Паллиативті көмек алатын науқастар туралы мәліметтер базасын жүргізу.
Паллиативті көмекті қалыптастырудағы мейірбикенің рөлі. Паллиативті көмектің аспектілері.
Онкологиялық аурулармен науқастарға паллиативтік жәрдем ұйымдастыру
Біздің елімізде паллиативтік көмектің 80% үйде көрсетіледі. Онкологиялық ауру көп таралғандықтан, кез келген медициналық қызметкер терминалдық пт жағдайда науқастың күтімін білуі тиіс. Бұл шараның мақсаты - науқастың өмір сүруіне жақсы мүмкіндік беру.
Медбикенің негізгі міндеттері:
Науқастың жағдайын бақылау үшін әр түрлі әдістер қолдану. Науқастың жағдайы қалыпты болса, айына 1 рет бару.
Емдеудің тиіміділігі туралы дәрігерге ақпарат беру.
Ауырсыну синдромын алдын ала және сәйкес басу. Тиімді тамақтану мен су ішу тәртібін ұйымдастыру.
Жатып қалған науқастарды ойылудың алдын алу шараларын жүргізу.
Науқасқа қолайлы жағдай жасау.
Науқастың өз мәселесін белсенді шешу үшін тарту.
Ауыр науқастардың күтімін туған туыстарына үйрету.
Туыстарды жақын адамдардың өліміне дайындау.
Науқастың бақылауын жағдайын байланысты дәрігер емді тағайындайдоы. Науқастың күтімін жоспарлау, емі тиімді болу үшін онымен жақсы, сенімді қарым-қатынас ұйымдастыру қажет. Науқаспен сөйлескен кезде асықпай оның шағымдарын тыңдау, оның қалауларын сіз дұрыс түсінгеніңізді анықтау. Науқастығң жағдайын бақылау үшін науқас өзі немесе туыстары, медбике күнделік жүргізуі тиіс.
Ресейде күнде 300 мыңнан астам онкологиялық аурулар ауырсынуларды сезеді, олардың 60-80%-ы қатты ауырсынулар болады. Жиі ауырсыну синдромы асқазан обыырмен науқастарда дамиды (20%), жеңіл (16%), тоқ ішекке (13%), сүт бездері (11%), генеталий (7%). Алайда, біздің елімізде созылмалы ауырсынуларды сезінетін онкологиялық науқастырдың 60-70%-ы тиісті фармакотерапияны алмайды.
Науқастырдың күтімі мен қолайлы жағдайды ұйымдастыру
Ауыр науқастардың күтімін бастау үшін оның айналасында қолайлы жағдай жасау керек. Науқаспен оның туыстарымен келісіп, жеке жарық бөлмеге жатқызыңыз. Онкологиялық аурудың соңғы сатысында науқастар өте ашушаң болады. Себебі, - өлім алдындағы қорқыныш пен өзі ештеңе істей алмағандықтан болатын ауырсынулар. Науқас жатқан пәтерге көп адамдарды шақырмау, кіргізбегені дұрыс. Отбасы мүшелеріне науқастың жағдайы туралы, олардың сабырлық сақтауын түсіндіру қажет.
Науқас жатқан бөлмені таза ұстап, күнделікті жинау, бөлмені желдету қажет. Науқастың кереуетінің жанына қажетті заттарды қоятын үстел қойыңыз: ішуге арналған су, кітаптар, гигиеналық сүлгі, сағат, телефон, біреуді шұғыл шақыру үшін, бос стакан мен қасық. Кереуеттің жанына зәр жинау ыдысын қойыңыз, егер науқас бөлмеде оны қолдана алса.
Жатып қалған науқастарға памперс қолданады. Оның дене бітімі бойынша таңдайды. Егер памперс дұрыс таңдалса, шат және жамбасынан буыны аймағы терісіне тығыз бекітілсе сыртқа ағу болмайды.гигиеналық құралдарды қолдану шат арасының тазалығын маңыздылығын жоғалтпайды.
Пампрес ауыстырған кезде (тәуілігіне 1-2 рет), шат расын ранайы күтім құралдарымен жуып, құрғату керек, аяғыз тізесінен бүгіп, арасын ашу арқылы ауа ваннасын ұйымдастыру қажет. Егер науқаста ауырсынулар болса, процедураның алдында 30-60 мин анальгетик енгізу керек.
Төсек тартып жатқан науқасқа күнделікті дене тазалығы қажет. Бұл манипуляцияны науқаспен келісіп жүргізу керек. Егер науқас өз бетімен істей алса, өзі істесін. Дене гигиенасына: бет жуу, ауыз қуысын күту, көз құлақ, мұрын қуысы, қол жуу, тырнақ алу, теріні күті, жатып қалғанда дақтардың алдын алу жатады. Гиперемия – денеде ойылу пайда болған белгісі. Ойылудың алдын алу:
Әр 2 сағат сайын науқастың жатқан күйін ауыстыру қажет.
Киім мен төсек орын жағдайын бақылаңыз. Төсек орын құрғақ және таза болуы керек. Жазда аптасына 2рет аустыру, қыста аптасына 1 рет. Клеенканы кереуетке түгел жабу керек емес, ол теріге әсер етеді. Дене киімі мақта-матадан болуы тиіс. Ұзын көйлекті беліне дейін қысқарту керек.ыстық кезде ауа ваннаны ұмытпаңыз. Төсек-орындар жиырылған жерлер болмауы керек.
Мәселелі жерлердің терісін күту қажет. Қызарған жерлердің терісіне «Солкосерил» гелмен уқалау жасаңыз. Ойылу өлшемдеріне қарамастан, мұқият емді талап етеді.
Ауырсынуды басуды негізгі принциптрі
Ауырсыну синдромын жайылдырмау негізгі принциптері:
Препаратты превинтивтік (ауырсыну пайда болуына дейін) енгізу;
Ауырсынуды басатын «баспалдақты кестесі»;
Мөлшерді жеке таңдау;
Біріншілік инвазиялық емес енгізу беріледі.
Аз дәрежелі ауырсынуды басу
Опиоид емес анальгетик пайдаланылады: парацетамол, анальгин, кетопрофен, кетеролак. «седальгин-Нео» препарат құрамына: 0,3г парацетамол, 0,15 анальгин, 0,15 кофеина, 0,015г фенобарбитал, 0,01г годеин кіреді. препараттың артықшылдығы - сирек жүрек айнуды туғызады. сеҚҚЗ спазмолитикпен (но-шпа) седативтік құралдармен қосады. Аллергиялық реакцияның дамуын алдын алу үшін 50% анальгин ерітіндісінен 1-2 мл-ді 1% демидрол ертіндісімен 1-5 мл бір шприцке алып парентеральды немесе 1-2 мл 2,5% пипольфен ерітіндісін құяды. Селектвтік ингибитор ЦОГ-2-алтернативті препараттар басқа стероидты емес қабынуға қарсы заттарды көтере алмау нәтижесінде асқазан-ішек тркатысының потологиясы кезінде, бірақ ауырсыну синдромы кезінде осы топ перпараттың әсері айқын дәлелі деп айтуға болады.
Жоғары тәулік мөлшерлері:
Анальгин 500 гр-нан 4 рет;
Парацетамол тәулігіне 1000 мл-нан 4-6 рет;
Кетопрофен 75мг нан 4 рет;
Кеторолак 10 мг нан 9 рет;
2% но-шпа мл ерітіндісі; қуық асты безде ісік болған кезде енгізілмейді, өйткені ол зәр шығаруды тоқтату мүмкін, тамыр ішіне құйған кезде ортостатикалық коллапс болдырмау үшін, науқас бірнеше сағат жатуы тиіс;
Димедрол 1%ерітіндісін 10 мл.
Орта дәрежелі ауырсынуды басу
Опиодты емес анальгетиктерде ауырсынудың сақталуында әлсіз опиодтарды қолдгнауға болады. Оларды сеҚҚЗ, антидепресанттар (амитриптилин), транквилизаторлармен (феназепам) қолдануға болады. Созылмалы ауырсынулармен, ұйөысыздық бар науқастарға алдын ала феназепамды изотоникалық натрий хлор ерітіндісімен 10 ре тараластырып, тамыр ішіне баяу құяды. Жеңіл опиоид ретінде трамадол тағайындайды. Ауыз арқылы, тамыр ішіне, бұлшық ет ішіне, тік ішекке енгізуде тиімді болып келеді. Шығару формуласы: 50г капсула, 50г/0,1 л ерітінді, 10г тік ішек суппозиторий, ұзақ әсерлі дәрілер 100,15,200г. Назар аударыңыз! Ұзақ әсерлі препараттың мөлшері өте жоғары болып, қабығының ерекшелігіне қарай, олар ұзақ уақыт шығады. Мұндай дәріні үгітпей, мөлшерден тыс болдырмау үшін, дәріні тұтас жұту керек. Тәуілігіне 1-23 рет қабылдайды.
Тәуліктік жоғары мөлшері:
Трамадол 50мг 8 рет;
Амитриптилин 50 мг 4 рет немесе 2% ерітіндіні 2 мл (бұлшық ет ішіне, тамыр ішіне баяу құю);
Феназапам 10 мг.
Білінген ауырсынуларды емдеу
Ауыз арқылы қабылдаған морфин ауырсынуды анық басатын болып келеді, қажет болғанда 1/3 ауыз арқылы қабылдағанды құрастыратындай эквивалентті мөлшерінде оны парентеральді енгізеді. Ресейде оны жазып беру, есірткі дәрмектердің қалдықтарын жою мен алу жүйесі қиын болып келеді, сондықтан көптеген дәрігерлер опиоидтық анальгетиктерді тағайындау манупуляцияны шектейді. Трансдерманалдық жүйені қолдану бұл мәселенің шешімі болып келеді. Тері арқылы дәрі-дәрмекті сорылып енуі-ең тиімді, кейде құюдың жалғыз жолы болып табылады. Трансдермаралдық терапиялық жүйе (ТТЖ), дәрі-дәрмек препараттары бар, пластрь болып келеді. Ресейде ТТЖ фентонил («Дюрогезик») және ТТЖ бупренорфин қолднылады. Соңғысы қатты ауырысынумен науқастарға тағайындайды. ТТЖ жетістіктері:
Инвазиялық емес енгізу жолы;
Мөлшер тәртібінің ыңғайлылығы;
Қанға препараттың үнемі концентрацияны қамтамасыз етуі;
Есірткі қауіпсіздігін қамтамасыз етуі;
Препараттың бауырда сүзілмеуі;
АІТ (құсу, обстипация) жағынан кері әсерлерінің жиілігін төмендету;
Медициналық қызметкерлердің ауыртпашылығын төмендетеді;
Достарыңызбен бөлісу: |