Өзіндік бақылау сұрақтары:
Delphi – дің қандай графикалық компоненттерін білесіз?
Анимация орнату үшін қандай компонент қолданылады?
Шеңберді қандай әдіспен салады?
Тіктөртбұрыштың контурын ған салу үшін қандай әдіс қолданылады?
1 Delphi тілі программистке графикалық: сызбалар, схемалар, иллюстрациялар шығаруға мүмкіндік береді. Программа графикалыны формаға немесе Image компонентіне шығарады (Сурет 13.1). Обьект бетіне Canvas қасиеті сәйкес келеді. Графиканы шығару үшін (мысалы, үшбұрыш, төртбұрыш т.б.), Canvas қасиетіне осы обьектінің сәйкес әдісін таңдаймыз.
2 Анимация – суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі. Анимацияны құрудың екі жолы бар: бірінші дайын суретті қолдану арқылы суреттер жасау, бұл классикалық әдіс деп аталады. Классикалық әдіс “gif”арқылы жасалады. Екінші жолы компьютерлік ойындарды жасағанда кадрлық анимациялар ұсынылады, мұнда кадрлар экранның кез-келген жерінен шығу жолымен іске асады.
3 Ellipse әдісі эллипс және шеңберді параметрлеріне байланысты салады.
Жазылуы: Объект. Canvas.Ellipse(x1,y1,x2,y2)
Мұндағы:
Объект – сурет салатын беттің (объектінің) аты
x1,y1,x2,y2 – эллипс немесе шеңбер салынатын тіктөртбұрыштың координаттары.
Түзудің түсі, қалыңдығы, стилі Pen қасиетінің мәндерімен анықталады. Ал эллипстің ішін бояу, штрихтау – Brush қасиетімен анықталады.
4 FrameRect – тек контур ғана салады. Тrect өрістер құрылымы тіктөртбұрышты облыс координаттарына ие, олар Rect функциясының көмегімен толтырылады.
Мысал ретінде қызыл төртбұрыш және жасыл контур салатын программаны қарастырайық (Сурет 13 .6):
Листинг 13.4. Қызыл тіктөртбұрыш және жасыл контур салу программасы.
Procedure TForm.Button1Click(Sender:TObject);
Var r1, r2, :TRect;
Begin
r1:=Rect(20,20,100,80); //тіктөртбұрыш бұрыштарының координаттары
r2:=Rect(10,10,80,70);
with form1Canvas do
begin
//структура өрістерін толтыру
// тіктөртбұрыш бұрыштарының координаттарын беру
Brush.Color:=clRed;
FillRect(r1); // боялған тіктөртбұрыш
Brush.Color:=clGreen;
FrameRect(r2); // тіктөртбұрыштың шектері ғана берілген
End;
End;
Сурет 13.6. Программа терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |