Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған


Шекспир шығармашылығының үшінші дәуірі



бет69/111
Дата20.03.2023
өлшемі0.54 Mb.
#470972
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   111
Î?óëû? Æî?àðû î?ó îðûíäàðûíû? 050117 «?àçà? ò³ë³ ìåí ?äåáèåò³» ì

Шекспир шығармашылығының үшінші дәуірі


Шекспир шығармашылығының үшінші дәуірінде (1608– 1612 жылдары) үлкен өзгерістер болады. Яков І-нің озбырлығы күшейген уақытта Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистік идеяларды іске асыру ойы соққыға ұшырайды. Театр ойындары корольдің қатаң бақылауына алынады. Енді қайғылы, адамды толғандыратын, үлкен қоғамдық-саяси оқиғаларды бейнелейтін трагедиялар емес, ал көрерменге жеңіл әсер ететін трагикомедиялық мазмұндағы пьесалар туа бастайды. Бірақ осындай уақытта да ұлы драматург өзінің гуманистік идеяларына адал болып қалады. Кейбір шығармаларының ақыры жақсылықпен аяқталғанымен, сол дәуірдегі қоғаммен мәмілеге келмейді, керісінше ақсүйектердің зұлымдығын сынайтын пьесалар жазуын жалғастырады.


Шекспир шығармашылығының осы дәуірдегі маңызды ерекшеліктері оның трагикомедиялар түріндегі «Қысқы ертегі»,
«Цимбеллин» және «Боран» пьесаларында айқын көрінеді. Шекспир бұл жанрды шарасыз қабылдағанымен, оған адамгершілік идеяларды енгізеді. Оның осы тектес шығармаларында шынайы оқиғалар қиял-ғажайып ертегілермен араласып кетеді және оларда адам бойындағы жақсы қасиеттер жаман қылықтардың үстінен
жеңіске жетеді. Шекспир гуманизмі бұл туындыларда анық көзге түседі.
«Цимбеллин» шығармасында (1609) әділетсіз сарай ақсүйектерінің жауыздығы, Имогена тарихы, король Цимбеллиннің орманда тәрбиеленген екі ұлы туралы оқиғалар көрініс тапқан. Имогена мен Постум бір-біріне ғашық болады. Бірақ Цимбеллин қызын кейінгі тоқалынан туған ұлы, залым Клотенге бергісі келеді. Қыз болса әкесінің де, өгей анасының да талаптарынан бас тартады. Тоқалының айтқанынан шыға алмаған Цимбеллин қызын үйінен қуып жібереді. Қыз қанша ауыр жағдайларға душар болғанымен, өз сүйіктісіне адал қалпында қалады.
«Қысқы ертегі» пьесасындағы (1610) оқиға қиялдан туған бір мемлекетте өтеді. Шығарманың атын кітаптағы бір қаһарман «Қыс мезгіліне қайғылы ертегілер сай келеді» деп белгілеп береді.
Сицилия королі Леонт ойламаған жерден әйелі Гермионаны қызғанып, оны опасыздықта айыптайды. Қайғыға душар болған ханым із-түзсіз жоғалады және он алты жыл қызғаншақ ерінен жасырынып жүреді. Осы уақыт ішінде олардың дерексіз кеткен, қыстақта тәрбиеленген қызы Утрата табылады.
Пьесада табиғат құшағындағы бейғам өмір сарайдың жиіркенішті тіршілігіне қарсы қойылады. Леонт ешқандай негізсіз Гермионаны кіналайды. Бұл күдіктер Леонттың қатыгездігі мен ақымақтығы салдарынан болған еді. Пьесада Леонт жауыз, Гермиона – оның құрбаны, қызметші әйел Паулина болса адалдықтың мысалы.
«Қысқы ертегідегі» қиял арқылы шынайы тұрмыс оқиғалары, яғни жақсылық пен жамандықтың тартысы бейнеленеді. Шығармада гуманистік идея – жастық пен әділдіктің әділетсіздік үстінен жеңіске жетуі айқын көрініс тапқан.
«Боран» пьесасы (1612) - Шекспир талантының соңғы жемісі. Пьесаның бас қаһарманы Миланнан қуылған герцог, ғалым Просперо (итальянша «бақыт» деген мағынаны білдіреді) өз қызы Мирандамен бірге мінген кемесі апатқа ұшырап, белгісіз аралға шығып қалады. Бұл жерде ол табиғат сырларын үйренеді, «жауыз» күштерді бағындырады, оларды адам қызметіне пайдаланады. Боран Проспероның мансабын зорлықпен тартып алған ағасы, залым Антонийдің кемесін осы аралға алып келеді. Антониймен бірге келген адамдар бір-біріне қастандық ойлайды. Тек Просперо ғана қол астындағы «күштер» көмегімен қираған кемені жөндеп, ондағы
зұлым, жаман ниетті жандарды жақсылыққа қайта тәрбиелеп, Италияға аман-есен оралуына себепші болады.
«Боран» пьесасы жазушының адам бақыты жайындағы ойларын қорытындылайды. Сонымен бірге бұл пьеса шынайы тұрмысқа негізделген әдеби өсиетнама да.
Жазушы болашақта әділетті жаңа қоғамның орнайтындығына үлкен сеніммен қарайды. «Адам қаншалықты сұлу десеңізші!», - дейді Миранда.
Бұл комедияда Шекспир шығармашылығының екінші дәуіріне тән болған қорқынышты оқиғалар, қайғылы өлімдер көрінбейді. Оның негізгі тақырыбы - адамның табиғатты бағындыруы туралы пікір. Просперо - табиғаттың басқа күштері сияқты боранды да адам қызметіне бойсындырғысы келген Фауст тақылеттес қаһарман, Қайта өрлеу дәуіріндегі идеяларды бейнелеген ұлы адам. Ол аралда жеке өзі қалып қоймайды, «боранды» жеңіп шыққан жан сипатында адамдар ортасына қайта оралады. Миранда мен Фердинанд жас ұрпақтың шынайы, жанды образдары, олар ортасындағы адал махаббат – бақытты өмір жайындағы Шекспир арманының жарқын көрінісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет