Оспанбаев Ж.А., Туленгутова Д.
Жаһандану және адамзат дамуының жаһандық мәселелері
«Жаһандану» деген терминді қазіргі таңда естімеген адам жоқ шығар.
Бұл сӛзді балабақшадағы балаға дейін біледі деген ойдамын. Бірақ
«Жаһандану деген не?» деген сұраққа адамдардың кӛбісі нақты жауап
бермейді. Елдің кӛп бӛлігі бұл сӛздің мағынасын түсінгенімен аталған
сұраққа нақты жауап бере алмайды. Сонымен, ең алдымен біз жаһанданудың
не екенін біліп алу керекпіз.
Қазіргі таңда жаһандану, ең алдымен, бүгінгі орын алып отырған
халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты мен серпінді техникалық
прогресті қамтамасыз ететін ӛндірістік күштердің (кӛлік, байланыс
құралдары, әлемдік компьютерлік желілер және т.б.) даму деңгейіне қатысты
болып келеді. Осы орасан ғылыми-техникалық прогресс әлемнің бейнесін
түбірімен ӛзгертіп, жаһандануға алып келді, алуан түрлі халықтарды бір-
біріне жақындата түсті. Дегенмен, қазіргі жаһандану бір жақты сипатқа ие
емес. Ӛте ауқымды болып келетін ӛндірістік-қаржы ресурстарының
трансұлттық корпорациялардың қолына шоғырлануы оларды, шындығында,
әлемнің нағыз қожасына айналдырады. Нәтижесінде трансұлттық
мемлекеттер ӛз егемендігінен айрылып, ӛз елдерінің нарықтарындағы қаржы-
экономикалық жағдайды бақылау тізгінін босатып алады. Бұл жаһандық
мәселелердің біреусі ғана болып табылады.