Зерде
Интеллектуалды ойын
Мақсаты:
-
Оқушылар мен ата- анлардың даналық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
-
Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын өмірде қолдана білу іскерлігін дамыту
-
Ата- анамен жағымды қарым- қатынас жасау арқылы өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі:«Зерде» тақырыбы, музыка, слайд, құмсағат, гонк, цифрблат, «Адам бойында ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл» Ж. Баласағұн, тенистің құралдары, әріптер киімі, қалта, флешка,компьютер, энциклопедиялар, ойшылдар кітабы, сыйлық пен алғыс хаттар.
Барысы:
Музыка «Зерде»
Армысыздар құрметті көрермендер мен қонақтар. Бүгінгі зерде атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер.
«Адам бойында ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл»- деп Ж. Баласағұн айтқан.Бүгінгі сайысымызда өз білімдерін ортаға салатын «Ойшылдар» мен «Зеректер» тобымен танысайық.
«Ойшылдар»:
-
Аскар аманжолович (Отбасының қамқоршысы)
-
Аманжолова Камила (Алғырлық оның бойынан табылар)
-
Талғат Ахмедиевич (Үнемі көмекші, ақылшы)
-
Ахмедия Асылжан (Қорқыт атасы сияқты қобызшы болуды армандайды)
-
Салтанат Елеусизова (Еңбек түбі береке деген ұстанымы бар)
-
Аманкулова Аделя (Математикасыз өмір қызықсыз деп ойлайды)
-
Канат Жасанович (ұстанымы: Өмірдін бар қызығы бала деген)
-
Жасан Асылжан (ұстанымы:Оқу мен еңбек қатар жүреді)
«Зеректер»:
-
Кариев Марат Жағыпарович (Отбасының ақылшысы, данасы)
-
Жағыпар Ақбота (Зерек те, алғыр болу оның өмірлік ұстанымы)
-
Анарбаева Қарлығаш Маратқызы ( Еңбек пен білімнің өмірдегі орны ерекше деп санайды)
-
Сұлтанбай Аягөз (Шара апасы сияқты биші болу арманы)
-
Смайлова Айжан Манақбаена (Салауатты өмір салтын ұстанады)
-
Таукенова Қарлығаш (Талмай еңбектенсең бағындырмайтын асу болмас)
-
Масжанова Айқын Баянбаевна (Өмірлік ұстанымы «Тазалық денсаулық кепілі»)
-
Дауылбай Жанбота (Математика бар ғылымның патшасы» деп санайды)
Даналық пен алғырлық, зеректілік жолында тек нағыз білімді жандар жеңіске жетер деп сайысымызды бастаймыз. (5 мин)
-
Алғашқы айналым «Жорға» (мұнда кез-келген ұяшықты тандап ондағы сұрақтарға жауап беру керек) (10мин)
-
1кітап
|
2 кітап
|
3кітап
|
4кітап
|
4 кітап
|
5 кітап
|
7кітап
|
8кітап
|
Сұрақтар
«1» -Қара мысық үйге қай уақытта кіреді? (есік ашылғанда)
«2» -Шайды қай қолмен араластырамыз? (қасықпен)
«3» - Ең жүйрік құсты ата? (түйе құс)
«4»-Қоңыр, қорбанбай. Ол не? (аю)
«5» -Америка жақын ба, әлде ай жақын ба? (Америка)
«6» -Барлық тілде не сөйлейді? (жаңғырық)
«7» -Үлпілдек, аппақ, мұздай. Ол не? (қар)
«8»-Тез жүре алмайтын адамның жүрісін қазақтар қалай атайды? (өгіз аяң)
-
Келесі айналым «Ән қазына» (мұнда кез- келген тақырыптағы сұрақтарға жауап беру керек,әннің әуені жасырылады.) (10 мин)
-
Той жыры
|
1
|
2
|
Балалапан өмір әндері
|
1
|
2
|
Жақын жандар
|
1
|
2
|
Той жыры: Қызыл өрік. Ол сен емес.
Балапан өмір әндері: Ертегілер. Алдар.
Жақын жандар:Аналар. Әкешім.
-
Ендігі айналым «Ширату» (мұнда ата- аналар шығып берілген сөзді түсіндіреді, ал қалған қатысушылар ол сөзді шешеді) (4мин)
1минутта:
Қарбыз, қасық, алақан, бантик, тоқылдақ, қоян, кітап, телефон, қария, бауырсақ, машина, портфель.
Нан, самаурын, дәптер, галстук, алма, шаш, аққу, қонжық, компьютер, ана, ұшақ, чемодан.
-
«Жаттығайық! Тынығайық!» (мұнда 4 адам теннис таяқшасымен, екі реттен қайталай отырып, допты себетке салу керек. Қай топтың себетінде көп доп болса сол топқа 10ұпай беріледі) (5мин)
-
Ендігі айналым «Жұмбақ сөз» (мұнда берілген мақалдағы сөзді, әріптердің көмегімен жазады. Қатысатын 4адам) (4мин)
1 минутта: (ж\н; е\о; р\т; і\а)
-
Әркімнің өз .... жұмақ (жері)
-
.... үшін күрес, елге тиген үлес. (отан)
-
.... рет піш, бір рет кес (жеті)
-
.... баққан әйел, елін де бағады (ерін)
-
Опасызда .... жоқ (отан)
1 минутта: (б\с; а\т; л\қ; а\ы)
-
.... адамның бауыр еті (бала)
-
.... таста, өнер жаста (асыл)
-
Жақсы іске келеді, жаман .... келеді (асқа)
-
Доп ойнаған азар, .... ойнаған тозар (асық)
-
Алты жасар .... атқа мінсе
Алпыстағы шал сәлем берер. (бала)
-
Келесі айналым «Сиқырлы қалта» (мұнда қалтадағы затты табу керек) (4мин)
Бұл қалтадағы заттың салмағы аз, пішіні төртбұрышты не сопақ болады, түрлі түсті,фирма атауы жазылады, бойына мол қуат көзін жинақтаған, заттарды қуаттандыратын құрал. (батарея)
-
Жеңімпаз топты анықтау.
Сіздерге айтар ұсынысым бар. Ақтық мәрені ойнауға келісесіздер ме? Мұнда бір сұрақ қойылып бір минутта кітаптар мен интернет желісін пайдалана отырып жауап бересіздер.
Шешуші ең соңғы ойынымыз «Ойшылдар кітабынан» деп аталады. (3мин)
Сұрақ
Жеті рет алыс қашықтыққа жүгіруден «Гинестер рекорттар» кітабына еңген тұңғыш қазақ. (Марат Жыланбаев)
Бүгінгі сайысымыздың женімпаздарына арналған сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар. Бүгінгі сайысымыз осымен тәмам, біз сіздермен қоштаспаймыз, тек келесі кезге дейін көріскенше, қош сау болыңыздар дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |