Тегін саяхаттауға болатын



Pdf көрінісі
Дата01.03.2024
өлшемі3.25 Mb.
#493799
Турцияда тегін саяхаттауға болатын 10 жер compressed (1)



2023
Турцияда
тегін саяхаттауға болатын
10 жер
1. Сүлеймание мешіті
Сұлтан Сүлеймен сериалын сүйіпкөрушілер бұл жермен таныс. Бұл 
мешітке көтерілу қиынға соққанымен Босфор мен қаланың сұлулығын 
тамашалай аласыз.
Кіру тегін. Егер жай ғана көруге барсаңыз Туристтерге намаз уақытында 
бармауға кеңес беріледі. Себебі мұсылмандар құлшылық жасайды.
2. Үскідар
Егер қаланың Азиядағы бөлігін тамашалағыңыз келсе, Үскідарға баруға 
кеңес береміз. Табиғаты тамаша Үскідарда серуендеу, пароммен саяхаттау, 
жағажайдан Кыз күлесі (Қыз мұнарасын) тамашалау ерекше әсер береді.
3. Галата мұнарасы
Бұл әлеуметтік желіде ғашықтардың суретке түсетін жері ретінде танымал. 
Кемаль мен Ниханның түскен ғашықтық суреті Галатаның символы 
іспеттес. Галатаға көтерілу шамамен жүз лира, бірақ ол ақшаға керемет 
көрініске тап боласыз дей алмаймын. Себебі қаланың әдемі көрінісін басқа 
да тегін жерлерден тамашалай аласыз.
4. Сұлтанахмет алаңы
Алаңның екі бұрышында екі тарихи жер бар. Олар АйяСофия және Көк 
мешіт. Бұл екі жерге келмеу Ыстанбұлға келмегенге тең. Бұл жерде тегін 
қалалық вайфай бар. Мешіттерге кіру тегін.
5. Арнавуткей
Түркияның СанФранцискосы десек қателеспейміз. Себебі бұл аудан әдемі 
үйлер мен гүлдерге толы. Бұл ауданда тарихи жерлерді емес, Босфор 
жағалауын, яхтаға көріністі тамашалауға болады. Және инстаграм желісіне 
Пинтерестегідей фотолар жасасаңыз болады
6. Долмабахче сарайы
Бұл сарайға келгенде европалық патша сияқты сезінуіңіз мүмкін. Себебі 
сарай дизайны байлық пен әдемілікті сипаттайды. Тіпті кіреберістегі 
қақпасы көздің жауын алады. 
7. Ыстанбұл бұғазы
Бұғаз Ыстанбұлдың жаны сияқты. Бұғаз бойымен паромға отырып, ыстық 
түрік шайы мен симит жеу, қалған симитпен шағалаларды тамақтандыру 
Ыстанбұлдың естен кетпес вайбы. 
8. Эминөнү алаңы
Бұл алаңға келіп жай ғана жергілікті халықтың атмосферасын сезіну қажет.
9. Севен хилс қонақ үйі және рестораны
Ыстанбұлға деген ең әдемі көріністі тамашалайтын терасса. Локум мен 
түрік кофесін ішіп, Ыстанбұлға ғашық болуға болады.
10. Бүйүк ада
Егер туристтердің шуынан шаршасаңыз, қаладан жиырма бес км жердегі 
аралға келіңіз. Ең үлкені Бүйүк ада. ХХ ғасырда бұл жерлерде тек бай 
адамдар мекен еткен. Сондықтан әдемі виллалар көп. Бұл жерде 
велосипедпен қыдырған қолайлы
Мапс.ми 
қолданған қолайлы
Maps me
!


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет