Ибб сессия нжгадс



Pdf көрінісі
бет1/35
Дата29.05.2024
өлшемі4.15 Mb.
#502067
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
ИББ СЕССИЯ НЖГАДС



1
1
1
“Инклюзивті оқыту” терминін түсіндіріп жазыңыз.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы
білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.
Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі 8
бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы
бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
жағдайын қалыптастырады. Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең
құқығын анықтайды жəне ұжым іс-əрекетіне қатысуға, адамдармен
қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп,
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін
жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім
беру жүйесінде дəстүрлі түрде қалыптасқан жəне даму үстіндегі
формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт
арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал
етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім
беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке,
қайырымдылыққа тəрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту
үрдісі балаларды толеранттылыққа тəрбиелеудің бастауы болмақ.
Жаңа түсіндірме бойынша «инклюзивті білім беру» - бұл ерекше білім
беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық
білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін
процесс. Аталған анықтама жалпы білім беретін мектеп жағдайында
барлық балаларды оқыту үшін оңтайлырақ тəсіл ретінде халықаралық
қауымдастықпен танылған білім берудегі инклюзияның мəнін ашады. Бұл
жағдайда инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдар ерекше
білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды қамтуды, соның ішінде
мигрант, оралман балалар, сондай-ақ қоғамға əлеуметтік бейімделуі қиын
балалар сияқты басқа да санаттағы білім алушыларға сапалы білім
берудің тең қолжетімділігін қамтамасыз етуді кеңейтуі мүмкін.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық
балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте жəне мектеп
өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен
Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына
2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді. Сонымен, инклюзивті білім
беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш
түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы
мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі
балалардың ақаулық типтеріне сəйкес арнаулы білім беру бағытындағы
оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық
ерекшеліктерін
есепке
ала
отырып
əзірленетін оқытудың жеке
бағдарламасы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет