Өзіндік білімді тексеру жүйесі



Дата24.02.2016
өлшемі72.2 Kb.
#16484
Адамзат ХХІ-ғасыр есігін - әлемдік жаһандану дәуірінде, ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың өте жоғарғы деңгейде қарқын алып дамудың жағдайында – ашты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы – «Әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру»- стратегиясының маңызы ерекше болса, биылғы- «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдаған жолдауында оқыту үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды – білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейтуге баса назар аударды. Бұл білім саласына көптеген жаңалықтар тасқынын әкелуде. Сонымен қатар әлемдік ақпараттық даму жүйесіне еркін енуге жол ашуда.

Ақпараттық – коммуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді.

Мектеп қабырғасында физика пәнін ақпараттық – коммуникативті технологияны жүйелі қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.



  • Мектебіміздің физика кабинеті биыл мультимедиялық жабдықтармен қамтылды. Физика пәнінің барлық тарауына арналған электрондық оқулықта: оқу материалының толық баяндалуы (кескіндер; кестелер; графиктер; бейнелер);

  • өзіндік білімді тексеру жүйесі;

  • өзіндік бақылау жүйесі;

  • мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;

  • авторлар тізімі;

  • терминдік сөздер;

  • оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;

  • оқулықпен жұмысты басқару жүйесі

енгізілген.

Мысалы, 9 сыныптағы «Динамика негіздері» тарауындағы Ньютонның І-ІІ-ІІІ заңдарын оқытуда электрондық оқулықтағы тәжірибелерін, тестік анықтамалықтар мен есептерін, термин сөздерді оқушыларға қолданып көрсетемін.


Сабақтың тақырыбы: Ньютонның үшінші заңы.

Мақсаты:


білімділік. Ньютонның заңдары туралы мағлұматтарды тереңдету, есте қалдыру, жете меңгерту.
тәрбиелік: оқушының ғылымға қызығушылығын арттыру, еңбекке, ұжымшылдыққа, халық дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
дамытушылық: өмірмен байланыстыра отырып алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу, оқушының ой - өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, электронды оқулық, мультимедиялық жүйе, қосымша әдебиеттер.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ньютонның ІІ заңы.


  1. Еске түсіріп ой шақыру (видеопроектормен камера арқылы А.Қ.Қаймолдинаның Физика есептер жинағының 11 бетінен үзіндіні мәнерлеп оқу.)

«Шақырды мысық тышқанды,

Тышқан келіп мысықтан,

Мысық болса күшіктен,

Күшік қыздан ұстады.

Қыз әжесін,ал әжей

Көмекке шалын шақырды.

Шал ұстады шалқаннан.

Бәрі тартып жабылып,

Жұлып алды ақыры”.
Сұрақ: координаталар осін таңдап алып, шалқанға байланысты Ньютонның екінші заңын жазыңдар. Қандай жағдайда шалқан үдеу алады?

Жауабы:


  1. Электронды оқулықты іске қосып Ньютонның екінші заңының анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін, тестік есептерді барлық оқушыларға беріп, жауаптарын партаға таратылған қосымша қағаздарға түсіртемін.

1. Денеде туындайтын ; оған әрекет етуші тура пропорционал, ал
кері пропорционал.

«орнына қой: массасына, үдеу, күшке».

2. Ньютонның екінші заңы:



a = ; F=m* ; m= ;

m a

№1 есеп.

Шешуі:


Бер: F=400 кН=4*10Н;

a=0,2м/с m=; m=

Т/к=m


m= т

№2 есеп. Шешуі:

Бер:m=1000г=1кг

а=0,5м/с F=

F=1*0.5=0.5Н.

т/к:F=? Ж:F=0.5Н.


Оқушылардың жауабын аралап жүріп тексеріп бағалаймын.
ІІІ. Жаңа сабақ: Ньютонның үшінші заңы.

1). Оқулықтағы 47,48,49 суреттерді экранға проекциялай отырып жаңа сабақты түсіндіремін.

2) электрондық оқулқтағы анықтама мен формуланы, бейнекөрсетілімді көрсету арқылы сабақты пысықтаймын.

3). Оқулықтағы 11 жаттығудың №1,2,3 есептерді шығару арқылы сабақты бекітемін. 11 жаттығу №2 дұрыс жауабын проекциялаймын.




Бер: m1= 50кг Шешуі:

m2 = 2 кг a=

F =20 Н 40H

т/к:а=?

a=? a =

4). Қорытынды. Тәжірибе: кішкене ағашты арамен кесіп көрсетемін.

Сұрақ.Ньютонның үшінші заңын қалай байқауға болады?

Жауап: Ағаштағы араның іркілуінен және тісінің мұқалуынан байқауға болады.

5). Тарихи мәліметті экранға проекциялау. Оқушының әзірлеген баяндамасын тыңдату. (шығармашылық ізденіс).




Атау

Уақыты

Ұлты

Тегі

Ньютонның қозғалыс заңдары. Натурал философияның математикалық бастамалары

1687ж

ағылшын

Иссак Ньютон

6). Бағалау парағы «оқушы өзіндегі бағалау парағын толтырады».




Білетін едім

Білдім

Білгім келеді









7. Үйге тапсырма § 13, 11 жаттығу №5 есеп.

Сондай – ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны қолдануда сабақ тиімділігін арттырады. Әртүрлі сызбаларды көрсетуде мысалы- «Дененің шеңбер бойымен қозғалысы» тақырыбында жылдамдық пен үдеудің векторларын түрлі -түсті сиямен ерекшелеп көрсетумен қатар, сызғыш, транспортир, қажетті кескін суреттерді тез тауып сызып қолдануға болады. Компьютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық – коммуникативтік мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады.

Мектептегі компьютерлік сынып интернет жүйесіне қосылғандықтан физиканы тереңдетіп оқыту сабақтарында қосымша бай – материал көздерін ізденіп қолданамын. Сонымен қатар оқушы да интернеттен материал ғана іздеп қоймайды, әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді.



Физикадан «Өткізгіштерді тізбектеп және параллель қосу» тақырыптарынан өтілетін зертханалық жұмыстарда уақытты үнемдеу үшін сызба схемаларды экранға проекциялауға болады. I=I=I

U=U+U

R=R+R

U1 R2

U 2 R1


Өткізгіштерді қосу

U=U=U=….U



I=I+I+…I



Топтастыру стратегиясы

Ом заңы—электр тогының негізгі заңдарының бірі




Венн диаграммасы


Физика сабағында ақпараттық – коммуникативтік технологияны тиімді пайдалану -

артуына әкеледі. Саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі.



әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу

Оқушының пәнге деген қызығушылығының артуы


Мұғалімнің пед технологияны игеруі



Сабақ уақытын тиімді қолдану



Оқушының өз бетінше ізденіп шығармашылықпен жұмыс істеуінің артуы







Білімнің тереңдігі



Жылдамда, тез керекті мағлұматтарды алуы


Білім, білік, дағды деңгейінің қалыптасуы



Қағазды үнемдеп экологиялық тазалықты сақтауы






Тексеру түрлерімен бағалануы



Дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі

Практикалық дағдыларды игеруі


Қолданылған әдебиеттер :

1.”Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан”

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың

халыққа жолдауы.

2.”Физика және асттрономия” журналы.№1,2,3,

3”.Математика және физика” журналы №2.4.5-2005ж

№1,2,3,4-2006ж

4.”Ашық сабақ” журналы.№11-2006ж

5.Физика. Есептер жинағы. А.Қ.Қаймолдина.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі



Б.Момышұлы атындағы орта мектебі


Физика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану тиімділігі.

Орындаған: Әуелбаева Әйкерім Шаңбайқызы



Аса ауылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет