23
3
■
әзірлеме үшін ОЖ және
БҚ-мен қуатты сервер сатып
алынады;
■
тапсырысқа мамандандырылған БҚ әзірленеді (өз күшімен
немесе басқа ұйым күшімен);
■
желі, жұмыс орны құрылады және терминалдар
орнатылады;
■
ресурстарды орталықтандырылған,
әкімшілендіру және
басқару жүргізіледі (серверде барлық деректерді сақтай
отырып);
■
Қажет болған жағдайда жүйені аппараттық және
бағдарламалық бөлігін
жаңғырту орталықтандырылып
жүргізіледі.
Басқару қызметін автоматтандыруға екі тәсілдің салыстырмалы
сипаттамасы 8.1-кестесінде келтірілген.
Х-хаттама технологиясы – қарапайым да ашықтарының бірі,
бастапқыда желілерде барлығы сияқты Unix-те пайдалану үшін
әзірленді, X-Window сервер клиенті технологиясында құрылған.
Терминология біршама өзгертілгені рас (орталық
компьютерде Х-
қосымша, ал терминалдар мен жұмыс стансаларында графиканы
енгізу-шығаруға жауап беретін Х-серверлер іске қосылады). БҚ құру
үшін барлық қажетті ақпарат Интернетте тегін қолжетімді. Жүйені
қалыптастыру міндеті SQL-серверлердің
тиісті API-функцияларын
шақырумен ДҚБЖ байланысты, С + + бағдарламаны жазуды қамтиды.
Есептеу ресурстарын үнемдеу көп клиенттерге қызмет етуге
мүмкіндік береді. Х-хаттама технологиясы бойынша жазылған
қосымшалар өте көп. ІВМ фирмасының деректеріне сәйкес 80 %
ақпаратты шақыру әлемде терминалдармен орындалады. MS DOS, MS
Windows, MacOS үшін X-Window серверлері бар.
Бұл осы
платформалармен графикалық бағдарламаларға жеңіл жүгінуге
мүмкіндік береді.
23
4
Интернеттің жаппай таралуы бағдарламалық индустрияның да
дамуына ықпал етпей қоймады. Сондықтан ДҚБЖ әзірлеушілер тиісті
интерфейстер құрады.
Алайда SQL-сервер түрінен де, Unix, Windows немесе MacOS сияқты
жұмыс платформаларынан да абстракциялауға мүмкіндік
беретін
әзірлеушілерге арнайы қолайлы болуға арналған әмбебап аспаптар да
бар. Шағын бағдарламалар құру үшін стандарттық HTML жеткілікті,
клиенттік бөліктегі ауқымды міндеттер үшін Java мен Javascript қажет.
Бұл тізбекте үшжақты технология сәтті жүзеге асуда:
орталық
компьютерге ақпарат сақтау үшін SQL-сервер орнатылады. Оған
орталық қосымшаның CGI-скриптілеріне өтініш бар (немесе
парақшаларда SQL- сауалдарды орындауға арналған нұсқаулықтар бар)
парақшалармен HTTP-сервер орнатылады да орталық қосымша іске
қосылады. Барлық бұл міндеттер жоғары жылдамдықты желіге
біріктірілген түрлі компьютерлерде орындалуы мүмкін. Жүйенің
клиенттік бөлігінде пайдаланушылармен броузер мен интерфейсті іске
қосу ғана қалады.
8.1-кесте. Басқарушылық қызметті автоматтандырудың ескірген және
прогрессивті технологиясының
салыстырмалы сипаттамасы
Ескірген технология
Прогрессивті технология
Достарыңызбен бөлісу: