Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет175/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   204
8сынып физика (2)

жалған, кішірейтілген және тура болып келеді.
5. Ойыс айналар тәжірибеде өте кең қолданыс тапқан. Олар, 
жоғарыда айтқанымыздай, Ғалам кеңістігіндегі құбылыстарды зерт-
теп, мол ақпараттар жинайтын телескоп рефлекторлардың (сурет 7.10) 
ең негізгі бөлігін құрайды. Диаметрі үлкен ойыс айнаны Күнге қарсы 
қаратып, оның фокусында сәулелік энергияның күшті концентрация-
сын алуға болады. Күн энергиясын жинақтау үшін, әдетте, үлкен 
сфералық сегменттің ішкі бетін шаршылап кесілген жазық айналар-
мен қаптайды. Осылайша, Күн энергиясын жинақтайтын концентра-
торлар (шоғырлатқыш) жасалады. Мұндай концентраторлардың фо-
кустарында температура бірнеше жүздеген градусқа көтеріледі. Егер 
фокусқа жақындатып суы бар қазандық орнатса, онда су жоғары 
қысымдағы буға айналады да, бу турбиналарын және оның білігіне 
бекітілген генератордың зәкірін айналдырып, жұмыс істейді. Бұл 
тәсіл – Күн энергиясын электр энергиясына айналдырудың кең тарай 
бастаған тәсілдерінің бірі болып табылады.
Ойыс айнаның фокусына орнатылған электр доғасынан шығатын 
қуатты жарық айнадан шағылып, сондай қуатпен кеңістікке парал-
лель сәулелер шоғы түрінде тарайды. Мұндай қуатты сәулелер шоғы 
алыстағы денелерді жарықтандыра алады. 
Прожекторлардың жұмыс 
істеуі осы принципке негізделген. Кейінгі кездері прожекторлардың 
қызметін аса қуатты лазер сәулелері ығыстыра бастады.
Ойыс айналар өз фокустарына көрінетін жарықты ғана емес, кез кел-
ген көрінбейтін электрмагниттік сәулелерді де (ультракүлгін, инфра-
қызыл сәулелерін және радиотолқындарды) жинақтай алады. Ойыс ай- 
налардың осындай қасиеттеріне негізделіп радиоастрономия, радиоло-
кация, дециметр және сантиметр толқын ұзындықтарында жұмыс жа-
сайтын радиобайланыс пен теледидар қондырғылары пайдаланылады. 
Дөңес айналардың қолданыс аясы тар. Олар негізінен автокөлік-
терде және сауда дүкендерінде қолданылады. Бұндай орындарда дөңес 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


191
айналардың басқа айналарға қарағанда айналаны көбірек қамтып, 
шолу жасай алатын артықшылықтары пайдаланылады. Расында да, 
дөңес айнаның арқасында көлік жүргізушісі де, дүкен қызметкері де 
өз орындарынан аумағы мен ауданы үлкен алаңды көріп, бақылай 
алады.
1. Сфералық айналар деп қандай айналарды айтады және олардың қандай 
түрлері бар? Сфералық айналарға қатысты қандай ұғымдар мен термин-
дер бар? Суреттерін салып түсіндіріңдер.
2. Сфералық айналардың оптикалық өстеріне параллель сәулелердің ша-
ғылу ерекшеліктері қалай қорытындыланады? Бұл қорытынды қалай 
дәлелденеді? Суретін салып дәлелдеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет