Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


олардың айтқандарынан ақтап алғысы келді. Сөйтіп, бір күні



Pdf көрінісі
бет199/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

олардың айтқандарынан ақтап алғысы келді. Сөйтіп, бір күні 
(Мұса) жалғыз өзі оңашаланып, киімдерін тастың үстіне 
қойып, сосын жуынады. (Жуынып) болған соң киімін алуға 
келгенде, тас киімін алып қашып кетеді. Мұса асасын алып
тасты қуалап: «Тас! Киімімді (әкел)! Тас!.. Киімімді (әкел)», – 
дейтін. Сөйтіп, исраилдіктердің бір тобына жеткенге дейін 
(келді). Сонда олар (Мұсаны) Аллаһ жаратқан көркем бейнеде 
көрді, сөйтіп Аллаһ оны (исраилдіктердің) айтқандарынан 
ақтап алды. Тас тоқтады. Ол киімін алып киініп, асасымен 
тасты қойып қалды. Аллаһпен ант етемін! Сонда оның 
соққысының әсерінен тасқа үш яки төрт немесе бес сызат 
түсті». «Ей, иман келтіргендер! Сендер де Мұсаны 
1
«Мәриям» сүресі, 51-аят. 
2
«Ағраф» сүресі, 144-аят. 
3
«Ниса» сүресі, 164-аят. 
4
«Ахзаб» сүресі, 69-аят. 


229
 
 
ренжіткендер сықылды болмаңдар. Сонда оны Аллаһ 
олардың айтқандарынан ақтады. Ол Аллаһтың алдында 
беделді еді» деген аяттың мәнісі – осы», – деген
1

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мені Мұсадан жоғары қоймаңдар. 
Расында, Қиямет күні адамдар есінен танады, ал алғаш есін 
жинайтын мен боламын. Қарасам, Мұсаның Арыштың 
діңгегінен ұстап тұрғанын көремін. Білмеймін... Есінен 
танып, менен бұрын есін жиды ма, жоқ Тұр (тауындағы) 
естен тануы жеткілікті саналды ма?» – деп айтқан
2

Әрине, бұл – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кішіпейілділігі мен 
ізеттілігінің 
көрінісі. 
Негізінде, 
дүние-ақыреттегі 
пайғамбарлардың ең дәрежесі жоғарысы – өзі (с.а.с.). 
Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын):
«Аллаһ елшісі (с.а.с.) (адамдарға өзіне келген мал-мүліктен) 
үлес бөліп берді. Сонда бір кісі: «Мен мына үлеспен Аллаһтың 
дидарын қаламаймын», – деді. Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, оны 
айтқан едім, оның жүзінен ашудың нышанын байқадым. Сосын 
ол (с.а.с.): «Аллаһ Мұсаны рақымына бөлесін! Ол бұдан да көп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет