Қояндарды азықтандырудың түрлері
Қоян өсіретін шаруашылықтарда күтіпбағу ерекшеліктеріне, жемшөп қорына байланысты оларды азықтандыру әдістері де түрліше. Олар: аралас азықтандыру, толықтай азықтандыру, түйіршік азықтармен және құрама жеммен азықтандыру.
Аралас типтегі азықтандыру жағдайында шаруашылық өз азық қорын пайдаланады. Шаруашылықта дайындалған жеммен бірге, зауытта дайындалған жем, пішен, көк балауса шөп, сурлем де беріледі. Азықтарды қоянга беруге дайындаумен қатар (ұсақтау, жармалау, жуу, жібіту т.б.) қоспа жем де әзірлейді. Жазда суға шылайды, ал қыста жартылай шылап береді. Бұлардың бәрін шаруашылықтың азық қоймасында дайындайды. Жаз айында дайындалған қоспа жем ашып, бұзылып кетпес үшін күн сайын жем салатын ақырларды тазалап, жуып отырады.
Қояндарға жазда ең жақсысы – бұршақ тұқымдастар, жоңышқа, люпин т.б. астықбұршақ тұқымдастар шөбін беру. Бұл шөптерде қажеті қоректік заттар толық. Бұлармен қоян азықтандыру ең арзан да тиімді әдіс.
Ал ылғалды азықты шикі күйінде береді. Олар көк балауса сияқты сүттілігін арттырады. Ал көк балауса жетімсіз болған жағдайда картоп сабағын, ағаш жапырақтарын пайдалануға болады.
Қыс айларында шөп, сабан, ағаш бұтақтары азық ретінде жарай береді. Қояндар қейде бірбірінің жүнін жұлып жейді. Бұл олар жеткіліксіз азықтандырылған деген сөз.
Рацион жасағанда тәулік сайын берілетін азық мөлшері есепке алынады. Бұрынғы Бүкілодақтық қоян және бағалы аңдар ғылыми зерттеу институтының ұсыныстары 179-кестеде беріліп отыр.
Құрама жем берудің мынадай олқылықтары бар: жем дайындау қиындығы, оны таратуды механикаландыру. Сондайақ жем ақырларын көбейту керек жиі де уақытылы тазалау, еңбек шығынының 23 есе көбеюі. Қояндарды, құрғақ азықпен қамтамасыз еткен жағдайда, толық құнды түйіршік жемдерді пайдаланып, олардың өнімділігіне барлық сіңімділікті теңестіреді. Бұл жағдайда азық өлшемі аз, бірақ оның құрғақ құрамы, қуаты мен сіңімділігі жоғары болады.
Қояндардың буаз кезінде және көжектерін емізетін уақытта, көжектері өскен кезде түйіршік азықтармен қоса ірісабақты азықтар
да берілді.
Құрғақ азықпен азықтандырудың аралас азықтандыруға қарағанда ерекшелігі – рацион барлық жағынан теңестірілген және азық шығыны да аздау. Толыққұнды түйіршік жем бергенде олармен қоса көжектердің өсуін тездететін және аурудың алдын алатын биодәрмектер де қосып беруге болады. Тағы да бір ескеретін жағдай қояндарды құрғақ түйіршіктермен жемдегенде олар тәулік бойы суды қана ішуге тиіс. Сондықтан да оларды судан шектеуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |