Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет110/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

2.12.6 Тат 
Республикада кең таралған, ал республиканың оңтүстік-шығыс 
аймағында ол аса зиянды кесел болып саналады. 
Жаздың бастапқы кезінде жапырақ бетінде майда, ұнтақталған, 
қоңыр татты бӛртпелер пайда болады. Ауру қатты дамығанда бӛртпелер 


152 
қосылып жапырақ бетінің едәуір бӛлігін алады. Ӛсімдіктің гүл сағағы және 
бұршақтары да залалданады. 
Саңырауқұлақтың урединий кезеңі жаз бойы дамып, бірнеше ұрпақ 
береді. Жаздың соңында жапырақ бетінде қара-қоңыр түсті, ұнтақталған 
ipi телий бӛртпелер жарылған эпидермис астынан кӛрінеді. Ӛсімдік 
бұршақ салған кезде ауру қатты дамып, түзілген тұқымның саны мен 
сапасы кемиді. 
Жоңышқа татының қоздырғышы – Uromyces striatus Schr. 
саңырауқұлағы. Қоздырғыш әр иелі, толық циклді дамитын паразит. 
Урединиоспоралары бip клеткалы, пішіні шар тәрізді, түсі ашық-
қоңыр, қабығы бұдырлы, 4 ӛнгіш саңылауы бар. Телиоспоралары 
домалақтау кейде эллипс тәрізді, түссіз қысқа сабаққа орналасқан бip 
клеткалы, қабығы айқын, тӛбесінде ӛнгіш саңылаулары болады. 
Қоздырғыштың аралық иесі – сүттіген. Телиоспоралары мен урединий 
жіпшелері ӛсімдік қалдықтарында, ал сүттігенде эций жіпшелері 
қыстайды. 
Беде татының қоздырғышы – U. fallens Kern, саңырауқұлағы. 
Қоздырғыш бip иелі паразит. Спермагонийлары қызыл-қоңыр түcтi, пiшіні 
сопақша, эцийлері табақша тәрізді, эциоспоралары кӛп бұрышты кейде 
дӛңгелек. Урединиоспоралары дӛңгелек немесе эллипс тәрізді, диаметрі – 
20-25 мкм, қабығы сары, тікенді, 3-4 ӛнгіш саңылаулы болады. 
Телиоспоралары дӛңгелек жұмыртқа тәрізді, қалың қабықты, түci сары-
қоңыр түссіз сабаққа орналасқан тӛбесінде ӛнгіш саңылаулары бар. 
Ауру белгісі жапырақта, сабақта қоңыр ұнтақталған бӛртпе түрінде 
білінеді. Телиоспоралар қыстап шығып кӛктемде ауруды таратады. 
Эспарцет татының қоздырғышы – U.onobrychis Lev. саңырауқұлағы. 
Қоздырғыштың 
даму 
циклінде 
тек 
урединий 
кезеңі 
болады. 
Урединиоспоралары мен жіпшумақтары ӛсімдік қалдықтарында қыстайды. 
Ұзаққа созылған қыс пен салқын кӛктем және жаздағы жиі жауған жаңбыр 
аурудың қарқынды дамуына ықпал етеді. 
Кеселге шалдыққан ӛсімдіктер қурап, жапырақтары түсіп, ӛнім
шығымы, шӛп пен тұқымның сапасы тӛмендеп, сондай-ақ қуаңшылыққа
қысқы суыққа тӛзімділігі кемиді. 


153 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет