Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Үйкеліс күші есебінен энергияның қандай түрленулері орын алады?  Мысалдар келтіріңдер. 3



Pdf көрінісі
бет15/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   204
8сынып физика (2)

2. Үйкеліс күші есебінен энергияның қандай түрленулері орын алады? 
Мысалдар келтіріңдер.
3. Ерте-ерте, ертеде адамдар бір денені екінші денеге үйкелеу арқылы от 
жағуды үйренді. Мұнда қандай процестер орын алады, не себепті от 
тұтанады?
4. Токарь станогында металдарды өңдегенде (жонғанда немесе тескенде) 
бұрғыға немесе кескішке үнемі май араласқан сұйықтық шүмектеп 
құйылып тұрады. Неге?
5. Дененің ішкі энергиясының механикалық энергияға түрленетіндігіне 
мысалдар келтіріңдер.
6. Шыныдан немесе темірден жасалған берік құтыға толтыра су құйып, ау-
зын жауып аязға қойсақ, жарылып кетеді. Бұл нені білдіреді? Құтыны 
жаруға жұмсалған жұмыс қандай энергияның есебінен атқарылды?
7. Конькимен мұз бетінде сырғанақ тебу мұздай жылтыр шыны бетіндегі 
сырғанақ тебуден әлдеқайда жеңіл. Себебін түсіндіріңдер.
ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК. КОНВЕКЦИЯ. СӘУЛЕ ШЫҒАРУ
1. Жылу алмасудың бірінші түріне 
жылуөткізгіштік құбылысы жа-
тады. Жылуөткізгіштік 
деп дене бөлшектерінің жылулық қозғалыс-
тары мен өзара әрекеттесулері барысында энергияның дененің қыз-
ған бөлігінен салқын бөлігіне қарай берілуін айтады.
Жылудың бір ортадан екінші ортаға жылуөткізгіштік жолымен 
берілетіндігіне көптеген тәжірибелер арқылы көз жеткізе аламыз. 
Қазанда қайнап жатқан сүтті темір ожаумен ұзағырақ араластыратын 
Жаттығу 1.2
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


19
болсақ, ожау сабының бірте-бірте қатты қызғанын сезінеміз. Ал ағаш 
ожаумен мейлінше ұзақ араластыруға болады. 
Денелердің жылуөткізгіштігінің әртүрлі болатындығын дәлелдейтін 
тағы бір тәжірибе жасайық. Жылуөткізгіштіктері зерттелетін ұзындық-
тары да, диаметрлері де бірдей
мыс, шыны таяқшаларын штативке 
бекітейік (сурет 1.8). Таяқшалардың бойына бірдей кішірек шегелерді 
бірдей аралықта балауызбен жапсырайық. Таяқшалардың бекітілмеген 
ұштарын түйістіріп, спиртовкамен қыздыратын болсақ, мыс таяқ-
шалардағы шегелердің шыныға жапсырылған шегелерге қарағанда жыл-
дам түсе бастағанын байқаймыз. Осылайша, мыстың шыныға қарағанда 
жылуды жақсы өткізетініне куә боламыз.
Тәжірибелерден мынадай қорытынды туындайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет