Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет176/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   204
8сынып физика (2)

3. Сфералық айналарда нәрселердің кескіндерін салу үшін қандай сәуле-
лерді пайдаланады және олар қалай таңдалады? Суреттерін салып 
түсіндіріңдер.
4. Ойыс айнадағы кескіндер нәрсенің орналасуына байланысты қалай 
өзгереді? Дөңес айнадағы кескіннің ерекшелігі қандай? Суреттерін са-
лып сипаттаңдар.
5. Сфералық айналар практиканың қандай салаларында қолданылады?
1. Дөңес айнаның жорамал фокусының орны да, ойыс айнаның фокусының 
орны да бір түрлі теңдеумен анықталатынын дәлелдеңдер.
2. Диаметрі 0,5 м сфераны тең екі сегментке (жарты сфераға) бөліп, 
екі сфералық Күн концентраторын жасау үшін олардың ішкі бетін 
қаптайтын қабырғалары 3 см және 5 см жазық шаршы (квадрат) айна-
лар қолданылады. Әр концентраторға қанша жазық айна керек болаты-
нын есептеңдер.
3. Ойыс айнаға негізделген концентратормен жұмыс жасайтын 
Күн электр 
стансысының сызба жобасын жасаңдар. Оған қажетті қондырғыларды 
қысқаша сипаттаңдар.
4. Күн концентраторымен су жылытатын қарапайым қондыр ғының сызба 
жобасын жасап, тұрмыста қолдана алатын моделін мектеп шеберхана-
сында құрастырыңдар.
Ерте заманда кемелерге бағдар көрсететін ең үлкен маяк әлемнің жетінші 
кереметі – Александрия маягі (сурет 7.13) болып табылады. Маяк Ніл өзенінің Фа-
рос аралына құя берісінде орналасқан Александрия қаласына жақын салынған. 
Жаттығу 7.2
Ғылым мен техниканың даму тарихынан
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


192
§38.
 
Аңызға сенсек, маяктің ұшар басына орнатылған 
үлкен айнадан Грекия жағалауынан шыға бастаған 
кемелерді көруге болады екен. 
Биіктігі 120 метрдей (кей деректерде 180 м) 
болатын маяк көп қабатты үш деңгейлі мұнара 
түрінде салынған сол замандағы (біздің жыл са-
науымыздан 300 жылдай бұрын) ең ірі құры-
лыс болатын. Оның жоғарғы деңгейіндегі мұна-
рада жалындаған, өшпейтін от ұдайы жанып 
тұрыпты. Мұнара басында көптеген таңғаларлық 
техникалық құралдар: флюгер, астрономиялық аспаптар, қоңыраулы сағаттар, 
от жалыны сәулесін алысқа жіберетін ойыс металл айналар мен линзалар-
дан тұратын ғажайып қондырғылар орнатылыпты. Маяк прожекторы от-жалын 
сәулесін 60–100 км қашықтыққа дейін таратып, кемелерге бағдар көрсететін бо-
лыпты. Сәулетші Сострат Книдский жобалаған маяк жоспарланған 20 жыл орнына 
5 жыл ішінде толық салынып, 7 ғасырға жуық қалтқысыз жұмыс жасапты.
XIV ғасырдағы күшті жер сілкінісінен кейін толығымен қираған маяктың орны-
на, біраз жыл өткізіп барып, түріктер Кайт-Бей қорғанын тұрғызады. Александрия 
маңындағы Фарос аралында бірнеше рет түзетіліп салынған бұл қорған осы кезге 
дейін өз келбетін жоғалтқан жоқ.
2015 жылы Мысыр (Египет) өкіметі әлемнің жеті кереметінің бірі болып табы-
латын Александрия маягін қайта тұрғызуға шешім қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет