Оқулық «Мәдениеттану»



бет54/57
Дата03.01.2022
өлшемі1.81 Mb.
#451815
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Мадениет тану экзамен

Шығыстық тип

Батыстық тип

Қазақи тип

Микрокосм

Виртуалдық

Интросубьект

Біртұтас дүние



Макросм

рационалдық

субьект-обьект

Өзгермелік дүние




Жарық Дүние

Адамгершілік

Субьект-субьект

Адамдандарылатын дүние




Психология

Мистика


Тұйық қоғам

Технология

Ғылым


Ашық қоғам


Эколоргия

Этика


Сұхбаттастық қоғам


Өзін тану

Дін


Тағдыр

Идеализм


Поэзия

Егіншілік




Табиғатты тану

Философия

Белсенделік

Материализм

Проза

Урбанистік



Адам болу

Дәстүр


Қарым-қатынас

Синкеретиз

Эпос

Қауымдық



Әрине, бұл типтік белгілерді сол күйіңде тікелей эмприкадан іздеу қатедік болар. Идеалды тип белгілі бір нәрседік саланың эмпириялық көрінісін жалпылау жолында емес, ал осы саладағы мәндіні ой тұрғысынан мұрат дәрежесіне көтеру арқылы қалыптастырылады. Тағы бір ескеретін нәрсе: бұл кестені еуразиялық мәдени типтің болашақ потенциялын көрсету мақсатында келтірдік. Ал мүмкіндіктің шындыққа айналуы диалектикалық процесс.

Қазақстан жағдайында еуроазиялық-қазақи мәдени тип пен орыстілді мәдениет өкіддерінің арасында көптеген ұқсастық бар. Әрине, соңғылардың менталитеті әр уақытта православиедік дінге және Ресейдің қамқоршылығына бағытталған. Алайда Кеңес Одағына қаншама әділ теріс баға бергенімен, бір нәрсені мойындау керек. Халықтар достығы тек жалған ұран емес, қарапайым адамдардың ментальдық қасиетіне айналды. Сол себепті Қазақстанның халқының көпшілігі 1991 жылдың наурызында Кеңес Одағын сақтап қалуды жақтап дауыс берді. Бұдан олар Қазақстанның тәуелсіздігіне қарсы деген тұжырым тұмауы керек. Қысқаша айтқанда, өздерін Қазақстан Республикасының азаматтары деп сезінетін еуропатектестер еуразиялық менталитетке ие болып, республиканың өркениетті елдер қатарына қосылу жолында жемісті қызмет атқара алады.

Сонымен, еуразиялық мәдени типтің кейбір меселелеріне тоқталып өттік. Еуразиялық мәдени тип өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қазақтың дәстүрлі мәдениетімен тұтасуы қажет. Керісінше болса, онда еуразиялық қазақ мәдениетінің маргиналдық белгілері басым болып, рухани қайнарлары таусылып қалады. Маргиналдық пен шығармашылық бір-біріне қолайлы емес.

Енді жаңа жағдайлардағы қазақтың төлтума мәдени типінің кейбір тенденцияларына, даму бағыттарына қысқаша тоқталып өтейік. Қазақтың төлтума мәдени типінің жүйедік құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері мен олардың әлемдік тарихпен үндестігін алдыңғы тарауларда қарап өттік. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 8-9 жылдай ғана болды. Бұл аз уақыттың ішінде, әрине, жаңа мәдениет қалыптасты деу асығыстық болар.

Сонда да қазіргі дүниежүзілік мәдениетте XXI ғасыр қарсаңында кейбір адамдық әмбебаптық болмыстың (мәдениеттің) басты бағыттары айқындала бастағандықтан, оларды қазақ мәдениетінің мүмкіндіктері, парадигмалары және бағдарламаларымен салыстыра қарастырайық.

XX ғасыр адамзат тарихында өзінің ұлылығы мен әлеуметтік дағдарыстары, ғылым мен техниканың керемет жетістіктері мен сұрапыл соғыстары, жарқын болашаққа нақтылы қадам басуымен және термоядролық әзәзіл қаупімен ерекше орын алады. Ғасырдың алғашқы жартысында адамзат басынан өткізген екі дүниежүзілік соғыс заманақыр жақын деген үрей туғызса, оның аяғына таман планетамызда парасаттылық пен ізгілік күшейе бастады. XX ғасырдың ең негізгі сабағы «біздің бәріміз бір ғарыш кемесінің - Жер деген планетаның жолаушылары» екенімізді түсіну, мұны айтқан ұлы гуманист - Антуан де Сент-Экзюпери.

XXI ғасырдың қарсаңына мәдениеттердің ұлы тоғысуы, сұхбаттасуы және тұтастануы басты тенденцияға айналды. Біз, шынында да, біртектес адамдық мәдениеттің аймағына ене бастадық. Нәсілдік, отаршылдық, саяси-идеологаялық жікшілдіктен «бүкіладамдық үйге» көшу басталды. Бұл мәселе қазақ мәдениеті үшін де өте актуалды болып табылады. Ішкі жікшілдіктен (рулық-тайпалық, шала қазақтық, номенклатуралық ж.т.б.) арылу, әлемдегі өркениетті елдермен жақындасу, халықаралық қатынастардың тұлғасына айналу қазақ мәдениетіне жоғары талаптарды қояды. Тәуелсіз Қазақстанда бұл мәдениет шешуші қызмет атқарады әрі басқа этникалық топтардың және субмәдениеттердің дамуына және бір-бірімен келісімді болуына жауапты. Қазақ ұлтының жаңа мемлекеттік деңгейі және оның мақсаттары туралы Президент былай дейді: «Ұлт мемлекетсіз өмір сүре алмайды, құрып кетеді. Өз кезегінде ұлттың жойылуы, оның мемлекетінің өмір сүруін мәнсіз етеді. Мәселенің қатаң диалектикасы осындай. Сондықтан, қай ұлтқа жататынына қарамастан барлығы үшін мүмкіндіктер теңдігі мен барлығының заң алдында тең принципін жүзеге асырушы біздің мемлекетте тұрғылықты ұлт - қазақтардың мүддесі жекелеген жағдайда бірқатар мемлекеттерде орын алып отырғанындай ерекше бөліп айтылатыны да әбден орынды». (Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. - «Егемен Қазақстан», 1992, 16 мамыр). XXI ғасырға бет бұрған көшке берекесі кеткен мәдениет қосыла алмайды.

Қазақ мәдениетін тағдыр қысымынан сақтап қалған құдіретті күштің бірі ана тілі екендігі белгілі. Қазақ болашағы оның тілінің тұрмыстық-отбасылық деңгейден халықаралық қарым-қатынас, өнер мен ғылымның жоғары бітімдерінің құралы дәрежесіне көтеріле алуымен қатысты екендігі жөнінде де аз жазылып жүрген жоқ. Бұл сипатта тілдік Ренессанс қажет және оның бағдары барлық еуропалық терминдерді шығыс сөздерімен ауысты-руда да емес. Мысалы, моральды «ақылақпен», класты «сыныппенен», философияны «пәлсапамен» алмастырғандағы ұтыстар шамалы болар. Әрине, тілдің қолдану тәжірибесінде соңғы кезде енген ұтымды терминдер де жеткілікті. Тіл мәдениетін көтерудің маңызды бір мәселесі - кириллицаны латын алфавитімен ауыстыру. Бұл туысқан халықтардағы және әлемдегі тенденциямен үндес.

XX ғасырдың тағы бір сабағы тоталитарлық жүйелердің дәрменсіздік көрсетіп, «демократия», «азаматтық қоғам», «құқықтық мемлекет», «адамның бостандығы» ұғымдары мен принциптеріне негізделген өркениеттердің жаңа мыңжылдыққа қарай нық қадам басуында. Мұны кейде батыстық либерализмнің жеңісі деп те бағалайды (Френсис Фукуяма «Тарихтың ақыры»). Осындай топшылаудан жасандылық пен сы-ңаржақтылық көрініп тұр. Әлемнің мозаикалық құрылымы, этностардың, мәдениеттердің, дәстүрлердің, құндылықтардың сан алуандылығы батыстық модель-үлгі жеңіп шықты деген тұжырымның негізсіздігін көрсетеді.

Жоғарыда аталған әлеуметтік-мәдени құндылықтарды біз сол «таза» күйінде емес, ұлттық менталитет пен мәдени дәстүрлерге үйлестіре қабылдауымыз керек.

XX ғасырдың аяғында әлемдік мәдениетте қалыптасқан тағы бір ахуал озық технологияны гуманистік этикамен үйлесімді қосу талпынысы. Біздің заманымыздың ұлы ойшылдары А. Швейцер, М. Ганди, Л. Толстой, Тейяр де Шарден, Э. Фромм т.б. адамгершілікті негізгі құндылық деп жариялап, Шәкәрім «ар ілімі» деп атаған этиканы ғылымдардың ішінде бірінші орынға қойды. Бұл туралы әлемде көп айтылып-жазылып жүрумен шектелмей, нақтылы істер де жүзеге асуда. Мысалы, бұрын әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне, тауар өндіруге байланысты салыстырулар етек жайса, соңғы жылдары БҰҰ мемлекеттерді адамдық даму индексі бойынша сараптайды.

Республикада адамгершілік мәдениетін дамыту бағытында аз істер істеліп жатқан жоқ. Бұл туралы есеп те берейік деп тұрғанымыз жоқ. Бұл ретте жас қауымды халықтың дәстүрлік адамгершілік нормаларына, принциптеріне, ережелеріне үйлесімді тәрбиелеумен қатар, қазіргі заман талаптарына сәйкес өркениетті елдерде басты назар аударылатын этикет (әдептілік) ережелерін де білуге және күндедікті өмірде орындауға құмарту қажет.

Адамгершілік мәдениетін калыптастырғанда әдептің құқықпен жақын екендігін, қоғамда тәртіп пен зандылықты реттейтіндігін естен шығармаған жөн. Келеңсіз көрініс рушылдыққа қайтып келсек, оның коррупция, таныстық, енжарлық, өктемдікпен байланысты екендігін байқауға болады.

Қазақстандағы бұрынғы қоғамнан қалған адамгершілікке жатпайтын әлеуметтік типтерге «пысықтар» мен «шолақ белсенділер» жатады.

Қазақ мәдениетін қарастыруды «нарықтық адам типі» төңірегіндегі мәселелермен аяқтайық. Ғасырлар бойы адамзат рухани мәдениет өзімшілдік пен пайдакүнемділікке қарсы құбылыс дегенге сеніп келді. Бұл, әсіресе, көне қоғамдағы биологиялық тылсым күштер мен пендешілікті тежеу мақсатындағы мәдениеттіліктің баламасы ретінде ұсынылды. Адамгершілік пен руханилықты сақтап қалатын құрал ретіндегі, мұрат беру принциптерін ғұламалар мен саясатшылар қарама-қарсы тұрғыдан түсіндіріп келді. Ең көп тараған қағиданы былай тұжырымдауға болады:

Әділеттілік пен тендік бір нәрсе. Қоғамдағы қайшылықтарды шешу үшін бірорталыққа негізделген құндылықтарды тепе-тең үйлестіру жүйесін құру қажет. Оның тетігін ұстап тұратын адам немесе әлеуметтік топ «ортақ мүдде» дегенді басшылыққа алуы керек. Сонда ғана үйлесімді қоғамдық құрылым қалыптасады.

Осы принципті жүзеге асыру мақсатында талай төңкерістер, соғыстар, қантөгістер, «тап күресі» болғандығы, талай трактаттар мен ғылыми еңбектердің жазылғандығы, өзін әділетті деп жариялаған патшалардың, диктаторлардың, көсемдердің болғаны тарихтан белгілі.

Алайда, XX ғасырдың аяғына таман адамды бағалау мен оның әрекетінің жемісін тұтынудың нарықтан басқа әділетті тетігін адамзат әлі ойлап тапқан жоқ деген қорытындыға келдік. Нарықтың негізгі принципі - жеке адамның өзі үшін белсенді әрекетін қоғамдық байлықты арттыруға бағыттау. «Егер мен өзім үшін болмасам, кім онда мен үшін», - дейді нарық адамы. Нарықтың төрешісі - ұсыныс пен сұраныстың арасалмағы.

Нарықтық адам өзін тауар, ал өзінің құндылығын айырбас өлшемі деп бағалайды. Тұлғалар базарында табысқа жету үшін адам өтімді, модаға сәйкес, құны жоғары болуы керек. «Қанша - бағалансам, соншама - бақыттымын», - дейді нарық адамы. Нарықтың тағы бір негізі - меншік. Ал меншіксіз адам әлеуметтік жағдайларға тым тәуелді екен. Көріп отырғанымыздай, нарықты дінге айналдырып, оған табынуға болмайды. Ол - қажеттілік. Қажеттілікті меңгеру үшін, оны танып-біліп, адам ырқына пайдаланған жөн. Нарықтық адамның жағымды құндылықтарына белсенділік, жауапкерлік, іскерлік, жасампаздық, нақтылық, мақсаткерлік ж.т.б. жатады. Оның теріс жақтарында қатыгездік, өзімшілдік, тік мінезділік, өсіре рационалдық, есепшілдік, тұрақсыздық, дәйексіздік, принципсіздік, құрал тандамау, дәстүр сыйламау сияқты қылықтарды көреміз.

Нарықтың теріс жақтарын жақсы түсінген өркениетті елдер кәсіпкерлікті тек технологиялық әрекетпен шектемей, оны әдеп жүйесімен толықтырады. Сондықтан «бизнес этикасы» қазіргі жоғары дамыған елдердегі алдыңғы қатардағы пәндерге жатады. Бұл сипатта, өркениетті нарық деген ұғым қалыптасқан.

Нарық рухани мәдениетке әзірше онша қолайлы болмай тұр. Өркениетті елдерде мәдениет әр уақытта қоғам мен мемлекет тарапынан көмекке сүйенеді. Мәдениетке қаржы мынадай көздерден түседі: 1) мемлекет бюджеті; 2) халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер; 3) ұжымдар мен жеке азаматтардың жәрдемдері. Міне, осы іс бізде жетіспейді. Қаржы тапшылығы-на қарамай мемлекет пен азаматтық қоғам мәдениетке қарай бет бұрыс жасауы өте қажет. Бұған қосымша мынадай шаралар ұсынамыз: а) халықтың, оның ер түрлі әлеуметтік және демографиялық нақтылы әрі шынайы мәдени талап мұқтаждарын зерттеу және анықтау керек. Мұны тек ғылыми-зерттеу Мәдениет институты (министрлігі емес) жүзеге асыра алады; ә) мәдениет саласы қызметкерлерінің материалдық және рухани ахуалын түбегейлі жақсарту; б) балалар мен жасөспірімдердің мәдени қалыптасуын арзанқолды бұқаралық мәдениеттің зиянды үлгілерінен арашалап, оларды дүниежүзілік өркениеттің, соның ішінде ғасырлар бойы қалыптасқан өзіміздің төл ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасымен таныстыра отырып өнерге баулу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет