Бақылау сұрақтары 1 Электр қондырғыларындағы қысқа тұйықталудың пайда болу себептері. Жауап



Pdf көрінісі
Дата06.10.2023
өлшемі487.05 Kb.
#479982
БАҚ СҰР



Бақылау сұрақтары 
 
1)Электр қондырғыларындағы қысқа тұйықталудың пайда болу себептері. 
Жауап: 
Қысқа тұйықталу (ҚТ) – жерге тұйықталған бейтарапты желілерде 
фазалардың бір-біріне тұйықталуынан, сондай-ақ фазалардың жерге 
тұйықталуынан туындаған электр қондырғысының қалыпты жұмысының 
бұзылуы.
Қысқа тұйықталудың себептері әдетте электр қондырғыларының 
механикалық зақымдануы, ескіруі, электр желілерінің сымдарына бөгде 
денелердің жанасуы, алып механизмдердің электр желілер астынан өтуі, 
найзағайдың тікелей соғуы, асқын кернеулер, жабдыққа нашар техникалық 
қызмет көрсету салдарынан болатын оқшаулауламаның бұзылуы болып 
табылады. Электр қондырғыларының бұзылуына алып келетін қысқа 
тұйықталулардың себебі көбінесе техникалық қызмет көрсету персоналының 
қате әрекеттері салдарынан болып табылады. 
2)
Қысқа тұйықталу тоғында периодтық және апериодтық құраушылардың 
болуы немен анықталады. 
Жауап: 
Қысқа тұйықталудың бастапқы сәтінде хк= ωLк қысқа тұйықталу 
тізбегінің индуктивті кедергісінде өзіндік индукциялық ЭҚК пайда 
болады, ол қарама-қарсы бағыттағы өзіндік индукциялық еркін апериодтық 
токтың пайда болуын тудырады. Апериодтық токтың бағыты уақыт өте 
өзгермейді. 
Қысқа тұйықталу тогының апериодтық құраушысының сөну жылдамдығы 
қысқа тұйықталу тізбегінің активті және индуктивті кедергілерінің 
қатынасына байланысты: қысқа тұйықталу тізбегінің активті кедергісі 
неғұрлым көп болса, соғұрлым сөнуі күшейеді. 
Қуатты энергетикалық қорек көзінен қорек алған жағдайдағы ҚТ өтпелі 
процессінің ұзақтығы ҚТ тогының апериодтық құраушысының 
болуымен анықталады. Бұл токтың сөнуімен тұрақты режим I∞ пайда 
болады. 
Қысқа тұйықталудың бастапқы сәтінде (t=0) периодтық құраушының мәні 
қуат көзінің кернеуіне (энергия жүйесі) және қысқа тұйықталу тізбегінің 
толық кедергісіне байланысты. Қысқа тұйықталу тогының периодтық 
құраушысы уақыт бойынша периодтық заңға сәйкес қорек көзінің кернеу 
жиілігіне тең жиілікпен өзгереді. 
3)
ҚТ соққы тогының анықтамасы. 
Жауап: 


4)
Жерге тұйықталған және жерленбеген бейтарапты желілердегі қысқа 
тұйықталу түрлері. 
Жауап: 
Қысқаша тұйықталу түрлері
бірфазалық 

екіфазалық 

екіфазалық жерге 

үшфазалық 
5)
Қысқа тұйықталу токтарын шектеу әдістері. 
Қысқа тұйықталу тогын шектеу – токты шектеу қондырғылардың 
мақсатын орындау кезінде тораптардың нормалды режім кезіне әсері көп 
болмау қажет және режім параметрлерінің және сұлбаны өзгерткен кездегі 
тұрақты мінездемесі болу қажет. 
Токты шектеу реакторлары - әртүрлі конструктивтік атқарушылар мен 
параметрлерден тұруы мүмкін. 
Сәйкес тізбекті желіге қосылған сызықты мінездемелі реакторлар, қысқа 
тұйықталу тогын шектейді және қосылу түйініндегі қалдық кернеу 
деңгейінің өсуін қамтамасыз етеді. Бірақ оларда нормалды режімінде активті 
және реактивті қуаттар жоғалады, сонымен қатар қуаттың төмендеуі және 
шығыны пайда болады 
6)
Қысқа тұйықталуларды есептеу түрлері. 
Электр қондырғыларды жобалау және эксплуатациялауда сонымен 
қатар жүйедегі көптеген техникалық сұрақтар мен есептеулер жүргізгенде, 
электрмагниттік өтпелі процесіндегі қысқа тұйықталуды есептеу ерекше 
орын алады. 


 Электр магниттік өтпелі процесінде токтар мен кернеулерді есептеу 
қалыпты жағдайда жүреді. 
Қысқа тұйықталу токын есептеу мыналар үшін қажет: 
1) апаттық режім кезінде тұтынушылардың жұмыс шартын анықтау
2) электр динамикалық және термиялық тұрақтылығына байланысты 
аппараттар мен өткізгіштіктерді таңдау; 
3) релелік қорғаныстың және автоматиканың жобалануы мен 
құрылымы; 
4) электрлік байланысу сұлбасын таңдау және оған баға беру; 
5) қорғаныс құрылғыларын тексеру және жобалау; 
6) электр беріліс желісінің байланыс желісіне әсерін анықтау; 
7) жерге тұйықталу бейтарабының санын және олардың электр 
станциясында орналасуын анықтау; 
8) апатты анализдеу. 
Есепті шешу ерекшелігі өтпелі процесс кезінде эксплуатациялаудағы нақты 
шарттарды білу қажет. Жобалау кезінде көп жағдайда жуық шамамен 
тоқталады. Сол себепті ең бастысы үлкен дәлдікті талап ету. 
Қорытынды: 
Біз бұл зертханалық жұмыста қуат көзі шексіз желідегі үш фазалы 
қысқа тұйықталуды зерттедік. Қысқа тұйықталу өтпелі режиміндегі электр 
тогының физикалық шамаларын анықтадық. 

Document Outline

  • Бақылау сұрақтары
  • Қысқаша тұйықталу түрлері
  • бірфазалық


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет