелерінің синтезі әдістері 
Ақпараттық жүйелердің синтезінің жалпы әдістемесі. Онда 
берілген ақпараттық жүйе зерттелетін анализбен салыстырғанда 
синтез үдерісінде оның оңтайлы қасиеттерін жəне тиісті 
көрсеткіштерін анықтау жолымен жаңа жүйені құру қажет. Бұл ретте 
синтездікң екі негізгі міндеті туралы айтуға болады: ғылым мен 
техниканың соңғы жетістіктері негізінде жаңа жүйені құру; 
пайдалану үдерісінде алынған нəтижелер негізінде қолданыстағы 
жүйені жетілдіру
Ақпараттық жүйенің синтезінің міндеті оның жұмыс істеу 
тиімділігі көрсеткіштерінің мағыналарына қойылатын талаптарға 
сүйене отырып оның құрылымын əзірлеуде жəне өлшемдерін 
айқындауда тұрады. 
Синтездің басты элементі жүйенің құрылымдық синтезі болып 
табылады, ол элементтердің жəне олар арасындағы байланыстардың 
оңтайлы құрамын белгілеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйелерде ақпаратты беру жəне өңдеу жүйесінің 
синтезі маңызды кезең болып табылады. Бұл ретте синтездің 
мынадай түрлерін белгілеуге болады: деректерді беру жəне өңдеу 
қосалқы жүйесі құрылымының синтезі; деректерді сақтау қосалқы 
жүйесі құрылымының синтезі. 
Басқару жүйелерінің теориясында синтез — мынадай негізгі 
мінддеттерді бірізді шешуді қамтитын көпқадамды қайталама
үдеріс:
• 
жүйені құру ойы мен мақсатын қалыптастыру; 
• 
жаңа жүйе бейнесінің нұсқаларын қалыптастыру; 
• 
жүйе бейнесі нұсқасының сипаттамасын өзара сəйкестендіру; 
• 
нұсқалардың тиімділігін бағалау жəне жаңа жүйенің бейнесін 
таңдау туралы шешім қабылдау
• 
басқару жүйесіне талаптарды əзірлеу; 
• 
басқару жүйесіне қойылатын талаптарды іске асыру 
бағдарламаларын əзірлеу; 
• 
басқару жүйесіне қойылатын əзірленген талаптарды іске асыру. 
Жаңа жүйені құру жаңа жүйенің түптұлғалары нұсқаларын ойлап 
табуды жəне əзірлеуді талап етеді. Ой алынған жобалық тапсырма, 
қолданыстағы жүйенің кемшіліктерін айқындау, практикалық 


22 
қажеттіліктің немесе жаңа ғылыми жетістіктердің туындауы 
негізінде пайда болады. Жаңа жүйенің түптұлғаларының 
нұсқалары жүйені құрудың жалпы мақсатын талдау, тапсырыс 
берушілердің қажеттіліктерін зерделеу негізінде қалыптастырылады. 
Бұл ретте ұқсас отандық жəне шетелдік жүйелердің жай-күйі жəне 
даму перспективалары есепке алынады.
Ақпараттық 
жүйелерді 
əзірлеген 
кезде 
пəн 
саласын 
тұжырымдамалық модельдеу маңыздылығы ерекше болады. 
Осындай модельдеудің мақсаты — пəн саласының объектілерін 
айқындау жəне олар арасында байланыстарды орнату. 
Әр қалыптастырылатын жүйе бейнесінің нұсқасы мынадац 
сипаттама түрлерін қамтиды: 
• 
құрылымдық 
— 
жүйе 
элементтері 
арасындағы 
байланыстардың, 
мақсаттарының 
жəне 
олардың 
кеңістікте 
орналасуының сипаттамасы; 
• 
функционалдық — жүйе шешетін функциялар, міндеттер, 
жүйенің жұмыс істеу тəртібі; 
• 
ақпараттық — кіріс жəне шығыс ақпараттың, жүйеде 
айналып жүрген ақпарат ағымдарының, деректерді беру жəне ұсыну 
əдістерінің сипаттамасы; 
• 
параметрлік — жүйені құрған кезде оларды қамтамасыз ету 
қажет жүйенің жекелеген қасиеттерін сипаттайтын сандық 
көрсеткіштердің (параметрлердің) тізбесі. 
Көрсеткіштерге қойылатын түрлі шектеулер түріндегі талаптар 
жаңа жүйе бейнесінің əр зерттелетін нұсқасының тиімділігін 
бағалау үдерісінде қалыптастырылады.
Жүйенің синтезі нəтижесінде əзірлеуші өз жүйесі бейнесінің 
бірнеше нұсқасын алады. Алынған сипаттамаларды өзара 
сəйкестендіру үшін мынадай əрекеттер орындалады: 
а) барлық сипаттама түрлерін (құрылымдық, функционалдық, 
ақпараттық, параметрикалық) салыстыру; 
б) сипаттамалар арасындағы қайшылықтарды жою; 
в) сипаттамаларды біріктіру, жүйенің қорытынды бейнесін алу.
Сипаттамаларды 
салыстыру 
 
құрылымдық 
жəне 
функционалды орындалады. Алдымен ақпараттық сипаттаманың 
үйлесімділігі туралы мəселе шешіледі. Функционалдық сипаттама 
блоктарды немесе құрылымдық сипаттау үдерістерін қамту үшін 
жеткіліксіз болуы мүмкін, онда оны кеңейту қажет. Жүйенің синтезі 
барсында белгіленген барлық құрылымдар функционалды 
сипатталуы тиіс. Содан кейін ақпараттық жүйе функционалдық 
жəне құрылымдық тұрғыдан қай шамада толықтырылғаны 
нақтыланады.


23 
Үш сипаттау түрін — құрылымдық, ақпараттық жəне 
функциональдық — салыстыру нəтижесінде жүйенің негізгі 
параметрлері белгіленеді, олардың мағыналарды жүйе жұмысының 
тиімділігін бағалау үшін пайдаланылады. Бұл ретте екі нəтижені 
алуға болады: параметрлердің талап етілетін мағыналары 
қолжетімсіз; параметрлердің талап етілетін мағыналары жекелеп 
қолжетімді. Бірінші жағдайда жүйенің құрылымына өзгерістер 
енгізіп, оның құрылымын қайта қарау қажет, екінші жағдайда - 
жүйенің синтезін қайта жүргізу қажет.
Қайшылықтарды жою – бұл жүйенің функционалдық қасиеттері 
негізінде құрылымдық сипаттамаға өзгерістер енгізу. Ол үшін 
жүйені пайдаланған кезде оң нəтижеге жетуге кедергі жасайтын 
негізгі қайшылықтарды айқындау жəне жою қажет. Осындай 
қайшылықтар 
болуының 
белгісі 
жүйенің 
функционалдық 
жеткіліксіздігі болып табылады.
Қайшылықтардың 
себептерін 
айқындау 
үшін 
жүйеенің 
құрылымдық жəне ақпараттық қасиеттерін талдауды жүргізеді. 
Қайшылықтарды жою үшін жүйе құрылымына өзгерістерді, жаңа 
элементтерді немесе қосалқы жүйелерді енгізу қажет.
Сипаттамаларды 
біріктіру 
жүйенің 
құрылымдық, 
функционалдық, ақпараттық қасиеттері мен параметрлері толық 
көлемде көрсетілген қорытынды нəтижені алғанда көрсетіледі. 
Жүргізілген синтез нəтижесінде жүйеге қойылатын талаптарды 
іске асыру бағдарламасы əзірленеді. Осындай бағдарлама жүйені 
құру үдерісінің мынадай негізгі ерекшеліктерін көрсетуге тиіс:
жүйені құру үшін жауапты орындаушыларға арналған мақсаттар мен 
міндеттер тізбесі; орындаушыларды ресурстармен (ақпараттық, 
материалдық) қатамасыз ету кестесі.
Басқару жүесіне əзірленген талаптарды іске асыру құрылған 
бағдарламаға сəйкес көрсетілген мерзімде оырндалады. Жалпы 
жүйелер теориясында пысықталған бағдарламаны іске асыруға 
бағытталған қызмет түрлерінің мынадай түрлері белгіленеді:
жүйені модельдеу, жобалау, құрылымдау, жасау жəне сынау, 
сондай-ақ жаңғырту жолдарын бағалау. 
Жүйені 
модельдеу 
жаңа 
идеяларға 
жəне 
ақпараттық 
технологияларға негізделген жұмыс қағидаттарын жəне деректерді 
өңдеу алгоритмдерін пысықтауды көздейді. Ішінара жəне толық 
модельдеуді ажыратады. Ішінара модельдеу жекелеген қосалқы 
жүйелер жұмысының алгоритмін дұрыс таңдауды тексеру қажет 
болғанда қолданылады. Ішінара модельдеу нəтижелері жүйені қайта 
модельдеу үшін жəне жаңа деректер негізінде жүйенің бейнесін 
қосымша пысықтау үшін пайдаланылады. Толық модельдеу жаңа 
жүйелерді əзірлеген кезде қолданылады.


24 
Жүйелерді жобалау — болашақ жүйенің барлық жұмыс циклін 
қамтитын үдеріс. Бұл ретте оны құру жəне жұмыс істеуін 
қамтамасыз ету үшін қажетті құралдар мен əдістер таңдалады.
Жүйені құрылымдау — жекелеген қосалқы жүйелердің кеңістіктік 
орналасуын жəне олар арасындағыөзара əрекеттесу қағидалары 
анықтау, бұл жүйенің интерфейсі тұжырымдамасында көрсетіледі.
Жүйені жасау — ақпараттық жүйенің қолданбалы бағдарламалық 
қамсыздандыруын, деректер қорын əзірлеу жəне өрістету үдерісі. 
Жүйені сынау — жүйенің дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Дұрыс 
жұмыс істеуін бағалау үшін, нəтижелері күні бұрын белгілі бақылау 
тапсырмаларын, сұрау салуларды орындау жолымен жүйенің 
бағдарламалық қамсыздандыруы ретке келтіріледі. Содан кейін 
жүйе тапсырыс берушіге пайдалануға беріледі. 
Жаңғырту жолдарын бағалау — тəжірибелі пайдалану 
нəтижесінде ақпараттық жүйе жұмысының тиімділігін бағалау. 
Ақпараттық 
технологиялар 
саласы 
айтарлықтай 
серпінмен 
сипатталады. Бұл ретте бағдарламалық жəне аппараттық 
қамсыздандырулар тез моральдық тозуға ұшырайды. «Өмір» 
уақытын ұзарту үшін жүйеге өзгерістерді уақтылы енгізу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет