Шолу бұрыштарының сипатты мəндері — 170°/170°, бөлек модельдерде
178°/178° жетеді.
СК-монитордың ажыратымдылығы
бөлек СК-ұяшықтың өлшемімен,
яғни пиксельдердің белгіленген өлшемімен анықталады. Мысалы, 34-
дюймді маонитордың матрицасының ажыратымдылығы 3440 х 1 440.
Жарықтық — СК-мониторларды таңдау кезіндегі ең маңызды
параметр. СК-монитордың типтік жарықтығы 250 ... 400 кд/м
2
.
Бұл кезде
СК-монитордың центрінде жарықтық экран шетіне қарағанда 25 % көбірек
болады.
СК-мониторының
кескінінің кереғарлығы бейнесигналдың
деңгейі ең
азынан көбіне дейін өзгерген кезде оның жарықтығы қанша есе
өзгеретіндігін көрсетеді. Қазіргі заманғы мониторлар үшін 700 : 1 -ден
1 000: 1 дейінгі кереғарлықтың мəні сипатты.
ЖК-монитордың
инерциялылығы оның ұяшығын активтендіру үшін
қажетті ең аз уақытпен сипатталады, жəне 5 мс жетеді.
Масса-ауқым сипаттамасы мен энергия тұтынуы СК-мониторларды
ЭСТ-мониторлардан ажыратады. Көптеген модельдердің салмағы
біренеше
килограмнан аспайды, ал экран қалыңдығы – 20 мм. Жұмыс
режимінде тұтынатын қуат 35...80 Вт аспайды.
СК-мониторлардың көптеген модельдері
орнатылған динамикамен,
сонымен қатар USB, құлаққаптарды қосу үшін жалғағышпен
жабдықталған. Бұдан басқа, дауыстың сырт көзіне жəне дауыстық картаға
қосылу үшін олардың микрофонды кіруі мен аудиошығысы болады.
4.1.3.
Плазмалық мониторлар
Достарыңызбен бөлісу: