ауыл шетіндегі қаңыраған дуалды түзетіп қойғандығын айтсақ, ол
дуалдың астында бір марқұм жақсы кісінің екі баласына тиесілі
қазына жатқан болатын.
Мұса пайғамбардың қауымындағы Қарунның қиссасы
Қарун Мұсаның немере ағасы болып келеді. Мұса – Имран
ибн Қаһистің ұлы, ал Қарун Ясһаб ибн Қаһистің ұлы еді. Қарун
Мұса мен оның қауымының ұстанған дініне сенбеді. Аллаһ
тағала:
«Расында, Мұсаны аят-белгілерімізбен әрі анық дәлелмен
перғауынға, Һаманға және Қарунға жібердік. Сонда олар
(Мұсаны) жалғанпаз сиқыршы деді»
1
;
«Қарун және перғауын мен Һаманды да (жоқ еттік).
Расында, олар Мұса өздеріне анық мұғжизалар келтіргенде,
жер жүзінде дандайсыған еді»
2
, – деп айтқан.
Ол есепсіз мол байлыққа ие болды, қазыналарының кілттерін
бір топ адам жабылып әрең көтеретін. Қарун сол байлыққа
мастанып, қауымының айтқан ақыл-кеңестерін құлағына да
ілмеді. Астамшылық жасап, менменсіді.
«Рас, Қарун Мұсаның елінен еді, оларға қарсы келді. Оған
кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар берген едік.
Сонда оған жұрты: «Елірме! Расында, Аллаһ еліргендерді
ұнатпайды. Аллаһтың өзіңе берген дәулетімен ақырет
мекенін іздеп, дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Аллаһ саған
жақсылық еткендей, сен де жақсылық істе. Сондай-ақ жер
бетінде
бұзғыншылық
жасама.
Аллаһ
бұзақыларды
ұнатпайды», – деді. (Қарун болса): «Шын мәнінде, бұл маған
өзімдегі білімге берілді», – деді».
1
«Ғафыр» сүресі, 23-24 аяттар.
2
«Анкабут» сүресі, 39-аят.
224
Яғни қолындағы бұл байлықты сынақ деп есептемей, өзін
осыған хақылымын деп ойлады.
Достарыңызбен бөлісу: |