Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Негізінде, Аллаһтың мұнан бұрын өзінен де күшті, саны



Pdf көрінісі
бет194/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Негізінде, Аллаһтың мұнан бұрын өзінен де күшті, саны 
да көп нәсілдерді жоқ еткенін білмеді ме? Күнәкарлардан 
күнәлары жайлы сұралмайды
1
»
Бір күні «ол қауымына сән-салтанатқа бөленіп шықты. 
(Сонда) дүние тіршілігін қалағандар: «Әттең! Бізге де 
Қарунға берілген тәрізді болса еді! Ол – зор ырыс иесі», – деді. 
Ал білім берілгендер болса: «Аллаһтың сыйы иман келтіріп, 
ізгі амал істегендерге бек жақсы. Оған сабырлылар ғана 
жетеді», – деді». 
Сол кезде Қарунды бүкіл мал-дүниесімен қоса, жер жұтып 
кетті. «Сонда оны да, үйін де жерге жұтқыздық. Аллаһтан 
өзге оған жәрдем етер бір топ болмады әрі көмек те берілмеді. 
Кеше оның орнында болуды қалағандар: «Сірә, Аллаһ 
құлдарынан кімді қаласа, соның несібесін кеңітіп, тарылтады 
екен. Егер Аллаһ бізге қамқорлық қылмаса, әрине, бізді де 
жерге жұтқызар еді. Айтқандайын, кәпірлер құтылмайды», – 
деп шықты. Міне, ақырет мекені. Оны жер жүзінде 
астамшылық және бүліншілік қаламайтындарға нәсіп етеміз. 
Негізінде, соңғы табыс тақуалар үшін»
2

Басқа бір аяттарда: «Қарун және перғауын мен Һаманды да 
(жоқ еттік). Расында, олар Мұса өздеріне анық мұғжизалар 
келтіргенде, жер жүзінде дандайсыған еді. Сонда да олар 
қашып озған жоқ. Күнәлары себепті кейбіреулерін үстіне тас 
жаудырып, кейбіреуін ащы дауыспен, ал кейбірін жерге 
жұттырып және кейін суға батырып, бәрін қолға алдық. 
Аллаһ оларға зұлымдық жасамады. Бірақ олар өз-өздеріне 
зұлымдық қылды»
3
, – деп айтқан. 
1
Яғни олардың күнәларының бәрі жазулы. 
2
«Қасас» сүресі, 76-83 аяттар. 
3
«Анкабут» сүресі, 39-40 аяттар. 


225


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет