Сөзжасамның
жеке
сала
ретінде
танылуының
басты белгісі оның негізгі
ұғымдарының болуы. Сөзжасам жүйесі
атаудың қалыптасуын, мағыналық даму
жолын, жасалу амал-тәсілдерін зерделейді.
Осы
тұрғыда
оның
өзіндік
ішкі
заңдылықтарын белгілейтін басты ұғымдары
қалыптасқан.
Сөзжасамның
теориялық мәселелерін
айқындау жалаң қалыпта емес, кешенді
жүйеде қарастырылуы қажет.
Сөзжасамның жүйелілігі
оның кешенді
бірліктерінің болуымен байланысты.
Кез келген тілдік бірлік белгілі бір мағынаға ие. Тілде мағынасыз бірлік өмір сүре
алмайды. Сөзжасамдық мағына – сөзжасам процесінде
пайда болатын туынды
мағына. Сөзжасамдық мағынаны өзге мағына түрлерінен алғаш бөліп көрсеткен
ғалым- проф. Н.Оралбаева.
Сөзжасамдық мағына – себепші негіздер мен сөзжасамдық тұлғалардың бірігуі не
қосарлануы, тіркесуі, жалғануы негізінде уәжделіп жасалатын ерекше туынды мағына
болып табылады.
Сөзжасамдық үлгі дегеніміз – туынды сөздердің құрамындағы бір тұлғаның ортақ
болуы арқылы қалыптасқан екіншілік мағыналы туынды сөздер. Яғни бір
сөзжасамдық үлгі негізінде туынды атау пайда болады. Мысалы: себепші тұлғаға –
шы,-ші сөз тудырушы
тұлғаның жалғануы арқылы, кісінің мамандығына, қызметіне
қатысты атаулар туындай алады: малшы, биші, күйші, оқушы, оқытушы, тігінші, күйші
т.б.
Сөзжасамның кешенді бірліктері
Сөзжасамдық тізбек. Бір түбірден тараған, бірінен
соң бірі тікелей туындайтын,
біріне – бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек деп
аталады. Мысалы, бас – басшы – басшылық – басшылықсыз; Ора – орам,
орамды, орамдылық; Шап – шапқы, шапқын, шапқыншы, шапқыншылық..
Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық
ұядағы негіздеуші сөз бен
негізделетін сөздің қатысы. Яғни сөзжасамдық жұпқа екі ғана мүше қатысады.
Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы.
Сөзжасамдық жұпқеа енетен сөздердің ішкі мағыналық құрылымы мен
тұлғалық жағында ортақ белгілер болады. Мысалы: синтетикалық тәсіл арқылы
жасалған жұптар: бал-балшы, балшы-балшылық т.б.
Сөзжасамдық тарам бір түбірден не негізден тараған туынды сөздердің тік
бағыттағы мағыналық жиынтығы. Сөзжасамдық
тарам жалпы тіл білімінде
«парадигма» термині арқылы белгілі. Парадигма сөзі грек тілінен енген, сөзбе-
сөз аударғанда үлгі деген мағынаны бере алады.