Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет70/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

 
Оверхед-проекторы (Over Head Projector — басының үстінде 
орналасқан проектор) — проекциялау аппараты, мұнда дереккөзінен 
кескін көлбеу проекциялаушы айна көмегімен экранға проекцияланады. 
Құрылымдық түрде проекциялық шамды орналастыру орнына байланысты 
оверхед-проекторлар шағылдырғыштық жəне жарықтандырылған деп 
бөлінеді. 
Қазіргі күндері сирек қолданылатын шағылдырғыштық проекторлар 
арнайы мөлдір пленкаға түсірілген кескіндерді проекциялауға арналған 
шағын құрылғыны береді. Шағылдырғыштық проекторлар СК- 
панельдерімен қатар қолданыла алмайды, себебіпроекциялаушы шамның 
қуаты өте үлкен. 
Жарықтандырылған проекторлар (4.12-сурет) оларда проекциялау 
шамы оның негізі ішінде құрылғының жұмыс бетінің астында 
орналасатындығымен ерекшеленеді, шам қуаты он есе көбейтілген жəне 
оптикалық схемада көрсетілгендей желдеткіш көмегімен оны мəжбүрлеп 
салқындату бар. Мұндай құрылым кескін көзі ретінде тек қана мөлдір 
пленканы емес, сонымен қатар одан да мөлдір СК-панельдерін қолдануға 
мүмкіндік береді. 
4.12 
-сурет. Жарықтандырылған оверхед-проектордың оптикалық схемасы
145 


ДК видеоадаптеріне жалғанған СК-панельді проектордың 
жұмыс бетіне мөлдір пленка ретінде орнатады. Проекциялаушы 
шамнан жарық ағыны арнайы фокустағыш линза арқылы СК- 
панельді жарықтандырады, ол арқылы жəне шашыратқыш линза 
арқылы өтіп, проекциялау айнасына келіп түседі. 
Құрылымы жəне сыртаумақтық өлшемі бойынша СК-панель 
Notebook типті ДК дисплейіне ұқсайды, бұған қоса оның 
корпусында кескін параметрлерімен басқару құралдары орналасқан. 
Компьютерге жалғанатын
оверхед-проектормен 
қалыптастырылатын кескін сапасы СК-панельдің сипаттамасымен 
анықталады, 
олар жайпақ 
панельді 
СК-мониторлардың 
сипаттамасына ұқсас: өлшем, ең көп ажыратымдылық, түстердің 
жаңғыртылатын реңк 
саны,
жарықтық. 
Экранның 
ажыратымдылығына байланысты экранының сəйкес ең көп 
ажыратымдылығы бар келесі типті СК-панельдерді айырады: VGA- 
панельдері (640 х 480); SVGA-панельдері (800 х 600); XGA- 
панельдері (1 024 х 768); SXGA- панельдері (1 280 х 1 024); FullHD 
панельдері (1 920 х 1 080). 
СК-панель жұмысын басқару үшін кабель немесе радиоарна 
бойынша компьютердің тізбекті портына жалғанған, адаптермен 
қосылған дистанциялы тінтуірі. 
4.2.2. Мультимедиялық проекторлар 
 
Мультимедиялық проекторда проекциялау шамы, СК-матрица мен 
оптикалық жүйе бір корпуста құрылымдық түрде орнатылады. 
Мульмедиялық проектор əрекет ету принципі бойынша оверхед- 
проектордан ерекшеленбейді: ДК видеоадаптерының сигналымен 
басқарылатын проекторға кіріктірілген электронды-оптикалық модулятор 
жəне қуатты проекциялаушы шам көмегімен кескін түзіледі, содан кейін 
оптикалық 
жүйе 
арқылы 
сыртқы 
экранға 
проекцияланады. 
Мультимедиялық проекторлардың негізгі ерекшелігі модулятор құрылымы 
жəне экранға кескінді ауыстыру, тұрғызу əдістері болып табылады. 
Модулятрдың құрылымына байланысты проекторлар келесі типті болады: 
TFT-проекторлар, 
полисиликондық проекторлар жəне DMD/DLP- 
проекторлар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет