Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет56/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
 
 


70 
9-тарау. ӚСІМДІКТЕРДІ АУРУЛАРДАН ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ 
МЕН ҚҦРАЛДАРЫ. АУРУЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ 
Ауыл шаруашылық дақылдарын ӛсіру технологиясының міндетті 
бӛлігі – ӛсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғау. Әсіресе ауыл шаруашылық 
дақылдарын ӛсіру интенсивті жүргізілетін жағдайда бұл мәселенің маңызы 
ерекше. Себебі интенсивті технология жағдайы ауру қоздырғыштардың да 
ӛсіп-жетілуіне жағдай туғызады. Мысалы, ауыспалы егістікте бір 
дақылдың үлесінің жоғары болуы сол дақылдарды залалдауға бейімделген 
патогендердің жинақталып, кейін кең таралуына ықпал етеді. Ал 
тыңайтқыштарды кӛп мӛлшерде қолдану ӛсімдіктердің сезімталдығын 
арттырады. Ауыл шаруашылық дақылдарын қорғау жүйесіне бір жағынан 
дақылдардың ӛсуіне және олардың патогендерге тӛзімділігін арттыруға 
қолайлы жағдай қамтамасыз ететін, ал екінші жағынан ауру 
қоздырғыштардың ӛсіп жетілуіне тосқауыл болатын, ғылыми негізделген 
тәсілдер кіреді. Ӛсімдіктерді аурулардан қорғауға бағытталатын барлық 
шаралар мақсатына қарай екіге бӛлінеді: алдын-алу (профилактикалық) 
және емдік (терапевтикалық). Ӛз кезегінде аталған шараларды жүзеге 
асыру тәсілдері биологиялық, агротехникалық, физико-механикалық, 
химиялық және карантиндік болып бӛлінеді. Бұл тәсілдердің барлығы да 
нақты жағдайларға сәйкес техникалық жаңа және экономикалық тұрғыдан 
тиімді болулары шарт. 
Селекциялық тҧқымдық тәсіл. Ӛсімдіктерді аурулардан алдын-ала 
қорғау шараларының ішінде сау тұқымдық материал алуды қамтамасыз 
ететін, тұқым және кӛшеттік шаруашылығын ұйымдастыру маңызды орын 
алады. Оның ең маңызды элементтері: 
қорғау шараларын кешенді түрде ӛткізетін тұқымдық немесе 
аналық учаскелерін құру. Бұл учаскелер ӛндірістік егістіктерден белгілі бір 
алшақтықта орналастырылуы тиіс (кем дегенде 1000 м қашықтықта); 
тұқымдық немесе отырғызу материалдарын залалдану дәрежесін 
бағалау (фитопатологиялық сараптау), оны залалсыздандыру және 
тұқымдық учаскелерді екінші кезекті залалданудан қорғау, уақытылы 
ӛткізілетін фитопатологиялық бақылау және жекелеген ауру ӛсімдіктерді 
жою. Апробация ӛткізу қарсаңында ауыл шаруашылығы дақылдарының 
тұқымдық егістіктері Мемлекеттік стандарт талабына сай болуы қажет;
селекциялық 
мекемелердің 
ұсынуларын 
ескере 
отырып, 
уақытылы сорт алмастыруды ӛткізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет