Өзбекстан республикасы халықҚа білім беру уәзірлігі науаи мемлекеттік педагогика институты физика – математика факультеті



бет4/4
Дата12.07.2016
өлшемі4.98 Mb.
#194128
1   2   3   4

Үйкеліс коэффициентi. Қандай қозғалыс болмасын сол қозғалысқа қарсы үйкеліс күші туады. Үйкелісті тудырушы себептер — үйкелуші денелердің беттерінің кедір-бұдыр болуы және сол беттердің өзара үйкелісу ерекшелігі. Мысалы, теп-тегіс жазық бетпен ағаш, темір, әйнек кеспелтектерді динамометр арқылы сүйреп, олардың бәрінің салмағы да, пішіні де, көлемі де өзара бірдей бола тұрса да, үйкеліс күші әр түрлі екенін көреміз. Біз мұз айдынында сырғанағанда табаны ағаш шанадан гөрі табаны темір шананың өте тез және қатты сырғанайтынын білеміз. Өйткені, темір мұзда ағаштан гөрі жақсы сырғанайды.

Үйкеліс күші үйкелісетін денелердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, бір ағаш кесетін теп-тегіс тақтай үстімен сырғытсақ, екінші мөлшердегі үйкеліс күші, әйнектің бетімен сырғытсақ мөлшерден үйкеліс күші байқалады. Міне, осы үйкеліске түсетін екі заттың өзіндік ерекшеліктерін көрсететін сандық мөлшерді үйкеліс коэффициенті деп атайды.

Үйкеліс коэффициенті әрқашан да тұрақты болады. Төменде кейбір денелердің үйкеліс коэффициенті кесте түрінде келтірілген.

Үйкелісетін денелер

Үйкеліс коэффициенті

темір-темір

.................... 0,14

темір-ағаш

..................... .0,49

ағаш-ағаш

.................... 0,34

тері-ағаш

.................... 0,33

темір-мұз

.................... 0,014

ағаш-мұз

.................... 0,035

темірмен қапталған ағаш шана

..................... 0,2

Сырғанау кезінде үйкеліс күші бағыты жанама бойымен бағытталады, ал қатыстық жылдамдыққа қарама-қарсы бағытталады.(8- сурет)




8- сурет. Сырғанау кезіндегі үйкеліс күші

Қатты дененің сұйықтықта немесе газда қозғалысы кезінде тұтқырлы үйкеліс күші пайда болады. Тұтқырлы үйкеліс күші құрғақ үйкеліс күшінен біршама төмен болады. ол да қатыстық жылдамдыққа байланысты қарама-қарсы бағытталған. Тұтқырлы үйкеліс күші кезінде тыныштық үйкелісі болмайды. Тұтқырлы үйкеліс күші дененің жылдамдығына қатты тәуелді болады. Жеткілікті аз жылдамдықта Fтр ~ υ , ал үлкен жылдамдықта Fтр ~ υ2 . Мұндағы пропорционалды коэфициенттер дененің қалпына тәуелді болады. Үйкеліс күші денені тербеткенде пайда болады. Әдетте тербету үйкеліс күші жеткілікті аз болады. Қарапайым есептерді шешкен кезде мұны көбінесе ескермейді.

Сыртқы үйкеліс — бір-бірімен тиісетін екі қатты дененің салыстырмалы қозғалысы кезінде сол денелердің жанасу нүктесінде пайда болатын механикалық кедергі.

Құрғақ үйкелісі (Трение сухое) — 1) үйкелістегі денелердің үйкелу беттері қатты қабық болып келгендегі сырғанау үйкелісі; 2) үйкелісетін денелер беттерінде тотықтар және ластанулар бар, бірақ жасанды май жоқ үйкеліс.

Жартылай құрғақ үйкеліс(Трение полусухое) — 1) бұдырлары май арқылы бөлінген, бірақ ең үлкен бүдырлары май қабатынан шығыңқы болғандықтан, бір-бірімен жанасқан кездегі сырғанау үйкелісі; 2) үйкелісетін денелер арасында қандай болса да тұтқыр ортамен толған жеке аймақтары бар болатын үйкеліс.

Сұйықтық үйкелісі (Трение жидкостное) — үйкелістегі денелер беттерінің бұдырлары бір-бірімен жанаспау үшін толық майланған денелердің сырғанау үйкелісі;

Жартылай сұйық үйкеліс (Трение полужидкое) — үйкелісетін денелер беттерінде майы да, туралай түйісу аймағы да бар үйкеліс.

Қозғалыс үйкелісі (Трение движения) — қозғалыстағы денелердің сыртқы үйкелісі. 

Тыныштық үйкелісі (Трение покоя) — 1) қозғалмайтын денелер арсындағы сыртқы үйкеліс. V=0;2) үйкелісетін денелердің беті бір- бірімен маймен толық бөлінгендегі үйкеліс.

Домалау үйкелісі (Трение качения) — 1) жанасу нүктесі лездік айналу центрі болып келген, екі дененің кинематикалық үйкелісі; 2) бір-біріне әсер ететін беттердің нүктелері біртіндеп жақындасып түйіспеге кіріп, содан кейін айырылысқанда пайда болатын үйкеліс.

Сырғанау үйкелісі (Трение скольжения) — 1) қарастырылып отырған дененің бір нүктесі екінші дененің барлық нүктелерімен біртіндеп жанасатын кинематикалық үйкеліс; 2) бір дененің бетінің барлық нүктесі басқа дене бетінің жанама бойымен қозғалуымен сипатталатын үйкеліс.

Тұтқыр үйкеліс (Трение вязкое) — үйкелісетін денелер арасы тұтқыр ортамен толғанда пайда болатын үйкеліс.

Шекаралық үйкеліс (Трение граничное) — 1) үйкелістегі дене беттері жұқа майланғандағы сырғанау үйкелісі; 2) үйкелісетін денелердің беттерін бөлетін сұйық майдың мономолекулярлы және майдың қалыңдығы өте жұқа болып, көлемдік қасиеті байқалмағандағы үйкеліс.

Ішкі үйкеліс— қатты, сұйық және газ тәрізді денелер формасының бұзылуы кезінде өтетін процестер мен механикалық энергияның пайдасыз шығынына (яғни денелердің ішкі энергиясына түрленуіне) себепші болатын процестер. Сұйықтар мен газдардағы ішкі үйкеліс тұтқырлық деп аталады.

Үйкеліс қуаты (Мощность трение) — үйкелісті жеңуге жұмсалған қуат. Әдетте, үйкеліске кеткен қуат деп аталады

Үйкеліс күші электромагниттік күштер қатарына жатады. Дене беті тегіс болмайды. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда осы тегіс емес жерлер деформацияланады, үйкеліс күштері пайда болады.

Қатты денелер бірінің бетімен бірі қозғалғанда олардың арасында сұйық немесе газ тәрізді зат болмаса, онда пайда болатын үйкелісті құрғақ үйкеліс деп атайды. Құрғақ үйкеліс тыныштық үйкелісі және сырғанау үйкелісі болып екіге бөлінеді. Үйкелістің тербеліс үйкелісі деп аталатын түрі де кездеседі. Тыныштық үйкелісі мына формуламен анықталады: Fүйк=kN




9-сурет. Дөңдегі блок және сәйкес төмендегі блок еркін дене диаграмасы.

Ал дене қозғалып бара жатқанда сырғанау үйкелісі пайда болады :

Fсырғанау=kN

мұндағы, N - тіректің денеге әсер ететін реакция күші ; k - үйкеліс коэффиценті. Дененің жылдамдығы артқан сайын сырғанау үйкелісі азая түседі. Үйкелістің пайдалы әрі зиянды жақтары бар. Машиналардың көптеген бөлшектері бірімен бірі әсерлескенде олардың арасындағы үйкеліс зиянды болып шығады. Оны азайту мақсатында бөлшектерді майлайды. Кей кездері үйкеліс коэффициентін азайту мақсатында, сырғанау үйкелісін подшибниктерде қолданып, тербеліс үйкелісімен алмастырады.

Үйкеліс күшінің шеткі шамасы

Үйкеліс күшінің шеткі шамасыҮйкеліс коэффициенті мен (ƒ0нормаль қысымның (N) көбейтіндісіне тең болады:

Fшет = ƒ0*N

Сырғанау үйкеліс күші

Сырғанау үйкеліс күші - тіреу беті реакциясының жанама құраушысы беттерінің жанасу нүктелерімен сырғанау мүмкіндігіне қарсы бағытталған шама.

Шайқалу үйкеліс күші

Шайқалу үйкеліс күші - жазық немесе доғал бетте сырғанаусыз домалайтын шар тәрізді немесе цилиндр пішінді денелерге әсер ететін үйкеліс күші.

Тыныштық үйкеліс күші

Тыныштық үйкеліс күші - толық емес үйкелістің максималь күші.





10-сурет

Үйкеліс күші-шананы кара жолмен сүйрегеннен гәрі мұз бетімен немесе кар үстімен сүйреген ыңғайлы болатынын білесіңдер.

Тетікбөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жаткан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жаткан допта біраздан соң токтайтын болады.



Тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде козғалыс жылдамдығына қарама-қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын кәрсетеді.Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күші үйкеліс күші деп аталады. Ғүйк әрпімен белгіленеді.
Жанасатын денелердің бір-біріне қатысты козғалысына карай үйкеліс сырғанау үйкелісі, домалау үйкеліс және тыныштық үйкелісі болып бөлінеді. Бір дене екінші дененің бетімен сырғанаған жағдайда (мысалы, шаңғының кар үстімен сырғанауы) сырғанау үйкелісі туралы айтылады, донғалақтардың айналуы жағдайында домалау үйкеліс күші пайда болады. Егер денелер бір-біріне қатысты тыныштық қалпын сақтаса (мысалы, тас тау беткейінде жатыр), тыныштық үйкелісі туралы айтылады. Үйкелістің пайда болу себептерінің біріне жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы жатады. Соның салдарынан сансыз төмпешіктер бір-біріне ілінісіп, дененің сырғанауына (мүмкін болатын орын ауыстыруына) кедергі туғызады. Үйкелісті азайту үшін үйкелетін беттерді өңдейді. Алайда жанасатын беттер өте мұқият өңделген жағдайда олардың молекулаларының бір бөлігі бір-біріне өте жақын орналасады да, өзара әрекеттесу күштері байқала бастайды. Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы үйкелістің пайда болуының негізгі себебіне жатады. Үйкелісті азайтудың мүмкін жолдарының бірі - үйкелетін беттерді майлау. Май қабаты үйкелетін денелер беттерінің арасын ажыратады да, олардың бір-біріне жанасуына кедергі жасайды.
Үйкелісті материалдардың тиісті түрін таңдау аркылы реттеуге болады. Мысалы, резеңкенің топырақ, асфальт, ағаш беттерімен ілінісуі ағаштың ағаш бетімен немесе металдың металл бетімен ілінісуіне карағанда күштірек. Сондыктан үйкелісті арттыру үшін кейбір тетік-бөлшектерді резеңкеден немесе негізі резеңке болып табылатын материалдардан жасайды. Жанасатын беттерді көбірек немесе азырақ күшпен қысу арқылы да үйкеліске әсер етуге болады. Үстел бетін алакандарыңмен жаймен, сонан соң қаттырақ басып жүргізіп кәріңдер. Өздерің де бұл кезде козғалысқа әрекет ететін кедергідегі айырмашылықты сезесіңдер. Сонымен үйкеліс жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына, олардың өңделу сапасына және бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысымкүшіне тәуелді болады екен. Үйкеліс көпте, аз да болуы мүмкін, яғни оны сандық жағынан сипаттауға болады. Бұл үшін динамометрге байланған ағаш білеушені горизонталь жаткан тақтай үстімен бірқалыпты козғалысқа келтірейік . Тарту күші мен үйкеліс күші бір-біріне тең болған кезде бірқалыпты қозғалыс пайда болады. Сондықтан динамометрдің көрсететін тарту күші үйкеліс күшінің модулін анықтайды. Біреудің үстіне әр түрлі жүк қоя отырып, оның тақтай бетіне түсіретін күшін өзгертуге болады. Бұл кезде үйкеліс күші де өзгереді. Дененің өзі жанасып тіррган. бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды және оны N әрпімен белгілейді.дене горизонталь бетте жатқан жағдайда нормаль қысым күші денеге әрекет ететін ауырлық күшіне тең:N=mg. Жүргізілген көптеген төжірибелер үйкеліс күші кысым күшіне пропорционал екенін кәрсетеді:

Fүйк = μN.

мұндағы Ғүйк- үйкеліс күші, ал үйкеліс коэффициенті деп аталатын шама. Үйкеліс коэффициенті жанасатын беттердің күйіне және үйкелетін материалдар тегіне байланысты болады. Әр түрлі материалдар жүбы үшін сырғанау үйкеліс коэффициентінің мәндері косымшадағы келтірілген. Алайда үйкеліс коэффициенті тек материалдың тегіне ғана емес, сондай-ақ олардың өңделу сапасына және басқа да жағдайларға байланысты болатынын ескерген жөн

Тең әсерлі күш –– денеге әсер ететін күш жүйелерінің әсеріне тең эквивалентті күш. Жинақталатын күштер жүйесінің тең әсер етуші күші – өзара перпендикуляр осьтердегі кұраушы күштердің қосындыларына тең, ал бағыты бағыттаушы косинустармен анықталады.Кеңістіктегі үш жинақталған күштің тең әсер етуші күші (күштер параллелепипедінің ережесі) –– осы күштерге тұрғызылған параллелепипедтің диагоналімен бейнеленеді.
Ауырлық күшіАуырлық күші (F = mg, мұндағы m — дененің массасы, g — еркін түсу үдеуі, оның модулі шамамен 9,8 м/с2-ка тең) деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Бұл күштің әрекетінен еркін денелер Жерге құлайды. Денелердің ауырлық күішінің әрекетінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды. Мысалы, доптың ауада жерге түсуін еркін түсу деп есептеуге болады. (Ауырлық күшімен салыстырғанда ауаның кедергі күші азрақ болатындықтан, оны ескермеуге болады.)

Серпімділік күші. Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. Серпімділік күші әрқашан дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады.Мысалы, серіппені қолымызбен қысып, одан кейін оны бос жібере салсақ, онда серіппеде туындайтын серпімділік күші оны бастапқы қалпына келтіреді.Серпімді деформациялар кезінде денеде туындайтын серпімділік күші оның созылуына тура пропорционал: |F| = kΔl, бұл формула Гук заңын өрнектейді, мұндағы Ғсерп— серпімділік күшінің модулі, k — қатаңдық немесе катаңдық коэффициенті. Қарастырылатын дененің үйкеліс күші (Fүйк) екінші дененің бетін басып қысатын Р күшке (демек, тіректің N реакция күшінде), үйкелісетін беттердің материалы мен өңделу сапасына байланысты болады.


Тіректің реакция күші.Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік кірітін айтады.. Үйкеліс күшінің модулі тіректің реакция күшіне тура пропорционал: | F | = νN, мұндағы ν— үйкеліс коэффициенті деп аталатын пропорционалдык коэффициент. Үйкеліс коэффициенті жанасатын беттер жұбының өңделу сапасы мен материалына байланысты болады.

Үш күш туралы теорема – егер еркін қатты дене бір жазықтықта жатқан параллель емес үш күштің әсерінен тепе-теңдік қалыпта тұрса, онда бұл күштердің әсер ету сызығы бір нүктеде қиылысады.


Сыртқы күш. Денелерге әсер ететін сыртқы күштер беттік, көлемдік, қадалған, таралған т.б. түрлерге ажыратылады. Поверхностаая сила – беттік күш деп денеге беті арқылы берілетін күшті айтады. Мысалы, арқалықтың не платаның тіреуіші тарапынан болатын қарсы әсер. Объемная сила – көлемдік куш деп дененің көлемі арқылы берілетін әрі оның ішкі нүктесіне түсірілетін күшті айтады. Мысалы, шомбал арқалықтың салмағы немесе үдемелі қозғалған денеде пайда болған инерция күштері. Көлемдік күш Н/м3 немесе кн/м3-пен өлшенеді. Сосредоточенная сила -қадалған күш деп өз өлшемімен салыстырғанда өте шағын бетке түсетін күшті атайды. Кейбір есептерде мұны нүктеге түсірілетін күш деп есептейді. Қадалған күш ньютонмен (Н), килоньютонмен (кН) және меганьютонмен (МН) өлшенеді. Распределенная нагрузка – таралған күш деп дене бетінің ауданына немесе беттік сызыққа әсер ететін салмақты айтады (мысалы, үй шатырына түсетін қар қысымы шатыр ауданына түгел жайылады). Т.к. қарқындылығымен сипатталады. Қарқындылық деп күштің бірлік ауданға немесе бірлік ұзындыққа түсірілген шамасын айтады. Т.к.-тің ауданға қатысты өлшем бірлігі Н/м2 немесе кН/м2 , ал ұзыңдыққа қатысты Н/м немесе кН/м. Дененің бірлік ауданына не оның бөлігіне таралған күштің қарқындылығы бірдей болса, оны тең таралган күш дейді. Әсер ететін уақытына қарай күш тұрақты, үздіксіз, уақытша болып ажыратылады. Мысалы, темір жолдың көпірге түсіретін күші тұрақты, ал көпір үстімен өтетін поездың салмағы уақытша күш болып саналады. Әсер ету жылдамдығына қарай күш статикалық және динамикалық күштерге ажыратылады. Статикалық күштің әсер ету жылдамдығы баяу болады да, үдеу шамасы ескерілмейді, динамикалық күштің әсер ету жылдамдығы шапшаң болғандықтан, бұл жағдайда үдеу және үйкеліс күштері ескеріледі.
Ішкі күш, дененің жеке бөліктері арасында өзара әсерлесу күші, і.к. қималар әдісімен (метод сенений) зерттеледі. Инерция күші
Инерция күші – векторлық шама. ʒ = ma, мүндағы m – материалды нүктенің массасы, a-оның үдеуі. Кризистік күш Сырықтың тепе-теңдік қалпынан ауыткуына сөйкес келетін сығу күшінің ең аз мәні.
Бойлық күш. Тік күш, созылу және сығылу кезінде білеудің көлденең қимасында пайда болатын ішкі күш. Бойлық күш сан мәні бойынша қиылған сырықтың кез келген бөлігінде (сол не оң), сырық өсіне өсер өтетін барлық сыртқы күштер проекциясының алгебралық қосындысына тең, яғни N = ΣҒlz. Созылу кезіңдегі Бойлық күшті оң деп санаймыз.
Ауырлық күш.Кез келген денеге әсер ететін тұрақты күш P=mq, мұнда q-ауырлық күшінің үдеуі, m-массасы. Серпімділік күш
Гук заңына негізделіп кернеу деформацияға пропорционал. Мысалы, серіппе үшін с.к. F = сλ тең, мүндағы F-серіппенің ұзару (отыру) шамасы, С-серіпенің қатандық коэффициенті (Н/м).Тұтғыр үйкелісінің күші
Жылдамдыққа байланысты, тұтқыр ортада дененің бояу қозғалысында әсер етеді. R = μV, мұңдағы V-дененің жылдамдығы, μ-кедергі коэффициенті.


II.4.”Үйкеліс күштері” тақырыбын оқыту технологиясы

Сабақтың мақсаты: Талапкерлерге үйкеліс күші, оның түрлері туралы терең білім беру.

Оқу қызметінің нәтижелері:

- Күш түсінігі туралы жалпы мәлімет алады;

- Kүштің орындаған жұмысын үйренеді;

- Үйкеліс күші және оның түрлерін



уақыты – 2 сағат

Талапкерлер саны: 12

Оқу жаттығуларының түрі

Кіріспе, визуал лекция

Лекция сабағының жоспары


- Күш – денені қозғалысқа келтіретін себеп

- Kүштің орындаған жұмысы

- Үйкеліс күші

- ”Үйкеліс күштері” тақырыбын оқыту технологиясы




Оқу жаттығуының мақсаты: Талапкерлерге үйкеліс күші, оның түрлері туралы терең білім беру.

Педагог міндеттері

- Күш түсінігі туралы жалпы мәлімет беру;

- Kүштің орындаған жұмысын үйрету;

- Үйкеліс күші және оның түрлерін жайлы мәлімет беру;



Оқу барысының нәтижелері:

Талапкер:

- Күш түсінігі туралы жалпы мәлімет алады;

- Kүштің орындаған жұмысын үйренеді;

- Үйкеліс күші және оның түрлерін терең үйренеді.


Оқу әдісі және техникасы.

Визуал лекция, «Қандай» техникасы

Оқыту құралдары

Лекциялар жинағы, проекторлар, график, органайзер.

Оқыту түрі

Ұйым, топ және жұптасып істеу

Оқытудың шарттары

Проектор, компьютермен безендірілген аудитория


II.7. Тақырыптың технологиялық картасы

Кезеңдер уақыты.

Қызмет мазмұны

Оқытушы

талапкер

1-басқыш

Кіріспе (10 мин).




1.1.Тақырып: жоспар, оның мақсаты және оқу процесінің нәтижелері айтып өтіледі (1-нұсқа)

1.1. Есітеді жазып алады.


2-басқыш

Негізгі


(60 мин.)


2.1. Талапкерлер назар қарату және білім дәрежелерін анықтау үшін жылдам сұрақ-жауап өткізеді. (2 -нұсқа)
2.2. Оқытушы визуал материалдардан пайдаланып баяндаманы баяндайды.(3-,4-,5-,6-,7-нұсқалар)
2.3. Талапкерлерге тақырыптың негізгі түсініктеріне назар аудару және жазып алуын айтады.

2.1Есітеді, ойлайды,

жауап береді.

Жауап береді және тура жауапты есітеді.

2.2.Нұсқада берілген мәліметтердің негізгі жерін жазып алады.

2.3.Назар аударады, жазып алады.


3-басқыш

Қорытынды

(10 мин.)


3.1. Тақырыпқа қорытынды жасайды және талапкер назарын негізгі мәселеге қаратады.

3.2.Өзіндік жұмыс үшін үйкеліс күштері тақырыбына мәліметтерді жинап келу тапсырма етіп береді (8-нұсқа)



3.1. Есітеді анықтайды.

3.2.Тапсырманы жазып алады, бағалармен танысады.




“Үйкеліс күштері” тақырыбын талапкерлерге үйретуде пайдаланылатын дидактикалық материалдар






Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау



Домалау үйкеліс коэффициентін анықтау








III. ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі заманда білім берудің, оны дамытудың көкейкесті мәселелерін шешу нақты, ғылыми – теориялық және практикалық бағыттағы реформаны қамтамасыз ететін, білім беру жүйесін прогрессивтік және динамикалық бірлікте тұтас, интегративті дамытуды жобалау мен жасақтауды, ерекше оқу-тәрбие процесін, жоғары тиімділіктегі педагогикалық технологияньң пайда болуын талап ететін дидактикалық ғылымга тікелей тәуелді. Осыған байланысты ілгері ғылыми - зерттеулердің неғүрлым өзекті де зор болашағы бар көкейкесті бағыты Өзбекстандағы өркениет дамуының қарқынына және бүкіл дүние жүзінде соңғы жылдары жүріп жатқан ірі өзгерістерге сәйкес дамуда. Ал, жақын болашақтағы Өзбекстан Республикасының дүниежүзілік процесте алатын орны оның үкіметі мен халқының Өзбекстанды материалдық емес, парасат - пайымға негізделген, әрі ғылымды мол қажет ететін материалдық өндірістері басым дамыған мемлекетке айналдыру жөнінде алдына сгратегиялық мақсат қоюға бел байлауымен айқындалады. Сондықтан, мүғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеледі. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерде оқушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінін берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу - тәрбие процесін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудьң әдіс – тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттырудың, оқытудың жаңа технологиясьн меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізуді талап етеді.

Осыған орай педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратьн өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие процесінде қолдана алатын мұғалімдерді дайындау — оларды кәсіби дайындаудың ең көкейкесті аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру процесіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру үшін сауатты да білімді, жаңа технологияны жақсы меңгерген білікті маман керек.

Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру болашақ мүғалімнің кәсіби даярлығының аса қажетті де маңызды құрамдас бөлігі, өйткені қоғамды демократияландыру мен ізгіліктендіруге байланысты жаңа білім жүйесінің жүзеге асуы үшін оқытудың жаңа технологияларын қолдану талап етіледі.

Қорыта айтқанда, «Үйкеліс күштері тақырыбын дидактикалық материалдар және инновациялық технологиялар негізінде оқыту методикасы» атты Бітіру кәсіптік жұмысында мен бұл тақырыпты кеңінен түсінтіруге әрекет жасадым. Егер мен «Үйкеліс күштері тақырыбын дидактикалық материалдар және инновациялық технологиялар негізінде оқыту методикасы» бойынша оқушылардың ойларына қозғау салып, қызықтыра білген болсам, онда көздеген мақсатқа жеткенім деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Алексеева М.Н. Физика құмар өренге... Алматы: Мектеп, 1984.

2. Б.Ф.Избосаров, И.Р.Камолов «Механика» «LIDER PRESS» Тошкент-2009

3. А.Қалығұлов «Физика» Алматы «Рауан». 1996 жыл

4. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Тараз: ТарМУ 2000 жыл.

5. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз: ТарМУ, 2003.

6. Бұзаубақова К.Ж., Кенжебаев Т.К. Орта мектептегі дәстүрлі емес физика сабақтары. Тараз: ТарМУ, 2002.

7. Қабдықайырұлы К, Монахов В.М., Оразбеков Л.Н. Әлдібаева Т.Ә. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. - Алматы: Ы. Алтын-сарин атындағы Қазақтың Білім Академиясының республикалық баспа кабинеті. 1999.-149б.

8. Қараев Ж., Қобдикова Ж. Оқытудың жаңа технологиясының мәні. ИФМ. - 1999. - №3

9. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000 жыл.

10. Құдайкүлов М, Жаңабергенов К - Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан 1998.

11. Мәжиденова С. Танымдық қызметті қалыптастыру. ИФМ, №1, 1995.

12.Темірқұлова Н.Физика сабақтарындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. 2002 жыл

13. Бұзаубақова К. Ж. Физика сабақтарындағы оқытудың инновациялық технологиялары. Алматы. 2005 жыл.


  • Интернет мәліметтері

Мазмұны:
I. KIРІСПЕ___________________________________________________________

I.1. Сабақты дидактикалық материалдар және инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастырудың қажеттілігі___________________________________

I.2. Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабақтарында пайдалану___________________________________________________________
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

II.1. Күш – денені қозғалысқа келтіретін себеп_____________________________

II.2. Kүштің орындаған жұмысы_________________________________________

II.3. Үйкеліс күші_____________________________________________________



II.4. ”Үйкеліс күштері” тақырыбын оқыту технологиясы___________________
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет