Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Электр заряды деп материяның заттық түрімен байланысқан



Pdf көрінісі
бет78/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   204
8сынып физика (2)

Электр заряды деп материяның заттық түрімен байланысқан 
электр және магнит өрістерін туғызатын оның айрықша қасиетін 
айтады.
6. Зарядталған бөлшектерді (электрондар мен иондарды) өз бойлары-
нан өткізе алатын да, алмайтын да денелер мен заттар бар.
Сурет 4.4: 
а) көміртек атомы; ә) өткізгішб) электроскоптар
а)
ә)
б)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


92
Электр зарядын өткізетін немесе өткізбейтін денелерді анықтау 
үшін тағы да тәжірибеге жүгінейік. Электр зарядын өлшейтін екі гра-
дуирленген электроскоп алып (сурет 4.4, 
б), оларды бір-біріне жақын 
орналастырайық. Олардың біреуін зарядтайық та, оны металл шыбық 
арқылы екіншісімен жалғастырып, тілшелерінің қозғалысына зер сала-
йық. Сонда зарядталған электроскоптың зарядының азайғанын, ал оның 
есесіне екінші электроскоптың сонша зарядты иеленгенін көреміз. Бұдан 
металл шыбығының бойымен 
зарядталған бөлшектердің бір электро-
скоптан екінші электроскопқа өткенін көреміз. 
Өткізгіштер 
деп электр тогын (бағытталған еркін зарядтарды) 
өз бойынан өткізе алатын заттарды айтады.
Металдар (сурет 4.4, ә) мен тұздардың судағы ерітінділері, қыш-
қылдар мен сілтілер, көмір мен мыс купоросы жақсы өткізгіштер болып 
табылады.
7. Жоғарыдағы тәжірибені металл шыбығының орнына шыны шыбы-
ғын пайдаланып, қайта жасап көрейік. Бұл жолы зарядталған электро-
скоп зарядын өзгеріссіз сақтап, ал екіншісі бейтарап қалпында тұра береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет