Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация


Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата02.10.2023
өлшемі392.97 Kb.
#479464
түріПрезентация
1   2   3   4
Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация (1)

Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның
даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-
мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, «...бұл
міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат
құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал, оны елдің Туын, Елтаңбасын,
Әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. 
Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге келді.
Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес.
Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты.
Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992
жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР
Мемлекеттік әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің
мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі тұс - бірлік пен
ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке
символына айналған.
Қазақ этномәдениеттіндегі
коммуникациялық бастаулар және
олардың рәміздік таңбалық нысандары


Этностық шоғырланушы коммуникациялар қашанда ортақ рәміздер мен дүниетанымдық ұстанымдар арқылы тұтастанатыны
белгілі. Алайда бұл бірігу рулық мүдделер шеңберінен көп жағдайда шыға алмады. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті дәуіріндегі адам
мен дүние қарым-қатынастары туралы тікелей әдебиет болмағанымен, осы мәселенің кейбір жақтары Қ.Ш.Нұрланованың,
Е.Тұрсыновтың, Б.Байжігітовтың, Н.Шаханованың, Г. Шалабаеваның, Ә.Хасеновтың, Ш.Ыбыраевтың, Б.Ғ. Нұржановтың, Ж.Ж.
Молдабековтың, Т.Х. Ғабитовтың, Г. Нұрышеваның, С.Е. Нұрмұратовтың және тағы басқа зерттеушілердің ғылыми нәтижелерінде
XV ғасырдың екінші бөлігінде Қазақ хандығында басталған коммуникациялық мәдени өзгерістері, олардың рәміздік суреттемелері
зерделенген.
Қазақтың дәстүрлі коммуникациясының негізгі модель-үлгісіне тіршілік хронологиясы жатады
және ол өзінің рәміздік көп мағыналығымен көзге түседі. Белгілі философ Ю. Хабермас
индивидуалдық коммуникацияның әр мәдениеттегі деңгейін анықтау үшін оның мынандай
қасиеттеріне назар аудару қажет деген: а) жеке адамдардың қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігі: ә)
өзіндік меннің бар болуы және оған сүйену; б) моральдық жауапкершіліктің болуы. Осы жағдайда
индивидуалдық дискурс жүре алады7
Қазақ хандық дәуіріндегі ақын-жырауларда жеке-даралық дискурстың жоғары деңгейде
болғанына мынандай дәлелдер келтіруге болады. Қазақ даласындағы әлеуметтік
коммуникациядағы ерекше этносоциологиялық сана мен әлеуметтік бірлік мәдениеті үрдісінің
қалыптасуын білдіреді. Адамның адамзат тарихы қалыптасқаннан бергі тарихын оның рухани
болмыс-бітімінің үздіксіз ашылу үдерісі деп қарастыруға болады. Адамзат тарихы адамның өз
шығармашылық қасиеттерін көрсетуі арқылы, көзқарастары мен ойлары, жасаған образдары және
дүниетанымымен ерекшеленеді.


Қолданылған
әдебиеттер мен
ресурстар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет