Параллелограмның 14 см болатын қабырғасына түсірілген биіктігі 10 см. Осы паралелограмның ауданын тап.
Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы 24 см², ал бір катеті 6 см болса, екінші катетін табыңыз.
Диагональдары 8см және 10 см болатын ромб. Осы ромбтың ауданын тап.
Берілгені: АВС - тең бүйірлі, а-табаны, b-бүйір қабырғасы, α – табанындағы бұрышы а=12 см, b= 10, α =30°
Табу керек S - ?
Берілген үш қабырғасы a = 17, b = 65, с = 80 бойынша үшбұрыш ауданын табу.
Табу керек S - ?
Егер трапецияның табаны 6 см және 8 см, ал биіктігі 5 см болса, трапецияның ауданын тап.
Егер трапецияның орта сызығы 10 см, ал биіктігі 6 см болса, трапецияның ауданын тап.
Табандары 21 см және 17 см, биіктігі 7 см болса, трапецияның ауданын тап.
Үшбұрыштың бір қабырғасы 24 см, оған түсірілген биіктік 11 см. Үшбұрыштың ауданын табыңдар?
Үшбұрыштың ауданы 64 см², қабырғасы 16 м болса, үшбұрышқа түсірілген биіктікті табыңдар?
Достарыңызбен бөлісу: |