ЖОБА
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына арналған «Қазақ әдебиеті»
пәні бойынша қалыптастырушы
бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру
және өткізуге көмек
құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сыныптың (қазақ тіліндегі) «Қазақ
әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша қалыптастырушы бағалау
тапсырмалары мұғалімге
білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына, ойлау дағдыларының
деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша қалыптастырушы бағалауға
арналған критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Тапсырмалар
ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік
ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне және басқа да мүдделі
тұлғаларға арналған.
2