Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет69/97
Дата22.09.2022
өлшемі4.15 Mb.
#461154
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97
44 Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

 
келісушілік. Транзакцияны орындау деректердің бүтіндігін 
бұзуға əкеп соқпауы тиіс. Мысалы, егер Т
1
кестесі Т
2
кестесімен
«біреуі көбіне» қатынасымен байланыстырылған болса, онда 
Т
2
кестесіне олар үшін Т
1
кестесінде болжамды кілтпен тиісті жазбасы 
жоқ сыртқы кілті бар жазбаларды қосуға болмайды; 
 
оқшауланғандық.Көппайдаланушылық жүйелерде деректерді 
өзгерту үдерісінде қақтығыстар болмауын қамтамасыз етеді. 
Осы жүйеелерде деректер қоры мен кестелерді бірнеше пайдаланушы 
өзара 
бөледі. 
Осындай 
қолжетімділік 
жағдайында 
деректер
келісушілігінің маңызы зор. Бір транзакция белгілі бір кестенің немесе 
кестелердің жазбасына қолжетімділікті алған кезде, ол аяқталғанша 
басқа транзакциялар осы жазбаларға қолжетімділікті ала алмайды


132 
ұзаққа жарамдылығы. Осы қасиеті транзакция ойдағыдай 
аяқталған жағдайда оның нəтижелері жоғалмайтынын білдіреді.
Қарастырылған қасиеттердің тиісті ағылшын атаулары бар: 
atomicity, consistency, 
I S O L A T I O N
, durаbility, сондықтан алдында 
аталған қасиеттерге ие транзакциялар қысқаша ACID-транзакциялар 
деп аталады. 
Көппайдаланушылық жүйелерде транзакцияларды топтастыру 
технологиясы да қолданылады. Ол екі қағидат негізінде іске 
асырылады: 
1) транзакция олар үшін бұрын басталған транзакция жабылмаған 
деректер қоры кестесінің жазбаларына қолжетімділікті ала алмайды; 
2) егер деректер қоры кестелерінің жазбаларына екі транзакция 
қатар жүгінген болса, олар ретпен орындалады.
Топтастыру қағидатын іске асыру бұғаттау механизмі көмегімен 
орындалады. Бұғаттау: 
1) деректер қорлары деңгейінде
2) жекелеген кестелер деңгейінде; 
3) беттер деңгейінде; 
4) жазба деңгейінде жүзеге асырылуы мүмкін. 
Бірінші жəне екінші типтегі бұғаттаулар транзакцияны өңдеу 
үдерісін едəуір баяулатуы мүмкін. Үшінші типтегі бұғаттау физикалық 
деңгейде орындалады, бет ретінде кестенің деректері жазылған қатты 
дискінің учаскелері түсініледі. Транзакцияларды өңдеуді жылдамдату 
үшін төртінші типтегі бұғаттау жүргізіледі- кестенің жолдары 
деңгейінде. 
Қолжетімділікті жеделдету үшін қатты жəне қатты емес бұғаттау 
қолданылуы мүмкін. Қатты бұғаттау транзакция кестедегі деректерді 
өзгертуді жүргізген кезде орындалады, басқа транзакцияларға 
өзгертілетін деректерге қол жеткізуге тыйым салынады. Қатты емес 
бұғаттаудеректерді алып шыққан кезде тиімді, бұл ретте басқа 
транзакциялар да осы деректеерді ала алады. Тек ешқандай басқа 
транзакция деректерді бұғаттамағанда ғана транзакция қатты 
бұғаттауды пайдалана алады.
Өзара бұғаттау кезінде транзакциялардың біреуі тоқтатылады жəне 
оны «кері шегіндіру» орындалады.
Транзакцияларды басқару жүйелері транзакциялардың екі негізгі 
типін 
қолдайды: 
таратылған 
жəне 
жергілікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет