1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі



Pdf көрінісі
бет1/59
Дата13.03.2024
өлшемі3.08 Mb.
#495349
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
РК химия



1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі
түсініктері. Жүйелер: оқшауланған, жабық, ашық. Үдерістер: изохорлық,
изобарлық, изотермиялық.
Химиялық термодинамика - химиялық энергияның басқа түргевавтаиа яғни электрлі,
жылу, механикалық, беттік энергияларға айналу заңдылықтарын зерттейтін ғылым
Химиялық жүйе - қоршаған ортадан шартты немесе шартсыз түрде бөлініп алынған
өзара əрекеттесуші дене немесе денелер жиынтығы
Оқшауланған жүйе - қоршаған ортамен энергиясымен де массасымен де алмаспайды
-
бүкіл əлем
-
термостағы мұз
Жабық жүйе - қоршаған ортамен энергиясымен алмасады, массасымен алмаспайды
-
жер шары
-
суыған тас
-
ампуладағы дəрі
Ашық жүйе - қоршаған ортамен энергиясымен де массасымен де алмасады
-
адамзат
-
өсімдік
-
жасуша
-
беті ашық ерітінді
Термодинамикалық процесс - жүйенің бір күйден еінші күйге өту барысындағы осы
жүйені сипаттайтын кез келген параметрдің қайтымды не қайтымсыз өзгерісі
-
изотермиялық T=0
-
изобаралық p=0
-
изохоралық V=0
-
изобаралық-изотермиялық p=const, T=const
-
изохоралық-изотермиясық V=const, T=const
2.Ішкі энергия. Жылу жəне жұмыс – энергия берілуінің екі формасы.
Термодинамиканың
бірінші заңы. Термодинамиканың бірінші заңын əртүрлі үдерістерге қолдану.
Энтальпия
Термодинамиканың бірінші бастамасының эквивалентті
тұжырымдамалары:
Энергия жоқтан пайда болмайды жəне жоғалып кетпейді, тек қана
бір түрден екінші түрге эквивалентті мөлшерде ауысып отырады.
Оқшауланған жүйеде ішкі энергия тұрақты (∆U = 0).
Жүйеге берілетін жылу (Q) жүйенің ішкі энергиясын (∆U) ұлғайтуға
жəне сыртқы ортаға қарсы жүмыс істеуге жұмсалады.
Термодинамиканың бірінші бастамасының математикалық
өрнегі:
Q = ∆U + A
Qv = ∆U (изохоралық процесс)
Qp = ∆H (изобаралық процесс)
Ішкі энергия (U) – жүйенің жалпы энергия қоры, жүйе бөлшектерінің
өзара əрекеттесуі мен қозғалыстарының барлық түрін, атап айтқанда:
молекулалардың, атомдардың, иондардың, электрондардың,
протондардың үдемелі, тербелмелі жəне айналмалы энергиялардың
қосындысын;


бөлшектердің өзара тартылу-тебісу (электромагниттік,
гравитациялық ж.т.б..) күштерін;
энергияның тағы да басқа болуы мүмкін түрлерінің қосындысын
құрайды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет