Тақырыбы: Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастарының рөлі..
Жоспары:
-
Адам өміріндегі отбасы
-
Туыстық қатынастардың адам өміріндегі ролі
Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады.
Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке таңытыды.
Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам
бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.
Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе?
Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады.
Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында да: «Нағыз жаылы орын: қылышқа – қынабы , отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл сөз бар.
Қазақстан Республикасы Ата Занының 27 бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» деліні, ұрпақ тағдыры айтылады.
Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларныың көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өіне мейрімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат.
Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – деген халық даналығын ұмытуға ешкімнін хақысы жоқ. Сондықтан, «бала жас, әлі
ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді», – деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін
аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
«Обасы –шағын мемелекет, Мен – президент, сен – премьер», дегені бар. Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беділі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылмдарынын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.
ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше.
Отбасынадағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Өйткені, ежелгі Рим философы Горациий айтқандай: «Өмір еңбексіз ештене бермейді.» Сондықтан: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері арасындағы қарым-қаиынаста әдеп-инибат, адалдық пен ақпейілдік үстем бола алады.
Негізгі ұғымдар:
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
-
К.Д.Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесін түсіндіріп беріңіз?
-
А.Я.Арет өзін-өзі көндіру -өзін-өзі тәрбиелеудің басты құралы деп нені санайды?
-
Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің негізі мен құрлымы.
-
Нақты іс-әрекеттер деңгейінде адамның өз әрекеттерін реттеуін
жаттығулар арқылы сипаттаңыз.
№7-дәріс
Тақырыбы: Адам өміріндегі достықтың мәні.
Жоспары:
-
Достық ұғымына түсінік.
-
Достық сезімдерді қалыптастыру.
-
Жалпыадамзаттық құндылықтар негіздері.
Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі-жас жеткеншектерді қазақстандық патриотизм мен Қазақстанды мекендейтін халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады.
Ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі - жас жеткеншектерге патриоттық тәрбие беруде өлке тарихи мәдени естеліктері мен халық тұлғаларының ерлік мұрасын пайдалану.
Жас жеткеншектердің азаматтық, патриоттық қасиеттерін жастайынан қалыптастыру проблемасына Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауында аса үлкен мән берілген. Елбасы өзінің жолдауларының бірінде «Өз тарихымыз Бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар» (1997) десе, екіншісінде «Біз бірлесе отырып, ерлікті ұлт жасақтау жолында алға жылжуымызға қажетті берік негіз қаладық»(2005) деп өзіміздің тарихымызды, ділімізді, ұлттық қасиеттерімізді алғы шепке шығарады. Президенттің патриоттық сезімге толы осы ой-пікіріне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында жас жеткеншектер тәрбиесіндегі ең маңызды міндеттер (өз Отанын сүю, туған өлке тарихи тұлғаларын білу, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру, мемлекет рәміздері мен халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеу, Ата Заң мен қоғамға қайшы келетін көрністерге төзбеу, әлемдік және отандық жетістіктерді игеру, қазақ және республикада мекендейтін басқа да халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, тарихын жете білуге тәрбиелеу) сараланып көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайға көшуі еліміздегі түбегейлі өзгерістер педагогика ғылымының алдына шешімін күттіретін күрделі практикалық міндеттерді жүктеп отыр.
Педагог жаңашыл өзгерістерге орай жаңа ұрпақ тәрбиелеу мәселесін көтеріп, олардың бойындағы жауапкершілігі арта түсуде.
Қазіргі Қазақстандағы түбегейлі өзгерістер адамның еркін дамуды таңдауы, егеменділік жоғары білім беру жүйесінің құрылымына өзгерістер енгізуде. Елімізде қалыптасқан нарықтық қатынастарға байланысты республикамыздағы бастауыш мектепте жүргізілетін тәрбиелік шаралардың сапасына жаңа талаптар қойылуда. Тек қана оқу жүйесінің жаңаруы ғана емес, сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтар ар, ождан, шындық, қайырымдылық, ұлтжандылық т.б. сана сезімнің өзгерісі байқалып отыр.
Бұл мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «... жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адамды тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» - деп атап көрсетілген.
Сондықтан әр саладағы педагог-кадрларға жастарға патриоттық тәрбие беруде негізгі методологиялық принциптерге сүйену қажет.
Негізгі патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы принциптерге біздер:
-
ғылыми;
-
ізгілік;
-
демократиялық
-
Қазақтан Респуликасының мәдени салт сана, әдет-ғұрыптары мен атамекен, атакәсіп, атамұра құндылықтары;
-
жүйелі түрде ұрпақтан - ұрпаққа халқымыздың құндылықтарын жеткізу;
-
патриоттық тәрбиенің тиімділігін арттырудағы қолданылатын әдістер т.б.
Патриоттық тәрбие беруде бұл принциптерді шешу мақсатында келесі міндеттер алға қойылады:
-
патриоттық тәрбие жүйесінің қызметінің әдістемелік және басқару формасын жетілдіру;
-
патриоттық тәрбиені жетілдірудіде аудиториялық және аудиториядан тыс уақытты тиімді пайдалану жолдарын анықтау;
-
жағдай туғызу;
-
тұлғаның жеке қоғамдық маңызды сапаларын Отанға деген сүйіспеншілік, өз елін, жерін құрметтеу, қорғау т.б.) жетілдіру,
-
жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру,
-
жаңа түрде жаңа заманға сай өз Отанының патриоты, жауапты тұлғаны тәрбиелеуде әрбір тұлғаның қызығушылығын арттыру;
-
жанұя жағдайын, жастардың топ орталарының, жоғары оқу орнының іс әрекетін үнемі бақылауға алу.
Патриоттық тәрбие өз мазмұны жағынан барлық тәлім тәрбиенің негізгі жүйелерін құрайды. Патриоттық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен астасып жатады. Өз Отанын сүю, еліне, халқына деген үлкен жауапкершіліктің болуы жоғары сапалы адами қасиет. Тұлғаның саяси сауаттылығына, белсенділігіне тікелей байланыс, тәрбиенің барлық түрінде қамтылуы қажет. Дегенмен патриоттық тәрбиені жетілдіру қырлары өзіне тән кешенді әдістер мен формалардың жиынтығынан тұрады. Соның ішінде қазіргі тәрбие процесінің нәтижелі болуы тұлға сана сезіміне тікелей байланысты. Ең алдымен тұлға өзін-өзі танып, өзінің өмірдегі орны мен негізгі мақсат міндеттерін анықтап алу басты мәселе. Сондықтан патриоттық тәрбиені меңгерту тұлғаның ішкі сезімі, мінез құлқына тікелей әсер етумен, өзін-өзі тануына ықпал жасаудан басталады.
Педагогикалық сөздікте: құндылық - адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсететін қайырымдылығы тұрақтылығы, мейірімділік жүйесі тәрбие негізі - делінген.
Ал, адамның ізгілік қасиеттері туралы педагог Мағжан: ...“Әр адамның өзін-өзі сүюі, яғни жақсылық тілеуі, туысқанын сүюі, оларға жақсылық тілеуі, өз елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеуі, пайда келтіруі, зиян келтірмей, басқаларға да зиян жасамауы - бұл ең басты міндеті болуы тиіс” - деген ой тұжырымдарынан өзін- өзі сүй дегенде, өзінің іс-әрекеті мен ішкі сезіміне үңілу, өзін-өзі тану сол арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарын игертуге шақырады. Егер болашақ ұрпақ тәрбиесінің қамын ойласақ, бұдан бірнеше ғасыр бойы ұрпақ тәрбиесіне өз идеяларын қалдырған осы ғұламалардың, парасатылыққа, адамгершілікке, тәрбиеленген озық үлгілерін қазіргі кезде пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс.
Негізгі ұғымдар:
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
-
Достық ұғымына түсінік беріңіз.
-
Достық сезімдерді қалыптастыруға сіздің көзқарасыңыз?.
-
Жалпыадамзаттық құндылықтар негіздері деп нені айтамыз?
-
Қазақстандық патриотизм ұғымын қалай түсінесіз?
№8-дәріс
Тақырыбы: Дін рухани мәдениеттің бөлігі ретінде.
Жоспары:
-
Рухани құндылықтар ұғымына түсінік.
-
Рухани келісім. Үйлесімділік әлем тұғыры.
-
Дін және оның даму тарихы.
-
Рухани даму дегеніміз-өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру.
Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.
Рухани-адамгершілік құндылық тәрбиесіндегі басты нысана - студент тұлғасын құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние мен, әлем мен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт.Буддизм — ең ежелгі әлемдік дін. Б.з.б 1 мыңжылдықтың ортасында Үндістанда пайда болды. Бірақ Үндістанда гүлденіп, өркендеу дәуірінен соң, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Орталық Азия, Қиыр Шығыс аймақтарын мекендеген халықтардың санасы мен тұрмысында орнығып қалды. Қазір әлемде буддизимді 800 млн-ға жуық адам ұстанады.
Буддизм тарихына терең үңілсек, оның негізін салуға аңыздық кейіпкердің артында нақты өмір сүрген адам тұрған тәрізді. Аңызға сай, Шакья тайпа бірлестігінің ауқатты мүшесі - «ханзада» Сидхартха Гаутама (Гатама руынан) уайым-қайғысыз, бақытты жастық шағынан соң өмірдің өткіншілігі мен шарасыздығын сезінеді, үндінің өзіндік санасы үшін әмбебапты болған жанның мәңгілік көшіп-қонуы идеясы оның бойына үрей мен қорқынышты ұялатады.
Гаутамаға түскен аян оны Будда («Буддха» - көзі ашылған, нұрланған) етті. Будда Шакьямуни (шакья тайпасынан шыққан данышпан) қоғам үмітін түсінікті де нанымды түрде жеткізе алды. Өмір сүру азап, азаптан құтылуға болады. Будда осы жолды тауып, басқаларға көрсетті.
Ұстаз – Будда
Ілім - Дхарма
Ақиқат сақтаушылары - сангха
Буддизм іліміне сай, өмір өзінің барлық көріністерінде - материалдық емес бөлшектер - дхармалардың әр түрлі комбинациялары немесе «ағындары » Дхармалардың түзілімі адамның, жануардың, өсімдіктің, тастың және т.т болмысын айқындайды. Бұл түзілімдердің ыдырауы өлімді, ажалды білдіреді. Будда ілімінің негізін, дәстүрге сай сидхардаха Гаутамаға ашылған «төрт ұлы ақиқат» құрайды.
-
Өмір деген азап,
-
Азаптық себебі адамның құмарлықтары мен мұқтаждықтары
-
Осы жоғарыда айтылғандардан арылу арқылы азапты тоқтатуға болады.
-
Азапты тоқтату үшін дұрыс өмір сүру керек.
Соңғысы буддизмнің сегіз тармақты жолы арқылы жүзеге асады. Бұл жол «дұрыс әрекеттен» және «шынайы білімнен» туады. «Дұрыс әрекет» дегеніміз адам өлтірмеу, тірі жанға зиян келтірмеу,(ахимса), ұрлық істемеу,өтірік айтпау, ақылдан адастыратын ішімдіктерді ішпеу сияқты принциптерден тұрады.
«Шынай білім» - өзіне-өзі үңілуді, ішкі пайымдау - медитацияны білдіреді. Осы екеуінің тұтастығы адамға өмір мен өлімнің мәңгілік шеңдерінен шығып, Нирванаға жетуге мүмкіндік береді.
Будда ілімінің дамуы барысында оның негізгі екі тармағы:
1)Хинаяна
2) махаяна қалыптасты.
Хинаяна манахтық өмір салтын ұстанып, будда ілімін терең игеруге басты назар аударады.
Махаянада кез-келген адам Нирванаға жете алады делінеді.
II мыңжылдық басындағы мұсылман шапқыншылығы буддизмді Үндістаннан түпкілікті ығыстырып шықты. Олар буддалық білімділіктің соңғы тірегі болған монострь-Университеттерді қиратты.
Аман қалған монахтар өздерімен бірге баға жетпес қол жазбаларды сақтапқалу үшін Непал мен Тибетті паналады.
Кеңес дәуірінде буддизм діні орны толмас шығынға ұшырады. Билік тарапынан оған тыйым салында. Бірақ соңғы жылдардағы ұлттық сананың оянуы дәстүрлі құндылықтардың жаңғыруына жол ашты.
Буддизм дәстүрі кең таралған аймақтардан басқа жерлерде де махаяна мен хинаянангың әртүрлі бағыттарын ұстанатын қауымдар құрылды.
2)Христианшылдық
Христианшылдық діні б.з 1ғасырында Помпей шапқыншылығынан кейін Ресей империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды. Христиан діні - құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талыпынанды. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдайлық ақиқатты тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялайды. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идечлық күшке айналды.
Христианшылдықтың идеялық негіздерінің қалыптасуы
Христиан апологетикасы христиан діні адамдар ойлап тапқан жоқ, ол адамзатқа құдайдың жіберген діні дейді. Бірақ діни ілімдердің салыстырмалы тарихы христиан дінінің пайда болына діни, философиялық, этикалық ықпалдардың болғанын айғақтайды.
Хрисиан ілімі Қасиетті жазу Библия мен Қасиетті Аңызға - шіркеу әкелерінің айтқандарына соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда ерте христиандықта бұл негіздер болған жоқ.
Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер «игі хабарлар» арқылы таралды.
Негізгі ұғымдар:
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
-
Рухани құндылықтар ұғымына түсінік беріңіз?.
-
Рухани келісім. Үйлесімділік әлем тұғырын қалай түсінесіз?.
-
Дін және оның даму тарихын сипаттаңыз?.
-
Әлемдік діндерге сипаттама беріңіз олардың ерекшеліктері неде?
-
Секталар ұғымын қалай түсінесіз?
№9-дәріс
Тақырыбы: Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде.
Жоспары:
-
Рухани құндылықтар ұғымына түсінік.
-
Рухани келісім. Үйлесімділік әлем тұғыры.
-
Дін және оның даму тарихы.
Ислам
Ислам (араб, өзін Аллаһқа тапсыру, мойынсұну) - үшінші, ең жас әлемдік дін. Ислам жер бетіндегі ең көп таралған діндерге жатады.
Әлемде 1,3 млрд адам ислам дінін ұстанады. 35 мемлекетте мұсылмандар тұрғындардың басым көпшілігін құрайды. 28 елде ислам мемлекеттік дін деп жарияланған (Египет, Сауд Арабиясы, Марокко, Кувейт, Иран, Пәкістан және т.б) 120 елде мұсылман қауымдары бар. Ислам - қуатты әлеуметтік-мәдени, белсенді саяси күш.
Исламның негізін қалаған Мұхаммед 570 жылы, исламға дейінгі Арабияның ең ірі сауда және діни орталығы Мекке қаласында дүниеге келген. ол күреіш тайпасының кедейленген хашім руынан шықты.
Исламның негізгі багыттары.
Ислам үш бағытқа бөлінеді - мұсылман әлеміндегі ең көп жақтастары бір сунниттік бағыт, шииттік және хариджиттік бағыт. Олардың пайда болуы, ең алдымен, мұсылман қауымындағы билік үшін күреске және саяси мотивке байланысты еді.
Хариджиттер ислам тарихындағы ең ежелгі діни-саяси топ болған. VIII ғ екінші жартысының басында хариджиттер арасында бір-бірімен бәсекелес топтар шыға бастады -азракиттер, ибадиттер, суфиттер. Хариджиттердің өз ішіндегі бытыраңқылық олардың күшін әлсіретті. Хариджиттер Исламдағы билік теориясына байланысты догматикалық сұрақтарды даярлауға көп үлес қосты. «Тайпалық десократия» тұғырнамасын ұстана отырып, олар халиф жоғарғы билікті тек қана сайлану жолымен алуы тиіс деп есептеді. Егер де, ол өзіне қойылған талаптар деңгейінен көріне алмаса, онда қауым оны алып тастауға, ал керек болған жағдайда - өлтіруге дейін бара алады. Халиф болып кез келген дінді ұстанған адам тегіне, әлеуметтік статусына және ұлтына қарамай сайлана алады. Билікке үміткер жанға қойылатын басты талаптар - оның Құран мен Суннаны қатаң ұстануы, мұсылман қауымының өкілдеріне әділетті қарауы және сол қауымның мүддесін қолына қару алып қорғауға шамасының келетініндей болуы керек. Халиф - мұсылман қауымының басты өкілетті тұлғасы және де әскер басшысы болып есептелінеді.
Хариджиттер заңды халифтар деп Абу Бакр мен Омарды есептеген. Келіссөз жүргізу арқылы Муавиямен ортадағы дауды шешуге ұмтылған Али, хариджиттер түсінігінде, өзінің халифатқа иелік ету құқығын жоғалтты. Өйткені оны «Алла ғана соттай алады» деген принципті бұзса керек. Саяси тұрғыдан алғанда хариджиттер радикалды көңіл күйлер тудырушылар болды, ал діни тұрғыдан алғанда олар исламның «тазалығын» сақтауда және әдет+- ғұрыптарды қатаң қадағалауда ештеңеден тайынбайтын топ еді.
Шииттер мен сунниттер
Исламдағы шииттік бағыт Мұхаммед пайғамбардың жалғыз мирасқоры «тақуа халиф» Али мен оның ұрпақтарын ғана мойындайтын мұсылмандардың басын біріктіреді. Шиизм (ар. «шиа»- топ, партия) де, исламның өзі сынды, өз алдына біріккен біртұтас жүей болып табыл-майды. Ол - көптеген секталар мен бағыттарға бөлініп кеткен бытыраңқы бағыт. Шииттердің жіктелуі діни-саяси көшбасшылық мәселесіне байланысты қақтығысулар, алауыздықтар нәти-жесінде жүріп отырды.
Шииттер, суннитер сияқты, Суннаны мұсылман дін ілімінің екінші көзі, бастау деп есептейді. Бірақ олардың сунниттерден ерекшеліктері мынада.: олар бірінші топтағы аса абыройлы тұлғалар деп «тақуа халиф» Алиді, оның жақын әріптестерін, сонымен бірге Али әулетінен шыққан адамдарды таниды.
Шииттер, суниттерге қарағанда қасіретшеккенді, азап тартқан жанды пір тұту кең тараған. Дін жолында азартану иедясына, Али мен оның баласы Хусейіннен басталған біраз шииттік имамдардың қайғылы тағдырларына шииттер басты назар аударады.
Шииттік тәжірибеде кең орын алған принцип такия «байқампаздық, естілік, ақылдылық» - «өз сеніміңді ақылмен жасырып-жабу» принципі, яғни адамның жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, әлде жамағаттың ортақ мүддесін көздеу мақсатында өз дініңе, сеніміңе жан дүниеңде берік бола тұра, іс жүзінде - оған қарсы келетін нәрселер жасау мен айтуға рұқсат етіледі.Шииттер бұндай жағдайға жол беріп отырған жоқ. Өйткені олар - өз тарихында саны жағынан азғантай болып, көбіне біраз қысым көрген жандар.
Суниттер
Исламдағы ең ірі бағыт - сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік бағытты ұстанады. Сунниттердің толық атауы - «Сунна мен қауым бірлігінің адамдары» - дәстүрлі ислманың маңызды принциптерін танытады. Сунниттерге тән белгілердің негіділеріне: төрт «тақу халиятердің» заңды билігін мойындау,; алты «қағидалы» хадис жинақтарының дәйектілігіен күмән келтірмеу; сунниттік төрт құқықтық мектептердің біріне тиесілі болу. жатады (маликиттік, шафииттік, ханифиттік немесе ханбалиттік) Шииттерден сунниттердің айырмашылығы - олардың Алла мен адам арасында Мұхаммед пағамбардан соң елшілік етуші жан жоқ деген идеяны жоққа шығаратындығы.
Суннизмнің аясында ерекше секталар пайда болған жоқ. Бұл жағы оны шиизмнен бөлектеп тұрады.
Шиидтік секталар
Кең тараған исламдық жіктемелердің бірреуіне сай, шиитік бес үлкен секталар бар олар өз алдына одан да кішірек құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: Кайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер жатады.
-
Жастардың көзбояушылыққа бой алдыруы
Қазір дін мен дәстүрді былықтырып, өзгеше ұлттық дін жасағысы келіп жүргендер бар, яғни олар әр ұлттың өз діні болу керек дегенді қағида қылып ұстанады. Міне, осы т ұрғыдан қарағанда әртүрлі діни ағымдар өздерін ұлттық дінді ұстап жүрген біздерміз деп халықтың басын қатырады.
Қазіргі ең өзекті мәселе - көп мұсылман жастардың сектаға кетуі. Көпшлігі оның не екенін түсініп білмей кіріп, содан соң басын алып шыға алмайды. ақша табудың қиындауы, өмірден өз орнын таба аламау - жастардың психологиясын мүлдем өзгертуде.
Секта - діннің ең қауіпті бағыты. Онда адам психологиясын өз дініне, өмірге, еліне, жеріне теріс бағыттайды. Сектанттар қарапайым адамдарға үгіт -насихат жүргізіп, бірдеңемен қызықтыру арқылы өз қатарына , өз ортасына тартады. Сетаға кірсе, мұқтаждықта жүрген жандарға қамқорлық ретінде ақша, үй, көлікке дейін береді екен. Ал, алған мүліктер үшін ол жандар сектаға кіріп, есінен адасады. Үйінен қашып, сектаға кіріп кеткен балаларын өз отбасына қайтара алмай жүрген ата-аналар аз емес.
Ислам атын жамылған діни ағымның бірі - «Хизбут - Таһрир» партиясы . Бұл ұйымда мұсылмандар арасына жік салуда. Өкіншке орай, кей жастарымыз мәселенің мән-жайына бармастан теріс уағызға көзсіз көбелектей ілесіп олардың қатарына қалай қосылып қалғанын аңғармай жүр.
Жастарымыздың осындай көзбояушылыққа бой ұсынуы жыл сайын артып келеді. Мұның бәрі біздің иманымыз бен діни сауатымыздың қаншалықты төмен дәрежеде екендігін көрсетеді.
Негізгі ұғымдар:
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
-
Рухани құндылықтар ұғымына түсінік беріңіз?.
-
Рухани келісім. Үйлесімділік әлем тұғырын қалай түсінесіз?.
-
Дін және оның даму тарихын сипаттаңыз?.
-
Әлемдік діндерге сипаттама беріңіз олардың ерекшеліктері неде?
-
Секталар ұғымын қалай түсінесіз?
№10-дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |