Wi-Fi— Сымсыз қосылу
Wi-Fi -ды қосу үшін алғашқы қадам болып USB-Wi-Fi адаптерін алу болып табылады. Сәйкес адаптерлер тізімін LEGO® MINDSTORMS® (www. LEGO.com/mindstorms) веб-сайтынан алуға болады.
Орнатуды бастау үшін сіз, сымсыз желіге қолжетімді болуыңыз керек және желі атауы мен оның құпия сөзін білуіңіз керек.
Егер, EV3 бағдарламалық қамтамасыз ету ашық болса, оны жауып, компьютердің USB-портын пайдаланып, EV3 модуліне Wi-Fi адаптерін орнатыңыз.
EV3 модулін желіге қоса алар алдында сіз, EV3 модульінде Wi-Fi қосуыңыз керек. Сәйкес нұсқаулықтар 29 бетте келтірілген.
18 бет
ЕСКЕРТУ.
EV3 модулі желілік шифрлаудың тек келесі режимдерін ғана қолдайды: шифрлаудың жоқтығын және WPA2.
ЕСКЕРТУ.
Пернетақтамен шартталған шектеулер кесірінен, желіге енетін құпия сөз жазылған сандар мен жол әріптерден тұруы керек. Сіз кейбір, # белгісі сияқты таңбаларды, сонымен қатар латыннан басқа әліппелердің әріптері мен таңбаларын пайдалана алмайсыз.
Параметрлерін түзету экраны
EV3 ТЕХНОЛОГИЯСЫ
EV3 құрамаларының қосылуы
EV3 модульдерінің компьютерге желіге қосылуы
Түзетулер терезесінде Wi-Fi таңдап, «Жоғары» және «Төмен» пернелері көмегімен «Қосылу» таңдап, ортаңғы нүктені (ОК) басыңыз. Енді EV3 модулі, Wi-Fi қолжетімді желілерін іздейді және оларды тізімде көрсететін болады.
«Жоғары» және «Төмен» түймелерінің көмегімен көшіп отырып, тізімнен өз желіңізді табыңыз. Егер, EV3 модулі өз желіңізге қосылмаса (белгілеумен белгіленген), ортаңғы түйме көмегімен өз желіңізді таңдаңыз.
Пайда болған «Желі» сұхбат терезесінде «Қосу» тармағын таңдап, ОК (орталық нүкте) басыңыз. Ары қарай сізден, көшіп отыруға «Солға», «Оңға», «Жоғары» және «Төмен» түймелерін қолдана отырып, шифрлау түрі және желілік құпия сөзді енгізуді сұрайды (бұл жағдайда регистр маңызды емес).
Сіз, дұрыс құпия сөз енгізгеннен кейін, растау үшін құсшаны басыңыз. Енді сіз желіге қосылатын боласыз.
Егер, EV3 модулі іздеу жүргізе тұра, сіздің желіңізді таппаса, желі жасырын болуы мүмкін. Жасырын желіге қосылу үшін, «Жасырындарды қосу» тармағын таңдаңыз.
Одан кейін сізді, қосқыңыз келетін жасырын желінің атауы, шифрлау түрі және құпия сөзді енгізуді сұрайды (бұл жағдайда регистр маңызды емес). Бұдан кейін, EV3 модулі жасырын желіге қосылады және желі желілер тізіміне қосылады.
19 бет
Достарыңызбен бөлісу: |