Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Физикада табиғат құбылыстарын қарастырғанда  механикалық  энергия (белгіленуі Е м



Pdf көрінісі
бет34/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   204
8сынып физика (2)

4. Физикада табиғат құбылыстарын қарастырғанда 
механикалық 
энергия (белгіленуі Е
м
) және 
ішкі энергия (белгіленуі U) ұғымдары-
мен қатар, 
толық энергия (белгіленуі Е) деген ұғым енгізіледі. 
Құбылыстарды тек механикалық көзқарас тұрғысы нан сипаттайтын 
болсақ, көптеген қайшылықтарға душар боламыз. Солардың бірі – 
жылулық процестерді ескермеген жағдайда механикалық энергияның 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


43
сақталмай «жойылуы». Мұндай көзқарас 
әлемнің механикалық 
көрінісінің шектеулі екендігін көрсетеді. Физиканың дамуы бары-
сында
механикалық құбылыстарға қоса жылулық құбылыстарды да 
қарастыратын 
әлемнің молекулалық-термодинамикалық көрінісі 
қалыптасты. Бұл көзқарас бойынша табиғаттың әмбебап іргелі заң-
дарының бірі энергияның сақталу заңы былайша тұжырымдалады:
Сыртқы ортамен жылу алмаспайтын тұйық жүйеде денелердің 
толық энергиясы сақталады.
Бұл заңды басқаша былай айтады: 
Сыртқы ортамен жылу алмас-
пайтын тұйық жүйеде денелердің толық энергиясы механикалық 
энергия мен ішкі энергияның қосындысынан тұрады және бұл 
қосынды сақталады: 
Е
 
= Е
м 
+ U = сonst.
5. Денелер жүйесінің толық энергиясы қандай жағдайда сақталаты-
нын көрсетейік. Біз жоғарыда (§8) ішкі энергияны өзгертудің екі тәсіліне 
тоқталған едік. Олардың бірі – 
жұмыс жасау, екіншісі – жылу алмасу 
болатын. Энергияны өзгертудің мұндай қасиеттері толық энергияға да 
тарайды. Сөйтіп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет