94
қосқан нәрселеріңнен қорықпаймын. Тек Раббым бір нәрсені
қаласа (сол болады)
. Раббымның білімі әрбір нәрсені
қамтыған. Осыны ескерсеңдер қайтеді? Сендердің серік етіп
қосқан нәрселеріңнен қалайша қорқамын, Аллаһ ешбір дәлел
түсірмеген нәрсені сендер Оған серік етіп қосуға
қорықпасаңдар», – деді. Егер білген болсаңдар, екі топтың
қайсысы амандыққа көбірек құқылы? Сондай иман
келтірген және имандарына әділетсіздікті (серік қосуды)
араластырмағандарға амандық бар әрі олар – тура
жолдағылар.
Бұл – біздің Ибраһимге берген, оның қауымына
қарсы дәлеліміз. Біз қалағанымызды дәрежелерде көтереміз.
Ақиқатында, сенің Раббың – өте Дана, Білуші»
1
, – деп айтқан.
Бірақ мұнда да адамдар оған қарсы келіп,
ешкім иманға
келмеді. Сонда Ибраһим екінші рет қоныс аударуға шешім
қабылдады.
Ибраһим Мысыр жерінде
Ол бұл жолы Мысырға келді. Сонда сол елдің патшасына бір
әдемі әйел мен әлдебір кісінің келгендігі туралы хабар жетті.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Жер бетінде Хауаны есептемегенде,
Достарыңызбен бөлісу: