Орындаушы: : Жолдасбаев ислам



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата14.10.2022
өлшемі352.18 Kb.
#462721
  1   2
Социология 4 (1) (1)




Пәннің атауы

ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ БІЛІМ МОДУЛІ 
(ӘЛЕУМЕТТАНУ, САЯСАТТАНУ)
ДІН ФЕНОМЕН:
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІ ТАНУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ.
Орындаушы: :Жолдасбаев ИСлам
Электронный адрес: i.zholdasbayev@aues.kz


Дін анықтамасы 
Әлеуметтанушылардың тұжырымы бойынша дін дегеніміз құдайға сенетін 
адамдарды моральдық қауымдастыққа біріктіретін, тылсым да қасиетті 
дүниелермен байланысты нанымдар мен тәжірибе жүйесі. (Дюргейм) Дін 
әлемде болып жатқан оқиғаларды тылсым күштерден деп түсіндіретін сенім 
жүйесінен тұрады. Бірақ мұндай тылсым,қасиетті деген идеяларды 
қарастырмайтын марксизм мен ғылым бұған кірмейді. Жалпы дінді зерттейтін 
әлеуметтанушылар дінді құндылықтар жүйесі ретінде қарастырады. Бірақ 
құдай бар ма немесе адам жанын құтқаруға бола ма, қақ дін қайсы деген 
сияқты түсініктердің шынайылығына немесе жалғандығына жауап іздемейді. 
Әлеуметтанушылар дінге мәдениеттің, қоғамның және өзге де әлеуметтік 
күштердің әсер ету жолдарын діннің адамдар мен әлеуметтік құрылымдарға 
ықпалын зерттейді.


 Дін бізге бақылай алмайтын және түсінігімізге симайтын оқиғаларды түсініп 
қабылдауға көмектеседі. Ал сенім мен рәсімдер осы үлкен күшті бақылай 
алатын немесе тыныштандыра алатын тәсіл ретінде дамиды. Нәтижесінде 
белгісіз құбылысқа жауап ретіндегі әрекетке айналады. Сондай-ақ діни 
сенімдер мен рәсімдер дұрыс немесе бұрыс болсын адамдарға күтпеген 
жағдайларды дұрыс өткізуге көмектеседі. 1970 жылдары ғылым мен 
техниканың дамуына байланысты ғалымдар діннің бәсеңдейтініне
сенімді болды. Нәтижесінде олар секуляризация діни заттардың ,ойлардың ,
биліктің зайырлы билік иелеріне (мемлекет, медицина т.б.) берілу процесі 
уақыт өте күшейеді деп ойлады. 


Фундаментализм
Секуляризацияның іске асқандығын көрсететін дәлелдер көп 
болғанымен ,соңғы 30 жылда АҚШ және басқа мемлекеттерде 
фундаменталистік дінге сенушілердің қатары артты. Фундаментализм дінге 
сенушілердің қасиетті кітаптарын құдайдың ақиқат сөзі деп, олардың 
қағидаларының дәстүрлерін бұлжытпай қабылдайтын және сол кітаптарда 
көрсетілген рәсімдер бойынша өмір сүру маңызды деп санайтын діни қозғалыс. 
Дүние жүзі бойынша фундаментализм католиктер, протестанттар, еврейлер, 
мұсылмандар мен және басқалардың арасында кездеседі. Олардың дінге деген 
сенімінің күштілігі соншалық саны аз болса да діні мен өмір салтына қауіп 
төндіретін дінсіздерге қарсы шығуға дайын тұрады. Фундаменталистік зорлық 
адамдардың діні үкімет тарапынан тапталып, жаншылғанда немесе мәдениеті 
басып алған ұлт тапарынан бұзылған жағдауда көбірек туындайды. Бір 
өкініштісі қазіргі кезде саяси ланкестер әлеуметтік өзгерістер БАҚ өкілдерінің 
назарын өзіне аудартқысы келеді. Сондай-ақ олар әлеуметтік қоғамдық 
жағдайларды немесе әлеуметтік жағдайлар арқылы қоғамды өзгерткісі келеді.


Дінді зерттеу
Әлеуметтік құрылымдардың зерттелуі сияқты дінге қатысты да әлеуметтанушылар әртүрлі 
теориялық көзқарастарды ұсынды. Құрылымдық функцияшылдар діннің жеке адам мен қоғам 
үшін атқаратын қызметін зерттейді. Ал қақтығыс (конфликтология) теоретиктері діннің 
әлеуметтік шиеленісті тудыруын немесе тежеуін саралайды. Дінді құрылымдық 
функционалдық тұрғыдан зерттеу Эмиль Дургеймнің еңбегінен басталады. Дюргейм өзінің 
саралау жұмысын діннің қарапайым түрлері деп атаған және барлық діндерді топтастыратын 
үш элементті анықтаудан бастады. Діннің бәрі адам тәжірибесін қасиетті әрі қарабайыр деп 
екіге бөлді. Қарабайыр дегеніміз күнделікті өмірде өздігінен болатын әдетті әрекет ретінде 
көрінетін барлық нәрселер. Әдетте олар бізге таныс, біз оларды бақылап оған қарсы әрекет 
жасай аламыз. Қасиетті ,керісінше біз бақылап түсіне алмайтын қорқыныш пен табыну
сезімін оятатын бұл құбылыстар мен дүниелер. Екіншіден, барлық діндер адамдарға туу, өлу, 
жарату, жетістік, сәтсіздік және дағдарыс тәрізді құбылыстарға байланысты құпияларды 
түсінуге көмектесетін тылсым күштер туралы сенімдерді ұстанады. Бұл сенімдер ресми діни 
сенімдердің негізін қалайды. Үшіншіден барлық діндерде рәсімдер бар. 


Э.Дюргейм 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет