1.22. Такырып: Үйде паллиативті көмек көрсету үшін туыстар мен еріктілерді оқыту.
2. Мақсаты.
Паллиативтік науқастарға үйде күтім жасау бойынша жалпы ұсыныстарды білуі тиіс.
3. Дəріс тезистері. Паллиативті көмек дегеніміз – қауіпті аурумен зардап шегетін адам үшін
мамандырылған медициналық қызмет көрсету. Диагнозқа қарамай аурудың белгілерін жеңілдету.
Негізгі мақсаты – емделушінің жəне оның отбасының өмір сапалығын жақсарту.
Қосымша қолдау деңгейімен қамтамасыз ету үшін, паллиативті көмек дəрігерлермен,
медбикелермен жəне басқа мамандармен бірге көрсетіледі.
Емделушілермен, мамандармен жəне жанұямен серіктестік.
Паллиативті көмек емделуші, дəрігер-мамандар мен оның жанұясы арасында серіктестік қарым-
қатынасын орналастырады. Қалыпты жағдайда сарапшылар тобы соның ішінде паллиативті көмек
көрсететін мамандар тобы: дəрігерлер, медбикелер, жəне əлеуметтік қызметкерлер, сіздің өзіңіздің
жеке дəрігеріңізбен біртұтас серіктес ретінде қызмет атқарады. Паллиативті көмекті көрсететін
мамандар тобының мүшесі боп массажистер, диетологтар жəне басқа адамдар бола алады.
Паллиатитвті көмекті көрсетсетін мамандар емделушіге жəне оның отбасына медеу болып,
емделудің негізгі мақсатын ашып, жақсы қолдау көрсетеді.
Дəрігермен бірге жұмыс істей отырып, паллиативті көмек қосымша қолдауме қамтамасыз етеді:
- Тығыз араласу үшін уақыт
-Жасанды түрде ауру мен басқа белгілерді басқару
- Денсаулық сақтауда бағытталушы жүйесіне көмек
- емделуді таңдағанда қиын жəне ауыр таңдауға жетекшілік
- Емделуші мен жанұя үшін эмоционалды жəне рухани қолдау көрсету
Паллиативтік көмек кімдерге көрсетіледі?
Хоспис деген атауды естігенде, құлаққа түрпі, санаға жат бір мекен келеді көз алдымызға. Ол
түсінікті де. Өйткені қазақ - жақынын қай уақытта да жатқа қалдырмаған халық. Ауыр науқасты
болса да ақырғы демі үзілгенше күтіп, жағдайын жасаған, ақтық сапарға өз шаңырағынан
аттандырған. Десек те, бүгінде елімізде хосписке деген қажеттілік бар жəне ол жыл өткен сайын
артып келеді. Себебі ол кезгі сана мен бүгінгіні қайтсек те салыстыра алмаймыз.
1) паллиативтік көмек - мақсаты денсаулық сақтау ұйымы берген медициналық қорытындымен
расталған терминалдық (соңғы) сатыдағы сырқаты дауасыз пациенттердің өмір сүру сапасын жəне
жалпы жағдайын жақсарту болып табылатын медициналық жəне əлеуметтік қызмет бағыты;
2) мейірбике күтімі - денсаулық сақтау ұйымы берген медициналық қорытыңдымен расталған
ауыр сырқаты бар тұлғаларға психологиялық жəне əлеуметтік көмек пен тұрмыстық күтім көрсету
жөніндегі медициналық жəне əлеуметтік қызметтің бағыты;
4) стационарлық көмек - тəулік бойы медициналық бақылау жасалып, білікті, мамандандырылған
жəне жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны;
5) стационарды алмастыратын көмек - бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа
дейін медициналық бақылау жасалып, дəрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған жəне жоғары
мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.
Достарыңызбен бөлісу: |