Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/41
Дата07.02.2024
өлшемі1.76 Mb.
#491126
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
AutoCAD--курс лекц



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 
Д. Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК 
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Сәулет теориясы және инженерлік графика» кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
З.А. Есполова 
 
 
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА 
 
AutoCAD бойынша дәрістер конспектісі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өскемен 
2009


МАЗМҰНЫ 
Кіріспе ................................................................................................................... 4
1 AutoCAD графикалық жүйесі ........................................................................ 5
 
2 AutoCAD-пен танысу ................................................................................. .... 8
 
 3 AutoCAD жүйесінде жұмыс істеу тәртібі және реті .................................. 22
 
 4 AutoCAD-тың базалық-графикалық объектілері ....................................... 30
 
 5 AutoCAD-та өлшемдер қою.......................................................................... 46
 
 6 Мәтін жасау .................................................................................................... 64
 7 Сызбаны ұйымдастыру құралдары .............................................................. 74
 8 Редакциялаудың базалық инструменттері .................................................. 84
9 Редакциялау инструменттерінің кеңейтілген жиыны ............................... 95
10 Блоктар және атрибуттар ...... ......... .Ошибка! Закладка не определена.
11 Изометриялық сызбалар............................................................................128 
12 Сызбаларды қағазға басып шығару.......................................................... 138 
Әдебиеттер тізімі………………………………………………………….... 160 


КІРІСПЕ 
Қазіргі кезде геометриялық модельдеудің көптеген графикалық 
редакторлары 
мен 
бағдарламалары 
бар. 
Autodesk 
компаниясы 
– 
конструкторлар, дизайнерлер, архитекторлар үшін автоматты жобалау және 
бағдарламалық қамту жүйелерін өндірушілердің жетекшілерінің бірі болып 
табылады. Осы компания жасаған AutoCAD жүйесі әлемдегі автоматты 
жобалау жүйелерін бағдарламамен қамту платформасы болып табылады.
AutoCAD бір жағынан, қуаты және икемділігімен сипатталады, ал екінші 
жағынан - ең жоғарғы өнімділікте асқан дәлдікпен жұмыс атқара 
алатындығымен сипатталады. Бұл толығымен кеңейтуге болатын, кез келген 
жағдайға бейімделе алатын жүйені барлық салаларда қолдануға болады. Оның 
көмегімен сәулет және құрылыс саласында, машинажасауда, геодезия және 
тағы басқа салаларда әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі екіөлшемді және 
үшөлшемді жобалар жасалады. AutoCAD-та де-факто мәліметтерді сақтау 
форматы жобалық құжаттарды сақтаудың және тасымалдаудың халықаралық 
стандарты болып танылған.
AutoCAD 2007 бағдарламасы жобалық құжаттарды құрауды, шығаруды 
қарапайым және тиімді етеді. Тіліктер мен жазық түрлерді жасаудың жаңа 
функцияларын қолдана отырып, сапалы құжаттар жиынын тез арада алуға 
болады.
Сіздер жасайсыздар, зерттейсіздер, басқарасыздар немесе өзара қарым-
қатынасты жолға қоясыздар, ал AutoCAD сіздің уақытыңызды, бюджетіңізді 
үнемдейді, қателіктер жіберуді болдырмайды.
Дәрістер циклы AutoCAD графикалық пакетінің Autodesk фирмасының
2007 нөмірлі жаңа нұсқасын үйренуге арналған оқу құралы ретінде жазылған. 
AutoCAD жүйесі еліміздегі электронды түрде жасалатын графикалық 
құжаттардың ауқымды бөлігін шығаруда қолданылады.
Бұл оқу құралы автоматты геометриялық модельдеу тәсілдері және 
компьютерлік технологиялармен таныс емес, бірақ AutoCAD бағдарламасымен 
танысуды мақсат еткен пайдаланушыға арналған. Бағдарламаны кеңірек оқып-
үйрену үшін керемет тренинг-жүйемен жабдықталған компакт-дискілері бар 
кітаптарды қолдану ұсынылады. 


1 AutoCAD ГРАФИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 
Инженерлік және компьютерлік графика инженерлік қызмет аясында сызба, 
кеңістіктік модельдер, көрнекі кескіндер, схемалар және тағы да басқа 
графикалық модельдерді қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды 
қолдану арқылы салуды қарастырады 
 
Жалпы мәліметтер 
 
АЖЖ-нің артықшылықтары
 
AutoCAD жайлы негізгі мәліметтер
 
AutoCAD примитивтері 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет