Алаштың сөнбес жұлдызы



Pdf көрінісі
Дата12.01.2024
өлшемі198.82 Kb.
#488938
Мақала



Алаштың сөнбес жұлдызы 
Тәуелсіз даму жолына түсіп, жол таппай адасып жүрген 
халыққа сүйеу болу үшін қазақ әдебиеті мен оның өкілдері Алаш 
қозғалысын тудырды. Осындай игі істің алдыңғы қатарында 
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы, 
Жақып Ақбаевтар тұрса, Халел Досмұхамедұлы, Халел Ғаббасұлы, 
Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Смағұл 
Садуақасұлы, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұстафа 
Шоқай сынды ұлт жанашырлары жалғастырды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Алаш» қозғалысының 
көрнекті тұлғаларының қызметі мен мұрасы ерекше қарқынмен 
зерттеле бастады. Қазақ халқының саяси көшбасшысы Әлихан 
Бөкейхан, ұлттың рухани көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы, 
табанды күрескер Мұстафа Шоқай, дауылпаз ақын Міржақып 
Дулатұлы, жыр жүрегі Мағжан Жұмабаев және т.б. қайраткерлер 
туралы ауқымды да танымдық еңбектер жарияланды. 
Қазақ халқының тарихында тәуелсіздік ұғымы әрқашан да 
биік тұрған. Өз елінің тәуелсіз болуын аңсаған тарихи 
тұлғаларымыз да кем болмады. Олардың қатарында Алаш 
қайраткерлерінің орны ерекше екені белгілі. Осындай орны ерекше, 
Алаштың сөнбес жұлдызының бірі – Мағжан Жұмабаев.
Мағжан Жұмабаев – тамаша қазақ жазушысы, ақын, 
публицист, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы. Оның 
өлеңдеріне, 
поэмаларына, 
әңгімелеріне 
халық 
алдындағы 
жауапкершілік сезімін танытатын қайшыласқан трагизм тән.
Жұмабаевтың шығармашылық жолының бірінші кезеңі 1910 
жылдан 1917 жылдың ақпанын қамтиды.
Поэзиядағы алғашқы қадамдарынан бастап Мағжан өзіндік 
ерекше дарындылығын танытады. «Шолпан» өлеңдер жинағы оны 
кең танымал етті (1912ж.). Шығармашылығының екінші кезеңінде 
(1917-1924) 
Жұмабаев 
журналистикамен 
айналысады, 
ағартушылықта жұмыс істейді, 1922 жылы «Педагогика» еңбегін 
шығарады. Бұл кітаптың жарық көргеніне биыл 100 жыл. 
Ақын алғашқы өлеңінен бастап әлеуметтік тақырып, 
ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанған. Ол 
Абай Құнанбайұлын пір тұтқан. 
Ол аударма жұмысына да көңіл бөліп, осы арқылы халқына 
ағартушылық жұмыстарын жүргізсем деп ойлаған. Гете, 
Лермонтов, Горький сынды ақын-жазушылардың шығармаларын 


қазақ тіліне аударған. Максим Горькийден аударған «Сұңқар 
жыры» мен Дмитрий Мамин-Сибиряктан тәржімалаған «Ақбоз ат» 
Мәскеуден кітап болып шықты. 
Жұмабаев өмірінің қауырт және шығармашылық жағынан 
жемісті кезеңі 1923 жылы Ташкентке қоныс аударуымен 
байланысты. Атақты «Батыр Баян» поэмасы, Түркістан мен Сыр 
циклдары, Ақан сері, Бұхар жырау, Әубәкір Диваев туралы 
мақалалары осында жазылады. Мағжан «Ақ жол» газетінде, 
«Шолпан» журналында қызмет істейді.
Ташкентте, 
сондай-ақ 
Қазанда 
1922-23 
жылдары 
Жұмабаевтың екі өлеңдер жинағы жарыққа шығады, онда оның 
дарындылығы ерекше көрінеді. Мағжан Орта Азия мен Қазақстан 
аймағында Шығыс пен Батыс халықтарының рухани дамуының екі 
ағынын алғаш қосқан ақындарға жатады. Ол тек күйзеліске 
жинақталуға, образды символмен ауыстыруға тырысты. 
Жұмабаев – сыршыл лирика шебері. Ол махаббат сыйын 
бақыт пен қуаныш жәннаты ретінде қадір тұтады. Ол құмарлықты, 
оның жарқ етуі мен қарқынды ағынын суреттейді. Оның «Менің 
тілегім», «Мені де өлім әлдиле», «Сүйемін», «Әй, Сәрсембай» 
өлеңдері қазақ поэзиясының алтын қорын құрайды. Мағжан өзінің 
символистігі арқылы, осы ағынның басқа өкілдері сияқты, 
әдебиеттің дамуына зор үлес қосты. 
Жас ақынның тұңғыш жинағынан бастап, 1912 жылдан бері 
Мағжанның әрбір өлеңі, әрбір жинағы елеусіз қалмаған екен. 
Тарихта әр сөзі ескерусіз қалмаған, досын сүйіндіріп, дұшпанын 
күйіндірген мұндай ақындар сирек. 
Негізі, Мағжан Жұмабаев 1912 жылдан бастап қуғынға 
ұшырады. Сөйтіп өмірінің соңына дейін қуғын-сүргін құрбаны 
болды.
1929 жылы Мағжан Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым 
құрды деген айыппен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 
жылға Карелияға айдалып кетеді. Жаза мерзімі жеті жылға 
кемітіліп, 1936 жылы Отанына оралды.
Алайда 1937 жылдың желтоқсанында қайта тұтқындалып, 
1938 ақпанында халық жауы ретінде атылып кетті. 
Профессор Зарқын Сыздықұлы өзінің «Мағжантану 
мәселелері» 
атты 
зерттеу 
еңбегінде 
атап 
өткендей: 
«Мағжантанудың ұзақ көшінің басында алаш көсемі Әлихан 
Бөкейхан тұрғанын айту парыз». 


1913 жылы Әлихан Бөкейхан: «Осындай ақыны бар, бір жерде 
тізе қосып отырған бес миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады», - 
деп тебіреніп жазған болатын. 
Ел тарихы, әдебиеті мен мәдениетінің тарихында «Қазақ» 
газетінің орны ерекше. Мұхтар Әуезов айтқандай: «Қазақтың 
еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, елін 
ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның 
салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» 
газеті болатын».
Міне, осы газетке Мағжан өзінің көп өлеңдерін жариялаған
баспасөз арқылы халқына қызмет еткен.
«Мен жастарға сенемін» деген тақырыппен көпке тараған 
өсиет өлеңнің 1918 жылы Қызылжарда шығып тұрған, қазақтың 
жастар баспасөзінің тұңғышы «Жас азамат» газетінің бірінші 
санында, бірінші бетте басылғанын да атап өтуге болады. Ақынның 
«Жастарға!» деген өлеңі сол замандағы қазақ жастарының ел-жұрт 
алдындағы тарихи міндетін көрсетіп берген бағдарлама десе 
болғандай. 
XX ғacыpдың бacындaғы caяcи қaйpaткep –
Смағұл 
Садуақасов айтып, ел аузында қанатты сөзге айналған: «Мағжан - 
қазақ жастары ой-санасының әміршісі» деген бағаның түп-тамыры, 
осы бір отты-жалынды өлеңде жатыр десек қателеспейміз.
Мағжан тіліне, халқына, жеріне деген сүйіспеншілігін 
білдіретін нағыз ұлтшыл болды. Мағжан да, алаштың басқа да 
көсемдері өздерінің ұлтшыл екендігін жасырған жоқ. Ахмет 
Байтұрсынұлы айтқандай: «Құл болған халықтан туып, құлдықтың 
қорлық-зорлығын көріп отырып, қазақ қалам қайраткерлері 
қаламын ұлтының ауырын жеңілдету, ауруын азайту жолына 
жұмсамасқа мүмкін емес».
Мағжан өз халқының ел болып, еркін дамуын аңсады. Оның 
шығармаларының сара тақырыбы - қазақ ұлтының мүддесі, 
жырлағаны - қазақ мұңы. Ол бұл тақырыпты жырлап қана қойған 
жоқ, бүкіл дарыны мен өнерін салып сол тәуелсіздік үшін күресті. 
Туған халқының бостандыққа шығу жолын көрсетеді. Сол үшін 
мерт болды. «Оян қазақ!» деп жар салған ұстазы Міржақып 
Дулатовқа үн қосты.
Мағжан Жұмабаевтың мол мұрасы Қазақстанның тәуелсіздік 
жылдарында ғана жұртшылыққа жария етілді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет