№1 зертханалық жұмыс Аспан сферасы моделімен жұмыс Жұмыс мақсаты



Pdf көрінісі
Дата28.04.2023
өлшемі0.5 Mb.
#472946
1 лб. астрономия (1)



№1 зертханалық жұмыс 
 
Аспан сферасы моделімен жұмыс
 
Жұмыс мақсаты: Аспан сферасы моделінің негізгі элементтерімен танысу.Аспан 
сферасы моделінің негізгі сызықтары мен жазықтықтарының сызбасын сызу, олармен 
жете танысу. 
Теориядан қысқаша түсінік. Жердің географиялық картасын құрастыру үшін парал-
лельдер мен меридиандар енгізілген. Планетадағы нысанның орнына сәйкес келетін карта-
дағы кез келген нүктені біз белгілі ендік пен бойлықтың қиылысу нүктесінен табамыз. 
Жұлдыздар картасын құрастыру үшін экваторлық координаталар: δ еңістік және α тік ша-
рықтау енгізілген. Еңістік – ендікке, ал тік шарықтау бойлыққа ұқсас.Тік шарықтау Тоқты 
жұлдызында орналасқан көктемгі күн мен түн теңелу нүктесінен бастап өлшенеді. Күн 
бұл нүктеге 22 наурызда келеді. Белгілі бір өлшемдері бар Жермен салыстырғанда жұл-
дыздар әлемі шексіз, сондықтан жұлдыздарды бейнелеуде аспан сферасы ұғымы енгізілді. 
Аспан сферасы – кез келген радиустағы барлық көрінетін аспан денелері 
проекцияланатын ойша алынған сфера. 
 
 
66-суретте P P′дүние осі деп аталатын айналу осі көрсетілген аспан сферасы берілген.
Солтүстік жарты шарда орналасқан бақылаушы үшін аспан сферасының дүние осі мен қи-
ылысу нүктесін солтүстік полюс Р деп атайды, ол Темірқазық жұлдызының маңында ор-
наласқан. Оңтүстік жартышарда орналасқан бақылаушы үшін аспан сферасының дүние осі 
мен қиылысу нүктесі оңтүстік полюс Р′деп аталады. Экватор жазықтығы аспан сферасын 
солтүстік және оңтүстік жартышарға бөледі және айналу осіне перпендикуляр. Экватор 
жазықтығының QγQ’ аспан сферасымен қиылысу сызығын аспан экваторы деп атайды. -
Полюстер және бақыланатын шырақ М арқылы өтетін сфераның үлкен дөңгелегі еңістік 
дөңгелегі депаталады. 


Еңістік δ – еңістік дөңгелегі маңындағы жұлдыздың аспан экваторы жазықтығынан 
бұрыштық қашықтығы. Солтүстік жартышар жұлдыздарының еңістігі 0°ден90°қа дейін-
гі,ал оңтүстік жартышар жұлдыздарының еңістігі 0°ден–90°қа дейінгі мәндерде бола ала-
ды. Тік шарықтау – көктемгі теңелу нүктесінен жұлдыз орналасқан еңістік дөңгелегіне 
дейінгі бұрыштық қашықтық. Тік шарықтау аспан сферасының тәуліктік айналуына қара-
ма-қарсы экватор сызығының бойымен анықталады. Тікшарықтау уақыттың өлшем 
бірлігімен өлшенеді, аспан сферасының тәуліктік айналуы 24 сағат болғандықтан,ол 0
h
-
және24
h
аралығында өзгереді. Бақылаушы 0
нүктесінде деп есептеп, аспан сферасын жа-
зықтыққа проекцияласақ, онда М жұлдызы бейнеленген солтүстік жартышар картасын 
аламыз. (67-сурет).
 
 
Картада жұлдыздардың орнын көрсету үшін негізінде экватор жазықтығы және дүние 
осі жата тын экваторлық координаталар жүйесі қолданылады.
Горизонталь координаталар жүйесі. Тәжірибе жүзінде экваторлық координаталар-
ды қолдану арқылы жұлдыздың орнын анықтау қиынырақ болады.Темірқазық жұлдызы 
түрлі ендікте әртүрлі биіктікте орналасады. Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі ор-
наласқан Тоқты 
шоқжұлдызы көкжиек сызығының астында орналасуыда мүмкін. Аспанденелерін бақылау 
үшін астрономияда горизонталь координаталар жүйесі енгізілген. Горизонталь координа-
талар жүйесінің негізгі элементтері тік сызық және оған перпендикуляр орналасқан 
жазықтық болып табылады. Тік сызықтың аспан сферасының жоғарғы нүктесімен 
қиылысу нүктесін – зенит Z деп, ал төменгі нүктесімен қиылысу нүктесін надир Z’ деп 
атайды. Жазықтық аспан сферасын екі жартыға бөледі. Жазықтықтың аспан сферасымен 
қиылысу сызығын математикалық немесе шынайы көкжиек сызығы деп атайды (68-су-
рет).
Математикалық көкжиек сызығында мына нүктелер орналасқан: N – солтүстік, S – 
оңтүстік, W-батыс және E–шығыс. Солтүстік нүктесі Темірқазық жұлдызынан көкжиек -
сызығына жүргізілген вертикал сызықтың бойында орналасады. Солтүстік және оңтүстік 
нүктелерді қосатын NS түзуін талтүстік сызық деп атайды.Түскі уақытта денелердің 
көлеңкесі осы сызықтың бойында жатады. Дүние осьтері, зенит және надир нүктелері ар-
қылы бас аспан меридианы өтеді. Зенит және надир нүктелері, бақыланатын шырақ арқы-
лы өтетін аспан сферасының үлкен дөңгелегі вертикал деп аталады. Горизонталь жүйенің 
координаталары – биіктік және азимут (69-сурет). 


 
Биіктік h – көкжиек сызығынан вертикал жанындағы аспан денесіне дейінгі бұрыштық 
арақашықтық. Биіктік градуспен, минутпен, секундпен өлшенеді, мәндері көкжиек сы-
зығынан жоғары болса, 0°тан 90°қа дейін, көкжиек сызығынан төмен болса, 0°тан 90°қа 
дейін болады. Азимут А – аспан денесінің тәуліктік қозғалыс бағытымен оңтүстік 
нүктесінен вертикалға дейінгі бұ рыштық арақашықтық. Азимут градуспен, минутпен, се-
кундпен өлшенеді, 0°тан 360°қа дейін өзгереді.
Бақылау сұрақтар: 
1. Аспан сферасының моделі не үшін керек? 
2. Математикалық горизонт жазықтығы дегеніміз не? 
3. Зенит және надир нүктелері деп нені айтады? 
4. Дүние полюсі дегеніміз не? 
5. Аспан экваторы жазықтығы қандай жазықтыққа перпендикуляр? 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет